Білім беру мекемесінің әкімшісі пайдаланушы аты мен құпиясөзді екі түрлі тәсілмен бере алады:
Нұсқа 1: Пайдаланушы аты мен құпиясөзді басып шығару
«Әкімшілік ету» бөлімінде, «Шақырулар» блогында сыныптың нөмірін (кодын) «Сынып» тармағында енгізіп, «Табу» батырмасына басу қажет.
Сыныптың кодын, сынып парақшасында көрсетілгендей атауын енгізу маңызды.
Әрі қарай барлық пайдаланушыларды құс белгісімен белгілеп, шақыруларды басып шығару қажет.
Нұсқа 2: Пайдаланушы аты мен құпиясөзді электрондық поштаға жіберу
Деректерді электрондық поштаға жіберу үшін:
- пайдаланушының деректерін өңдеу парақшасына өту;
- «Шақыру жіберу» сілтемесіне басу.
Пайдаланушы аты мен құпиясөз, пайдаланушының аты-жөні мен туылған күні негізінде, автоматты түрде құрылады. Тіркеу қадамдарын өткеннен кейін пайдаланушы деректерін өзгерте алады.
Comments
Қайырлы күн, madina Rahimazanova !
Электрондық поштаңызға хат жіберілді. Сіздің сұрауыңызды одан әрі өңдеу жеке хат алмасу барысында жүргізіледі.
Please sign in to leave a comment.