Пайдаланушы бір Білім беру ұйымынан екіншісіне ауысқан жағдайда, жаңа Білім беру ұйымы оны «Жүйеде бар пайдаланушы» ретінде өзіне қабылдауы тиіс.
Пайдаланушыны Білім беру ұйымына шақыру үшін, Әкімшіге келесі деректер қажет:
- kundelik.kz жүйесінде көрсетілгендей, ТАӘ;
- kundelik.kz пайдаланушы аты.
Осы деректерді алғаннан және мектеп жүйесіндегі нысанды толтырғаннан кейін, Әкімші пайдаланушының жеке парақшасына расталуы тиіс жалпы Білім беру ұйымына «Қосылуға арналған сұранысты» жібереді.
Ұйымға қосылуға арналған сұранысты растау үшін:
- kundelik.kz жүйесіне кіру;
- қалқымалы терезе ашылады, онда «Шақыруға өту» батырмасын басу;
- «Қауіпсіздік» қойындысы ашылады, онда сұранысты қабылдау/қабылдамау қажет.
Егер пайдаланушы шақыруды кездейсоқ жабса:
- парақша параметрлеріне өтіп (жоғарғы оң жақ бұрышында аты-жөніңізге басыңыз);
- «Парметрлер» деген екінші тармағын таңдап;
- «Қауіпсіздік» қойындысын басып;
- егер сұрауды растау қажет болса, «Ұйымға қолжетімділікті қамтамасыз ету» - «Растау» батырмасын басу керек, егер білім беру ұйымы пайдаланушыға таныс болмаса, яғни сұрау қате жіберілген жағдайда, «Қабылдамау» батырмасын басу қажет.
Ескерту: егер сұраныс қателіпен қабылданбаған болса, пайдаланушыға сұраныс қайта жіберілуі үшін, Білім беру ұйымының әкімшісіне жүгіну қажет.
Бұл функция пайдаланушыларды жүйеге қате қосу жағдайларын азайту, сондай-ақ оларды жеке деректерін жоғалтудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында іске асырылды.
Comments
Please sign in to leave a comment.