Kundelik.Lessons. Қосымшаға кіру және дайын үй тапсырманы беру нұсқаулығы

Қосымшаға қалай кіруге болады? 

Kundelik.Lessons қосымшасына кіру үшін, Kundelik жүйесінің пайдаланушы аты мен құпиясөзін қолдану керек немесе оған алдын-ала кіру керек.

Kundelik.Lessons қосымшасына бірнеше тәсілдермен кіруге болады:

  • сілтеме арқылы;
  • Kundelik жүйесіне кіріп, «Бағдарламалар» қойындысына басып, ашылған бетте «Kundelik.Lessons» қосымшасын таңдау; 

  • Күнтізбелік жоспарлауға өтіп, «Онлайн тапсырманы таңдау» батырмасына басып, «Kundelik.Lessons» қызметін таңдау керек: 

«Kundelik.Lessons» қызметіне келесі пайдаланушылар кіре алады: 

  • сабақ кестесінде мұғалім ретінде тағайындалған Kundelik сайтының қызметкерлері; 
  • мектепте тіркелген оқушылар;
  • мектепте тіркелген оқушылардың ата-аналары.

«Kundelik.Lessons» қызметінен дайын ҮТ беру нұсқаулығы

Kundelik.Lessons. қызметінің көмегімен Kundelik жүйесінде дайын сабақ құру және дайын үй тапсырмасын (әрі қарай -ҮТ) бекіту мүмкіндігі жүзеге асырылған.

Дайын сабақтардың тізімін ашу үшін негізгі панельдегі «Каталог» батырмасын басып, арнайы сүзгілерді таңдау керек:

  • пән; 
  • сынып; 
  • оқу тілі; 
  • сабақтың түрі: қарапаймым сабақ, БЖБ, ТЖБ, ҰБТ; 
  • қосу уақыты бойынша сұрыптау: жасалған күні бойынша, қаралым бойынша; 
  • сабақ тақырыбын іздеу жолына енгізу арқылы; 

Сабақ блогында көрсетілген сабақтың тақырыбын таңдағаннан кейін, қандай іс-әрекеттер жасау Керекті сабақ табылғаннан кейін, келесі іс-әрекеттерді жасауға болады: 

Жүйеге үй тапсырмасын беру.

«Үй тапсырмасын беру» батырмасы сабақтың безендіру типін таңдап, оны Kundelik.kz жүйесінің күнтізбелік жоспарлау парақшасындағы ҮТ тізіміне шығаруға мүмкіндік береді. Ол үшін «Үй тапсырмасын беру» батырмасын басып, содан кейін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1 - Қадам. ҮТ беру үшін сыныпты таңдау. Мұғалім қызметке күнтізбелік жоспарлау арқылы емес, тек дайын сілтеме арқылы өткен кезде ғана осы қадам ашылады.

Егер мұғалім қызметте сыныпты алдын-ала таңдаса, онда бірінші қадам автоматты түрде өткізіліп жіберіледі.

2 - Қадам. Сабақтың безендіру түрін (дизайн) таңдау. Тізімнен сабақ дизайнының түрін таңдау керек:

Ескерту: «Мессенджер» дизайны, түстердің сүйемелдеуісіз және түрлі-түсті кейіпкерлерсіз стандартты сабақты білдіреді.

3 - Қадам. Қосымша функциялар. Осы қадамда, бұрын белгіленген ақпарат тіркеледі: тақырыптың атауы және оқушының ҮТ орындау мерзімі, және бұл мәліметтерді өңдеуге болады. Сонымен қатар, оқушыға берілген сұрақтар саны мен талпыныстардың, яғни әрекеттер санын өңдеуге болады.

«Үй тапсырмасын беру» батырмасын басқаннан кейін күнтізбелік жоспарлау бөлімінде осы үй тапсырмасына сілтеме пайда болады:

«Онлайн» батырмасы. 

Батырма сабаққа дайын сілтеме жасауға арналған. Мұғалім осы батырма көмегімен:

  • балалар сабақ үстінде бір уақытта сыналатындай етіп әлеуметтік желілерге дайын сілтемені жібере алады;
  • үйден жұмыс істеу үшін әлеуметтік желілерге сілтеме жібере алады.

«Іске қосу» батырмасы.

Тінтуір курсорын сабақ блогының үстіне апарған кезде көрсетіледі, мысалы, мұғалімге сұрақтар мен жауаптардың дұрыстығын тексеру үшін, дайын немесе құрастырылған сабақты бастауға (жүргізуге) мүмкіндік береді.

5.jpg

Was this article helpful?
63 out of 65 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.