Плагин (ағыл. plug-in, plug in «қосу») – негізгі бағдарламаға қосылатын және оның мүмкіндіктерін кеңейту үшін және/немесе қолдану үшін арналған, тәуелсіз құрылған бағдарламалық модуль.
Енді қолдауы жүзеге аспайтын орнатылған плагиндер, қауіпсіздік қатерінің туындау қауіпін арттырады. Плагиндерді жаңарту арқылы, компьютерге зиянды бағдарламалар мен вирустар енуі мүмкін. Ақпаратты берушілер, көп жағдайда браузер плагиндері пайдаланушының растауынсыз жаңартылып отыратынын пайдаланып, кезекті бір жаңартулар ретінде, зиянды әрекеттер тудыратын JavaScript-кодын орналастырады.
Ескерту: парақша беттерінде орынсыз сипаттағы ақпараттық баннерлер туындаса, браузерде орнатылған плагиндер жұмысының дұрыстығын келесі жолдармен тексеруді ұсынамыз:
- орнатылған плагиндерді кезекпен өшіріп және ақпарат пайда болған беттерді жаңарта отырып, қадағалау қажет.
- плагинді өшіргеннен кейін, беттегі орынсыз ақпарат кетсе, онда оны жою қажет немесе өшірулі күйінде қалдыру қажет.
Браузердегі плагиндерді өзекті күйде қолдану, Интернетте қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етуге көмектеседі.
Google Chrome браузерінде плагиндер тізімін тексеру
- браузер мәзірін ашып
, «Дополнительные инструменты»- «Расширения» бөлімін таңдау қажет:

- ашылған мәзірде браузер плагиндерін кезекпен өшіріп-қосу қажет. Плагинді өшіру/қосу үшін, плагин атауына қарама-қарсы тұрған
«қанат» белгісін алып тастау қажет; - плагинді жою қажет болған жағдайда «Удалить» белгішесіне басу қажет.
Yandex браузерінде плагиндер тізімін тексеру
- браузердің баптаулар мәзірін ашып
, «Дополнения» қойындысын таңдау қажет:

- ашылған бетте «Дополнения» мәзірін таңдау қажет;
- плагинді қосу/өшіру үшін
немесе
батырмасын басу қажет.

Firefox браузерінде плагиндер тізімін тексеру
- браузер мәзіріне кіріп
, «Дополнения» (Ctrl+Shitf+A) бөлімін таңдау қажет:

- ашылған мәзірде «Расширения» бөлімін таңдау қажет:
- плагинді өшіру үшін, плагин атауына қарама-қарсы тұрған «Отключить» батырмасын басу қажет. Плагинді жою қажет болған жағдайда плагин атауына қарама-қарсы «Удалить» батырмасын басу қажет.

Opera браузерінде плагиндер тізімін тексеру
- браузердің баптаулар мәзірін ашып
, «Расширения» - «Расширениями» (Ctrl+Shirf+E) қойындысын таңдау қажет:

- плагинді браузерден өшіру үшін, ашылған бетте «Отключить» батырмасын немесе жою үшін «Удалить расширение» батырмасын таңдау қажет.

Internet Explorer браузерінде плагиндер тізімін тексеру
- браузердің баптаулар бөліміне өтіп, «Настроить надстройки»
мәзірін таңдау қажет:

- «Панели инструментов и расширения» бөліміне өту;
- ашылған терезеде плагинді шертіп, терезенің төменгі бөлігінде «Отключить» батырмасына басу қажет:

- жою үшін, плагиннің атын тінтуірдің оң жақ батырмасымен шертіп, «Подробнее» мәзірін таңдайсыз, сосын «Удалить» батырмасын басу қажет.
Comments
Article is closed for comments.