Критериалды бағалау журналды толтыру бойынша нұсқаулық

Критериалды бағалау – жиынтық және формативті бағалауды білдіреді.

  • Формативті бағалаусыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, оқушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Маңызды: формативті бағалау туралы толық ақпарат Формативті бағалау мақаласында сипатталған. 

  • Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі. Қойылған балл негізінде оқу кезеңі және жылдық бағалар бойынша автоматты түрде есептеледі.

Жиынтық бағалау журналын ашу үшін бір рет оқу жылдың басында сынып параметрлерінде «Журнал түрін» таңдау қажет. Жүйеде әр сыныпқа арналған журналды таңдау үшін журналдың екі түрі беріледі  «Журналдың классикалық түрі» және «Жиынтық бағалау журналы». Сынып қандай бағалау жүйесімен оқитын екеніне байланысты, сол журналын таңдау қажет.

 

 

Критериалды журнал келесі түрде көрсетіледі:

 

Ескерту: оқушылардың тегі және есімі журналда, жүйеде орнатылған тіліне қарамастан, қазақ тілінің ережесімен әліпби бойынша тұрады.

Жиынтық бағалау журналына:

  • Максималды балл - оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі; 
  • Бөлім бойынша әрбір жиынтық жұмысқа балл қойылады (БЖБ) – жиналған балл сомасы және оқу жетістіктеріне тиісті деңгейі.
  • Тоқсан бойынша жиынтық жұмысқа балл қойылады (ТЖБ) – сипаттамаға сәйкес жиналған балл сомасы.
  • Сабаққа қатысу туралы белгі.
  • Формативті бағалау - оқушының үлгерімін сипаттайтын мұғалімнің ағымдағы белгісі.

 

Жиынтық бағалау

Функционалдылық жұмыс істеу үшін журналда келесі ережелер сақталуы тиіс: 

  • сынып баптауларында журнал түрі - жиынтық бағалау журналы;
  • сынып ағымдағы оқу жылында (2020-2021) оқиды
  • пән баптауларында қорытынды аттестаттаудың түрі - жиынтық бағалау

w256h2561372777059Exclamation.pngЖиынтық бағалауды жүргізу үшін алдымен пән бойынша бағалаудың қалай жүргізілетінін анықтау қажет. Ақпаратты өзекті НҚА - дан алуға болады. 

Критериалды журналға өзгерістерді келесі қызметкерлер енгізе алады:

  • кестеде белгіленген мұғалім;
  • мектеп әкімшісі;
  • «ҮТ және бағалар» блогына толық қолжетімділігі бар редактор. 

 

Егер пән бойынша журналда жиынтық бағалау тоқсан сайын жүргізілсе:

  • журналдың жоғарғы жағында «Бағалау» батырмасы Тоқсандар жағына ауысады. 

  • БЖБ бағандарының қажетті саны және бір ТЖБ бағанын қосу қажет болады. Бағандарды қосу туралы толық ақпарат Динамикалық БЖБ және ТЖБ мақаласында сипаттаған. 

 

Егер пән бойынша журналда жиынтық бағалау жартыжыл сайын жүргізілсе:

  • журналдың жоғарғы жағында «Бағалау» батырмасы Жартыжыл жағына ауысады. 

  • егер пән бойынша жартыжылдың бірінші жартысында (бірінші тоқсанда) БЖБ өткізілсе, онда пән бойынша журналға бір БЖБ бағаны қосылады, ТЖБ бағаны қосылмайды. Бағандарды қосу туралы толық ақпарат Динамикалық БЖБ және ТЖБ мақаласында сипаттаған. 

Журнал түрін тоқсаннан жартыжылдыққа ауыстыру мүмкіндігі, журналда келесі жағдай болғанда ғана мүмкін болады:

  1. Бірде-бір ТЖБ бағаны қосылмаған; 
  2. Саны бірден көп БЖБ қосылмаған. 

