«Күнделік» компаниясы педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы орталығы «USTAZ»-бен бірлесіп
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында біліктілікті арттыруға арналған онлайн курсты әзірледі.
Курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларының ресми тізіліміне енгізілген.
Курстың негізгі параметрлері:
Құны: 25 000 теңге.
Ұзақтығы: 80 академиялық сағат.
Оқыту форматы: толық онлайн, ыңғайлы қарқында.
Курсты қалай табуға және сатып алуға болады?
Курсқа өту үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
Kundelik.Lessons платформасына өту - https://lessons.kundelik.kz/;
сол жақ мәзірден «Курстар» бөлімін таңдау;
тізімнен қажетті курсты тауып, «Қарау» батырмасын басу;
курс сипаттамасымен танысып, «Сатып алу» батырмасын таңдау;
ашылған Kaspi QR-коды арқылы төлем жасау.
Төлем сәтті аяқталғаннан кейін курс автоматты түрде «Менің курстарым» бөлімінде көрсетіледі.
Оқуды бастау үшін «Менің курстарым» бөліміне өту қажет. Бұл бөлімде:
сатып алынған курс көрсетіледі;
курстың мазмұны қолжетімді болады.
Курс материалдары дәйекті түрде оқытылады. Келесі сабаққа қолжетімділік алдыңғы сабақ толық аяқталғаннан кейін ғана ашылады. Әр тақырыптан кейін меңгерілген материалды бекіту үшін шағын тестілеу қарастырылған.
Курстың барлық тақырыптары толық аяқталғаннан кейін «Сертификат алу» батырмасы қолжетімді болады.
Батырманы басқан кезде жүйе автоматты түрде Kundelik.Lessons қолдау қызметінің WhatsApp арнасына бағыттайды. Хабарламада келесі деректер автоматты түрде толтырылады:
курс атауы;
қызметкердің аты-жөні (Т.А.Ә.).
Өтінімдерді өңдеу мерзімі — 3 жұмыс күніне дейін.
Сертификат қолмен қалыптастырылады және қолдау қызметі қызметкерлері арқылы жіберіледі.
Сертификаттың түпнұсқалығын тексеру
Алынған сертификаттың түпнұсқалығын келесі тәртіппен тексеруге болады:
https://db.orleu-edu.kz/Certificate/VerifyCertificate сайтына өту;
-
келесі деректерді енгізу:
ЖСН;
сертификатта көрсетілген сертификат нөмірі (сертификатта қалай көрсетілсе, солай енгізіледі, мысалы: 001).
Маңызды!
Сертификат курсты толық аяқтағаннан кейін ғана беріледі.
Барлық тақырыптарды өтпейінше сертификат алу батырмасы қолжетімді болмайды.
Техникалық сұрақтар туындаған жағдайда Kundelik.Lessons платформасының қолдау қызметіне жүгінуге болады.
Comments
Please sign in to leave a comment.