Күнделіктегі бағалардың жоғалуына бірнеше себебі болуы мүмкін:
Бірінші себеп: Қандай да бір себеппен (мүмкін қате салдарынан), ата-ананың парақшасы бір де бір мектепке тіркелмегендігін түсіндіреді. Яғни, мектептен шығарылғандығын айтады. Бұл жағдайда ата-ана парақшасында «Балалар» қойындысы болмайды.
Екінші себеп: Оқушы бір мектептен екінші мектепке ауысқан кезде жаңа мектеп қызметкерлері ата-ана мен оқушыға жаңа парақша тіркеуі мүмкін. Ата-ана оқушының бұрынғы мектебінде жасалған аккаунтқа кіргендіктен білім туралы ақпаратты көрмейді. Бұл жағдайда ата-ана парақшасында «Балалар» қойындысы болмайды.
Білім беру ұйымына тіркелген ата-ана парақшасы («Балалар» қойындысы бар):
Ешбір білім беру ұйымына тіркелмеген ата-ана парақшасы («Балалар» қойындысы жоқ):
Оқушы мен ата-ана парақшаларын мектепке тіркеу - білім беру ұйымының қызметкерлері ғана жүзеге асырады.
Шешім: Екі жағдайда да ата-анаға өзінің деректерін (пайдаланушы атымен құпиясөзі) дұрыстығын тексеру үшін сынып жетекшісіне немесе мектеп әкімшілігіне хабарласу ұсынылады. Мектепке кіру ақпараты ата-ана пайдаланатын мәліметтермен сәйкес келуі керек.
Ата-ананың өтініші бойынша ата-ананың ескі парақшасына балалардың жаңа парақшалары тіркелуі мүмкін. Ата-анаға барлық қолжетімді пайдаланушы атымен құпиясөздерді есте сақтаудың қажеті жоқ.
Үшінші себеп: Оқушы басқа мектепке ауысты және бұрынғы мектепте алған бағаларына қол жеткізу мүмкін емес. Жаңа мектепке ауысқан кезде оқушының бұрынғы мектептен алған бағасы күнделікте көрсетілмейді. Ата-ана мен оқушы парақшалары бұрын тіркелген мектептің мүшелігінің жоқтығына байланысты.
Мектеп бағалары – бұл журналға оқушының мектептегі үлгерімі туралы енгізілетін мәліметтер, олар тек журналда сақталады.
Электрондық журнал, мектеп журналы сияқты, мектеп қызметкерлері қол жеткізе алатын жеке ресми құжат болып табылады. Оқушылар мен ата-аналар бұл құжаттарға тек мектеп әкімшілігіне немесе сынып жетекшісіне жүгіну арқылы қол жеткізе алады.
Шешімі: өткен жылдардағы бағаларды бірнеше жолмен білуге болады:
- Ақпаратты алу үшін бұрын тіркелген мектеп әкімшілігіне хабарласу.
- Алдыңғы мектептегі оқушының үлгерім табеліне назад аудару.
- Қолдау қызметіне сұрау жіберу. Қолдау көрсету қызметкерлері ата-анадан барлық қажетті деректерді алғаннан кейін оқушының бағаларын жүктей алады.
Өткен оқу жылдарындағы бағаларды алу үшін ата-ананың мектепте жеке түрде болуының қажеті жоқ. Сұраныс онлайн режимінде жасалуы мүмкін, бірақ ата-ананың жеке басын растау шартымен.
Төртінші себеп: Мектеп әкімшісі немесе пән-мұғалімі журналдағы бағаларды әдейі немесе байқаусызда өшірді.
Бесінші себеп: Мектеп әкімшісі кестені, кестеге сабатарды кездейсоқ немесе әдейі жойған.
Сабақ кестесін жойылған кезде сабаққа қатысты барлық деректер жойылады: сабақ туралы жалпы ақпарат, бағалар, қатысу белгілері, үй тапсырмасы және пікірлер.
Шешімі: білім беру ұйымының қызметкерлеріне жүгіну.
Баға жойылғаны туралы ақпарат мектептің барлық қызметкерлеріне қолжетімді «Өзгертулер тарихы: Журнал» есебі арқылы бақылауға болады. Таңдалған кезең бойынша белгілі бір сынып журналымен орындалған барлық әрекеттер жазылады: белгілерді қою, өзгерту және жою (сабаққа қатысу, бағалар және ескертулер) күні, уақыты және журналды өңдеген пайдаланушының толық аты-жөні көрсетіледі.
Есеп анық болу үшін есептің әрбір жолы түрлі түске боялған:
- жасыл – баға туралы ақпарат қосылды;
- сары – ақпарат өзгертілді;
- қызыл – ақпарат жойылды.
Кестенің жойылғанын осы есеп арқылы бақылауға болады. Ол үшін сынып жетекшісі немесе мектеп әкімшісі келесі параметрлерді көрсетуі қажет:
- сынап
- пән
- кезеңдер жолында «Қорытындылар»
Жоғарыдағы мысалдан бұл қызметкер кестені кездейсоқ немесе әдейі жойғаны шығады.
Есептің көрінуі деңгейі әкімшіге - барлық сыныптар бойынша қолжетімді, сынып жетекшісіне – тек өз сыныбы бойынша, пән бойынша мұғалімге – тек өз пәні бойынша ақпарат қолжетімді.
Comments
Please sign in to leave a comment.