«Білім сапасы» блогы

Бұл блок мектептерге де, Басқарушы ұйымға да мектеп немесе бүкіл аудан / облыс шеңберінде білім сапасын % анықтауға көмектеседі.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігі мен Басқарушы ұйымдар мектеп жұмысының жалпы көрінісін көре алады және таңдалған бағыт шеңберінде немесе бүкіл Қазақстан бойынша білім сапасын анықтай алады.

«Білім сапасы» блогы мынадай ақпаратты қамтиды:

  • көрсеткіштің атауы;
  • қажетті көрсеткішке қол жеткізген мектептердің %-ы  ;
  • талаптарды орындамаған мектептер саны .
  • таңдалған көрсеткіштің өзгеру динамикасының графигі ( басқан кезде).

Көрсеткіш - бұл мектептегі / аудандағы / облысты оқушылардың білім деңгейлерін көруге бағытталған және 100% орындалуды қажет ЕТПЕЙТІН ақпараттық блок.

Білім сапасы

«Білім сапасы» - бұл білім беру ұйымының қорытынды бағалары бар барлық оқушылар арасындағы жақсы және үздік оқушылардың үлесі.

  • Үздік оқушылар - бұл таңдалған сынып кезеңінде тек келесі қорытынды бағалары бар оқушылар: «5» және «ЕСП»;
  • Үлгерімі жақсы оқушылар - бұл сыныптың таңдалған есептік кезеңінде келесі қорытынды бағаларға ие оқушылар: «5», «ЕСП» немесе «4», кем дегенде бір «4» бағасы болған кезде;
  • Үлгерімі орташа оқушылар - бұл сыныптың таңдалған есептік кезеңінде кемінде бір «3» қорытынды бағасы бар және келесі қорытынды бағалары жоқ оқушылар: «2», «А/Ө» (аттестациядан өтпеді)», «УА/Ө» (уақытша аттестациядан өтпеді), «ЕСЖ» (есептелінген жоқ);
  • Үлгерімі төмен оқушылар - бұл сыныптың таңдалған есептік кезеңінде кем дегенде бір  «2», «А/Ө», «ЕСЖ» (есептелінген жоқ) қорытынды бағасы бар оқушылар.

Бағалау түрлері туралы толығырақ: Критериалды бағалау журналды толтыру бойынша нұсқаулық мақаласында сипатталған.

Көрсеткіштің рұқсат етілген шегі:

  • мектептер үшін кемінде 50%;
  • басқарушы мекемелер үшін кем дегенде 50%.

Ескертулер: көрсеткіш тек қана есептеледі, егер:

  • сынып баптауларында журнал түрі - жиынтық бағалау журналы;
  • сынып баптауларында есептік кезең түрі - «Тоқсан»;
  • 0 және 1 параллельде емес сыныптар үшін;
  • пән баптауларында есептердегі көріну деңгейі - «Көрсету».

«Білім сапасы» көрсеткішін есептеу формуласы

Көрсеткішті есептеу формуласы:

  • Білім сапасының % = (Nүз + Nү.ж.) / (Nбар - Nбос) * 100%.

мұндағы 

  •  
    • Nү.ж. - мектептегі үлгерімі орташа оқушылар саны («4», «5» және «ЕСП» мәндерімен қорытынды бағалары бар және «3» , «2» , «А/Ө», «УА/Ө» және «ЕСЖ» мәндерімен қорытынды бағалары жоқ»);
    • Nүз - мектептегі үздік оқушылар саны («5» және «ЕСП» мәндерімен барлық қорытынды бағалары бар және «4», «3», «2», «А/Ө», «УА/Ө» және «ЕСЖ» қорытынды бағалары жоқ);
    • Nбар - есепті кезеңнің соңындағы мектептегі оқушылар саны;
    • Nбос - барлық пәндер бойынша «БОС» немесе «О/Ж» бағалары бар оқушылар саны.

«Білім сапасы» мен «Үлгерім деңгейі» көрсеткіштерінің айырмашылығы, бірінші блокта қорытынды ұпайлары – «3», «2», «А/Ө (аттестациядан өтпеген)» және «ЕСЖ (есептелген жоқ)»- белгілері бар оқушылар ЕСКЕРІЛМЕЙДІ, ал екіншісінде ескеріледі.

Көрсеткішті қалыптастырудың негізгі ережелері

1. Блоктағы мәліметтер есеп беру аптасында белгіленген немесе өзгертілген қорытынды бағалар негізінде күн сайын жаңартылады.

  • мысалы, тоқсанның соңғы күнінің алдыңғы күні мұғалімдер мектептегі оқушылардың 50% -ына қорытынды бағаларын қойды - берілген бағалар бойынша мәліметтер «Білім сапасы» блогында көрсетіледі. Тоқсанның соңғы күні мұғалімдер оқушылардың 100% қорытынды бағаларын қойды - БАРЛЫҚ қорытынды бағалар бойынша мәліметтер «Білім сапасы» блогында көрсетіледі.

2. Әдепкі бойынша, ағымдағы тоқсан ішінде көрсеткіш өткен тоқсан туралы ақпаратты көрсетеді.

  • мысалы, барлық 2-тоқсан ішінде (06.11.2023-27.12.2023) «Білім сапасы» есебінде 1-тоқсан үшін қорытынды бағалар бойынша ақпарат көрсетіледі (01.09.2023-27.10.2023). Егер мұғалімдер 1-тоқсандағы оқушылардың қорытынды бағаларын өзгертсе, ақпарат әр жаңарту кезінде өзгеруі мүмкін.

3. Ағымдағы тоқсанның нәтижелері тоқсанның аяқталу күнінен екі күн бұрын белсенділікті бақылаудың жаңа жаңартуымен көрсетіле бастайды және келесі тоқсандағы деректерді жүктеу уақыты келгенде аяқталады.

  • мысалы, 1-тоқсанда (01.09.2023-27.10.2023) қойылған қорытынды бағалар үшін деректер 25.10.2023 түсірумен көрсетіле бастайды, яғни екі күн ішінде 1-тоқсан - 27.10.2023 аяқталады, сондықтан соңғы тоқсандағы деректер (25.10.2023) күні түсіріледі.

Көрсеткіштердің санаттары келесі кестеде көрсетілген:

Білім беру мекемесінің шеңберінде (Мектеп)

 
Басқару мекемесінің шеңберінде (Бөлім, Басқарма, ҚР ОАМ)
Көрсеткіштің атауы Төмен санат Орташа санат Жоғары санат Төмен санат Орташа санат Жоғары санат
Білім сапасы 0-29 30-49 50-100 0-29 30-49 50-100
Was this article helpful?
11 out of 13 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.