«Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған ААЖ «Күнделік» цифрлық сауаттылық және кәсіби жұмыс негіздері» курсын тек kundelik.kz жүйесінде қызметкерлер ретінде тіркелген мұғалімдер ғана өте алады.
Курс бетіне өтудің бірнеше жолы бар:
- Сілтеме бойынша: https://cert.kundelik.kz/.
- «Бағларламалар» бөлімі арқылы бағдарламалар тізімінде.
- Компанияның әлеуметтік желілерінде.
Курс бетіне өткеннен кейін сайттың тілін (қаз / рус) таңдап, «Курстарды қарау» батырмасын басу қажет.
Әрі қарай, тақырып бойынша қолжетімді курстардың тізімі бар бет ашылады:
Тестілеуге қалай өтуге болады?
Курсты оқып болған соң, алған білімдерін тексеру және сертификат алу үшін тестілеуден өту ұсынылады.
Тестілеуге өту үшін курс бетіндегі «Білімді тексеру» соңғы блогын таңдап, «Тест тапсырыңыз» батырмасына басу қажет:
Шарттары бар бет ашылады:
Тестілеуден өту шарттары: - Өту балы - 60%-дан жоғары - Тестілеуді өткізу уақыты - 40 минут (егер уақыты аяқталса, жүйе жауаптардың күшін жояды) - Сұрақтар саны - 25 - Барлық сұрақтарға жауап беру қажет- Жауаптардың түрі - 4, олардың тек 1 ғана дұрыс (тінтуірдің көмегімен сол жақ батырманы басу арқылы жауапты таңдаңыз, содан кейін жауаптардың бірін таңдағаннан кейін «Жауап беру» батырмасына басыңыз. Барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін «Аяқтау» батырмасына басыңыз) * Егер өту балын жинай алмасаңыз, онда сізге тестті қайта тапсыру мүмкіндігі қолжетімді болады |
Сертификат алу шарттары: - Сертификатты өту балын алғаннан кейін ғана алуға болады - Сертификат ақылы, құны 2500 теңге - Тестілеуден сәтті өткеннен кейін «Сертификатты алу» батырмасын басу қажет. - Төлеу online режимінде төлем жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады - Егер төлем сәтті өтсе, сертификатты жүктеу үшін терезесі ашылады * Тестілеуден өткеннен кейін төлемді кейінірек жасауға болады. Ол үшін сізге Kundelik Lessons-тың «Менің сертификаттарым» бөліміне кіріп, «Сертификатты алу» батырмасын басу қажет. |
Егер сіз Kundelik Lessons-қа бұрын кірмеген болсаңыз, онда авторизация терезесі ашылады, сол жерде «Войти через Kundelik.kz / Kundelik.kz арқылы кіру» батырмасын басу қажет.
Kundelik Lessons-қа кіргеннен кейін, оқыған курс бойынша тесті бар бет ашылады:
Сертификатты қалай алуға болады?
Егер тестілеу нәтижелері бойынша дұрыс жауаптардың 60% - дан астамы таңдалса, сертификатты алу батырмасы бар терезе ашылады.
Сертификаттың көрнекі нұсқасында қызметкердің kundelik.kz-тегідей көрсетіледі аты-жөні, сондай-ақ, сертификат нөмірі, компанияның бас директорының қолы мен мөрі.
Сертификатты жүктеп алу үшін «Сертификатты алу / Получить сертификат» батырмасына басу қажет.
Төлем нысаны бар бет ашылады, онда төлем жасау үшін банк картасының деректерін енгізу қажет. Сертификаттың құны - 2500 теңге.
Төлем жасалғаннан кейін, дайын сертификат Kundelik Lessons-та «Менің сертификаттарым» бөлімінде қолжетімді болады.
Назар аударыңыз! Сертификатты сатып алмай-ақ тесттен бірнеше рет өтуге болады, ол үшін төлем формасын жабу жеткілікті.
Егер курс аяқталған болса, бірден тестілеуден өтудің қажеті жоқ, бұл шараны басқа уақытқа қалдыруға болады.
Comments
Please sign in to leave a comment.