Kundelik.Lessons. Құрылған сабақтарды басқару және оқушыларға арналған тренажер, нәтижелерді тексеру және кері байланыс

Дайын сабақтарды қалай басқаруға болады? 

«Kundelik.Lessons» платформасының дайын сабақтары басты бетінің келесі қойындыларында орналасқан: 

  • «Каталог» - ашық түрде жалпыға қолжетімді тесттер тізімі; 
  • «Менің сабақтарым» - мұғалім жасаған сабақтар тізімі, олар тек авторға ғана қолжетімді; 
  • «Менің сыныптарым» - мұғалімнің оқушыларын тестілеу нәтижелерін тексеру қойындысы. 

Төменде «Kundelik.Lessons» платформасында сабақ карточкасын басқару жолдары берілген: 

Үй тапсырманы беру - сабақ кестесінде мұғалім тағайындалған сыныптар тізімі ашылады. Дайын үй тапсырманы беру нұсқаулығы келесі сілтемеде сипатталған: Қосымшаға кіру және дайын үй тапсырманы беру нұсқаулығы.

Онлайн - сабақты бастау және оған дайын сілтеме мен QR-кодты қалыптастыру. Онлайн сабақтың сілтемесімен келесі әрекеттерді жасауға болады:

  • алмасу буферіне көшіру;
  • Telegram желісіне сілтемені жіберу;
  • What's Up желісіне сілтемені жіберу;
  • QR-код көмегімен сканерлеу. 

Меңзерді үш нүктеге   АПАРҒАН кезде - қосымша іске қосу және өңдеу тақтасы ашылады:

  • сабақты бастау үшін - тапсырмалар тренажерін жобалау нұсқаларының бірін таңдау керек:
    • Қояндар - бастауыш сынып оқушылары үшін жарқын және қызықты дизайн.
    • Мессенджер - әрбір сұрақ пен жауап мессенджердегі хат алмасуына ұқсайды. Мобильді құрылғыларды пайданушыларына қолайлы. 
    • Классикалық - барлық сыныптар мен құрылғыларға жарамды стандартты дизайн.

Дизайнды басқан кезде, таңдалған жаттықтыруш сабақтың сұрақтарымен іске қосылады. 

Меңзерді үш нүктеге  БАСҚАН кезде - мұғалім сабақты каталогтан өз сабақтарының тізіміне көшіріп, қажет болған жағдайда өңдей алу үшін, «Көшіру» түймесі пайда болады. 

Сабақтарды іздеу және сүзу

 «Kundelik.Lessons» платформасының негізгі бетінде дайын сабақтар көрсетіледі, онда: 

  • сабақтарды оқыту тілі бойынша бөлу; 
  • ТЖБ / БЖБ; 
  • ҰБТ дайындық сұрақтары;
  • жай сабақтар. 

Тақырып және параллель бойынша кеңейтілген іздеуден бастауға болады: 

Сондай-ақ, іздеу жүйесі мен сүзгіні қолдана отырып, нақты сабақ табуға болады. Іздеу жолына сабақ атауының бірнеше арнаулы сөздерін енгізу жеткілікті, содан кейін осы тіркестермен барлық мүмкін нұсқалары шығады. 

Оқушыларға арналған тренажері

Каталогтан дайын сабақты таңдағаннан кейін немесе жаңа сабақты жасағаннан кейін жоғарыда аталған әдістерді қолдана отырып, тиісті дизайнда сынып оқушыларына беруге болады. 

Жаттығуға арналған сілтеме алған оқушылар «Kundelik.Lessons» платформасының Kundelik жүйесінің пайдаланушы аты мен құпиясөзі арқылы жүйеге кіреді.

Қояндар тренажері келесі түрде көрсетіледі: 

  • - тренажермен жұмыс істеу жөніндегі шағын нұсқаулыққа сілтеме; 
  • - платформамен сұрақтар немесе қателер туындаған жағдайда қолдау қызметіне жүгіну үшін чат; 
  • - сұрақтың жауабына файлды тіркеу түймесі, егжей-тегжейлі жауап немесе мәселенің шешімінің суреті қажет болғанда қолданылады; 
  • - сұраққа жауап жіберу; 
  • - тесттің теорисына өту сілтемесі. Егер тестке теория қосылмаса, бұл түйме көрінбейді. 
  • - сұрақ мәтінін ұлғайту / азайту.

Мессенджер жаттықтырушісі келесі түрде көрсетіледі: 

Классикалық тренажері келесі түрде көрсетіледі: 

Оқушылардың нәтижелерін қалай тексеруге болады? 

Оқушылардың нәтижелерін көру үшін, бастапқы бетте «Менің сыныптарым» қойындысына өтіп, сол жағынан сыныпты таңдау керек. Бұл панельде мұғалім сабақ өткізетін барлық сыныптар көрсетіледі (Kundelik-тегі кесте арқылы анықталады). 

Сынып таңдалғаннан кейін, үй тапсырмасы ретінде сыныпқа берілген барлық сабақтардың тізімі ашылады.

Оқушылардың жалпы нәтижесін % қатынасында көру үшін, сабақтың жанында орналасқан батырманы басу керек. 

батырмасына басып, нақты оқушының жауаптары ашылады:

Егер жауап мұғалімнің тексеруін қажет етсе, сұрақтың жанында келесі мәтін орналасады:

Тестілеу нәтижелерін тексеру кезінде мұғалім оқушының жауабын тексеріп, сұрақ астында орналасқан құралды қолдана отырып, сұраққа қолмен баға беруі керек: 

Өткізілген тестілеудің барлық нәтижелері анықталғаннан кейін бағалар kundelik.kz электронды журналында ФБ немесе ТЖБ / БЖБ ретінде қоюға болады. 

Кері байланыс

Платформаның жұмысы немесе ресурсқа қосылу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, платформаның Қолдау қызметіне хабарласу қажет.

Ол үшін экранның жоғарғы жағындағы  «» - «Көмек» түймесіне басып, өтініштің мәтінін енгізу қажет: 

Was this article helpful?
2 out of 3 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.