Егер журналда бірнеше БЖБ бағаны және / немесе ТЖБ бағаны қосылса, журнал келесі қатені көрсетеді:

 

Егер пән бойынша жиынтық бағалау жүргізілмесе:

Мақаладағы нұсқаулыққа сәйкес іс-әрекеттерді орындау қажет: Жиынтық бағалаусыз жүргізілетін пәндер туралы (ЕСП, ЕСЖ, БОС)

w256h2561372777059Exclamation.pngЕгер оқу бағдарламасында бөлімдер аз болса (мысалы, 2 дана) – онда артық қалған 2 жиынтық жұмысына максималды балды көрсетпеуі жеткілікті болады.

Ескертулер:

  • Пайыздық көрсеткішін шығару үшін, баллды қойғаннан кейін браузер бетін «Ctrl+F5» комбинациясын басу арқылы жаңарту қажет.
  • Егер қойылған балды өзгерту/өшіру қажет болса, онда тінтуір меңзерін қолданып, қажетті ұяшықтағы балды өзгертіп/өшіріп, пернетақтада «Enter» батырмасын басу қажет. Егер қателік есебімен басқа бөлім толтырылып қойса, онда бірінші оқушыларға қойылған балдарды, сосын максималды баллды жою қажет. 

 

Есептік кезең бойынша қорытынды бағаны есептеу формуласы

Жиынтық бағалау бағалары математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша есептелінеді және үтірден кейінгі барлық сандар есепке алынады:

  • 43,11 = 43 
  • 43,31 = 43
  • 43,52 = 44
  • 43,81 = 44.

Ескерту: журналда үтірден кейін тек 1 сан ғана көрінеді.

2020-2021 оқу жылының басынан бастап №125 бұйрыққа (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінен) енгізілген өзгерістер шеңберінде тоқсандық бағаны есептеу формуласы:

  • Есептік кезең бойынша баға = (БЖБ (факт) сомасыФБ (факт) сомасыБЖБ (макс) сомасыФБ саны * 10 (макс)) * Р (ес.кезең шеңберінде) + (ТЖБ (факт) / ТЖБ (макс) ) * Р (ес.кезең қорытындысы бойынша); 

    • Р (ес.кезең шеңберінде) – есептік кезең ішінде қойылатын бағалардың салмағы; тоқсан бойынша бағалау кезінде = 50 %, жартыжыл бойынша бағалау кезінде = 100 %; 
    • Р (ес.кезең қорытындысы бойынша) – есептік кезең ішінде қойылатын бағалардың салмағы; тоқсан бойынша бағалау кезінде = 50 %, жартыжыл бойынша бағалау кезінде = 0 %;

Формативті бағалаудың ең жоғары балы (ФБ) - 10-ға тең.

Жиынтық бағалау балл сандары жинақталып, оқу кезеңінің соңында қорытынды бағаға және оқу жылының соңында жылдық бағаға ауыстырылады. Ол үшін келесідей шкала қолданылады:

 

Жиынтық бағалау (1 сынып)
Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны Бағалау көрсеткіші Баға
0-20% Қанағаттанарлықсыз «2»
21-50% Қанағаттанарлық «3»
51-80% Жақсы «4»
81-100% Өте жақсы «5»

 

Жиынтық бағалау (2-11 сынып)
Жиынтық бағалау балдарының пайыздық мазмұны Бағалау көрсеткіші Баға
0-39% Қанағаттанарлықсыз «2»
40-64% Қанағаттанарлық «3»
65-84% Жақсы «4»
85-100% Өте жақсы «5»

 

Комментарии

  • Avatar
    Динар Омарова

    Жақсы түсінікті нұсқаулық берілген бірақ жұмысты қосу деген жерде формативті бағалау деген қосылмаған оны қалай жазамыз

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Динар Омарова!

    Жоғарыда сипатталған мақалада, ФБ (Формативті бағалау) жұмысын қосу әдісі жазылған, "Формативті бағалау" тақырыбында. Үйрету бейнесі: https://www.youtube.com/watch?v=QSvbRFr2m_E

    Изменено: Алия Искандерова