«Күнделік» ЖШС және «USTAZ» педагогтерді үздіксіз кәсіби дамыту орталығы мұғалімдерді қолдау және олардың цифрлық құзыреттілігін дамыту мақсатында жаңа білім беру жобасын — «Білім берудегі жасанды интеллекттің маңыздылығы: педагогтер үшін кәсіби дағдыларды дамыту» онлайн-курсын іске қосты.
Курстың мақсаты — мұғалімдерге заманауи жасанды интеллект құралдарын меңгеруге және оларды оқу үдерісіне енгізуге көмектесу.

Неліктен бұл маңызды?
Жасанды интеллект (ЖИ) бүгінде бүкіл әлемде білім беруде белсенді қолданылып келеді:
интерактивті оқу материалдарын жасауға көмектеседі;
оқушылардың үлгерімін талдап, тиімді оқыту әдістерін ұсынады;
мұғалімге шығармашылық пен тәрбие жұмысына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді;
сабақтарды қызықты әрі тартымды етеді.
Бұл курс мұғалімдерге бұл технологияларды меңгеріп қана қоймай, оларды қауіпсіз, жауапты әрі тиімді қолдануды үйретеді.
Курстан не үйренесіз?
Білім мен тәжірибе: негізгі түсініктерден бастап заманауи ЖИ құралдарын (ChatGPT, GammaAI және т.б.) пайдалануға дейін.
Цифрлық педагог дағдылары: дербестендірілген оқыту, интерактивті сабақтар құру және геймификация.
Этика және қауіпсіздік: ықтимал қатерлерді түсіну және ЖИ-ді мектепте дұрыс қолдану.
Сертификат: мұғалімнің біліктілігін растайтын және кәсіби портфолиосын толықтыратын ресми құжат.
Курс толықтай онлайн форматта жүргізіледі, сондықтан оны ыңғайлы уақытта және өз қарқыныңызда өтуге болады.
Курсты қалай көруге болады?
Kundelik.kz сайтында «Бағдарламалар» бөлімінен «Курс по ИИ для педагогов» таңдау қажет немесе мына сілтеме арқылы өтуге болады: https://aicourse.kundelik.kz/kz.
Бейнесабақтар мен материалдарды көру үшін «Курсты қарау» батырмасын басу жеткілікті.
Курстан кейін «Тест тапсыру» батырмасы арқылы тест тапсыруға болады.
Сертификат алу үшін тесттен кемінде 60% жинау қажет.
Сертификатты қалай алуға болады?
«Білім беру процесінде жасанды интеллектпен жұмыс істеудің негіздері» курсын өту тегін, ал сертификатты алу ақылы болып табылады.
Сертификаттың бағасы – 25 000 тг. Бұл сертификат мұғалімнің аттестациядан өтуі барысында ескеріледі.
Тесттен сәтті өткеннен кейін сертификат беті автоматты түрде ашылады. Сертификатты алу үшін «Сертификатты алу» батырмасын басып, төлем жасауға болады:
kaspi.kz қосымшасы арқылы.
Төлем жасалғаннан кейін, Lessons.kundelik.kz платформасындағы «Менің сертификаттарым» бөлімінде сертификатты алу үшін өтініш беру формасын толтыру қажет.
Формада көрсетілген байланыс деректері арқылы мамандар өздері хабарласып, сертификатты жіберетін болады.
Бұл сертификация «Күнделік» ЖШС мамандары тарапынан әзірленген және компанияның қаражатымен жүзеге асырылған (мемлекеттік бюджет есебінен емес). Сол себепті сертификат ақылы түрде ұсынылады.
Сертификат алу туралы шешім әр мұғалімнің қалауына байланысты.
Жиі қойылатын сұрақтар
Төменде жиі қойылатын сұрақтар тізімі берілген:
Сұрақ |
Жауап |
| Жасанды интеллектпен жұмыс тәжірибесі болуы шарт па? | Жоқ. Курс ЖИ саласындағы білімі жоқтар үшін де, бастапқы тәжірибесі барлар үшін де ыңғайлы. Негіздерден басталып, біртіндеп күрделі тақырыптарға көшеді. |
| Курсты аяқтағаннан кейін материалдарға қол жеткізе аламын ба? | Иә, барлық материалдарға, соның ішінде бейнежазбаларға, презентацияларға және қосымша ресурстарға тұрақты қолжетімділік беріледі. |
| Курс барлық пән мұғалімдеріне арналған ба? | Иә. Курстағы әдістер мен құралдарды әртүрлі пәндерде және жас ерекшеліктеріне қарай қолдануға болады. |
| Тестілеуден қанша рет өтуге болады? | Шектеусіз. Білімді тексеру үшін де, сертификат алу үшін де қайта тапсыруға мүмкіндік бар. |
| Сертификатта аты-жөнім қате көрсетілсе не істеу керек? | Алдымен kundelik.kz жүйесіндегі деректердің дұрыстығын тексеріңіз. Қате болса, мектеп әкімшісінен түзетуін сұраңыз. Кейін «Күнделік» компаниясының қолдау қызметіне 8(775)-863-16-69 нөмірі арқылы хабарласыңыз. |
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қолдау қызметіне мына нөмір бойынша хабарласу қажет: 8(775)-863-16-69.
Comments
Please sign in to leave a comment.