Сыныпты оқу топтарына қалай бөлуге болады?

Жүйеде жекелеген пәндерді, мысалы, ағылшын немесе дене шынықтыру пәндерін оқып-үйрену үшін сыныпты топтарға бөлу мүмкіндігі қарастырылған.

Ескерту: сыныпты топтарға сынып жетекшісі, «Сыныптар» блогына қолжетімділігі бар редактор және әкімші бөле алады.

Оқу тобын жасау және оны өңдеу жұмыстары сынып парақшасының өңдеуінде жасалады.

Оқу тобын жасау үшін: 

  • «Оқу топтары» қойындысына өту;
  • «Топты құру» батырмасын басу;
  • оқушыларды бөлу әдісін таңдау: 
    • «Қолмен» - сыныптың тізімінен оқушыларды оқу тобына қалыптастыру мектеп қызметкері қолмен жасайды;
    • «Ұлдар/Қыздар» - жыныстық белгісі бойынша оқушыларды оқу тобына бөліп шығу;
    • «Әліпби бойынша екі топқа» - әліпби бойынша автоматты түрде оқушылардың топтарға бөлінуі.
  • «Әрі қарай» батырмасын басу;
  • ашылған парақшада оқушыларды таңдау және бөлу жұмысын іске асырып немесе бұрын таңдалған бөлу әдісіне байланысты оқушыларды автоматты түрде бөлу нәтижелерін тексеріп шығу;
  • әрі қарай, қысқаша атауын енгізу (кестеде шығу үшін) және оқу топтарының толық атауын енгізу;
  • «Топты құру» батырмасын басу.

Барлық оқу топтары құрылғаннан кейін, «Шебер жұмысын аяқтау» батырмасын басу қажет болады.

Оқу топтарымен жұмыс жасау барысында, олардың толық және қысқаша атауларын және оқушылардың тізімін өзгертуге болады. Деректерді өңдеу үшін:

  • «Өңдеу» сілтемесіне басу;
  • қажетті деректерді өзгерту;  
  • «Сақтау» батырмасын басу.

Бұрыннан құрылған топқа оқушыны қосу

Оқушыны бұрыннан құрылған топқа қосу үшін:

  • оқу тобын ашу;
  • «Топта емес» тізімінен аты-жөнінің жанындағы құсбелгіні басу арқылы қажетті оқушыны таңдау;
  • «Топқа» батырмасын басу;
  • топқа «Мүшеліктің басталу күнін» көрсету;
  • «Сақтау»  батырмасын басу керек. 

Ескерту: «Топта» тізімінде оқушылардың аты-жөні жанында топқа мүшеліктің басталу күні жазылады. 

Оқушыны оқу тобынан шығару

Оқушыны оқу тобынан шығару үшін:
  • оқу тобын ашу;
  • «Топта» тізімінен аты-жөнінің жанындағы құсбелгіні басу арқылы қажетті оқушыны таңдау;
  • «Топтан» батырмасын басу;
  • топта «Мүшеліктің аяқталу күнін» көрсету;
  • «Сақтау»  батырмасын басу. 

Ескерту: «Топта емес» тізімінде оқушылардың аты-жөні жанында оқушылардың жанында топта болған мүшелігінің басталу және аяқталу күні жазылады. Егер бұл күнді mceclip3.png көмегімен жойсаңыз, оқушының топтағы мүшелігі де жойылады, бұл оқу тобындағы болғаны туралы ақпарат жойылады.

Was this article helpful?
3 out of 4 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Article is closed for comments.