Интернет пайдаланушыларына ыңғайлы болу үшін браузер функциялары үнемі жетілдірілуде. Алайда, браузер жақсы ғана емес, «қызығырақ» бола түсуде: олар іздеу сұрауларын, бағдарламаларды қолдану туралы мәліметтерді және басқада ақпараттарды өз әзірлеушілерінің серверіне жібереді. Қаралған сайттар, жүйеде қалып кеткен ақпараттармен әр түрлі куки-файлдар арқылы өзара ақпарат алмаса алады. Пайдаланушылардың белсенділігін бақылау мақсаты әртүрлі: браузердің ең белгілі функцияларынан бастап, ақпараттық қызметтерді шектеу және браузер қосымшаларын автоматты түрде жаңарту арқылы таралатын зиянды бағдарламаларға дейін статистикасын алады.
Бұл нұсқаулықта белгілі браузерлерде бақылау функциясын қалай өшіру керектігі жайлы сипатталған.
Google Chrome
Google Chrome браузерінде бақылау функциясын өшіру үшін:
- браузер мәзірін ашып «Настройки» бөлімін таңдау қажет:

- ашылған терезеден «Дополнительные» мәзірін таңдау қажет:

- «Конфиденциальность и безопасность» бөліміндегі «Отправлять запрет отслеживания с исходящим трафиком» бөліміне қарама-қарсы ұяшыққа «қанат» белгісін қою қажет:

- өзге әзірлеушілердің cookie файлдарын оқшаулау үшін (мысалы, ақпараттық баннерлер немесе қалқымалы терезелер), осы баптаулар терезесінде «Настройки контента» мәзірін таңдап. «Блокировать данные и файлы cookie сторонних сайтов» бөліміне қарама-қарсы «қанат» белгісін қою қажет:

Yandex
Yandex браузерінде бақылау функциясын өшіру үшін:
-
браузер баптауларының мәзіріне өтіп, «Настройки» бөліміне өту:

- ашылған терезеде, беттің астында «Показать дополнительные настройки» батырмасын басу:

- «Личные данные» мәзірдің ішіндегі, «Отправлять сайтам запрос «Do not Track»(«Не отслеживать»)» баптауына қарама-қарсы құс белгісін қою:

- өзге әзірлеушілердің cookie файлдарын оқшаулау үшін (мысалы, ақпараттық баннерлер немесе қалқымалы терезелер), осы баптаулар терезесінде «Настройки контента» мәзірін таңдаңыз. «Блокировать данные и файлы cookie сторонних сайтов» бөліміне қарама-қарсы құс белгісін қою қажет:

- баптауларды сақтау үшін «Готово» батырмасын басу қажет.
Mozilla Firefox
Mozilla Firefox браузерінде бақылау функциясын өшіру үшін:
- экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәзіріне кіріп
, «Настройки» бөлімін таңдау қажет:

- ашылған бетте «Приватность и Защита» қойындысын таңдап, «Защита от отслеживания» бөліміне құс белгісін қою қажет, «Всегда» блогында:

Opera
Opera браузерінде бақылау функциясын өшіру үшін:
- браузер мәзіріне өтіп
, «Настройки» (Alt+P) бөлімін таңдау қажет:

- «Безопасность» бөлімін таңдап, «Отправлять сайтам заголовок «Не отслеживать» баптауын көрсету қажет:

Internet Explorer
Internet Explorer браузерінде бақылау функциясын өшіру үшін:
- браузердің баптаулар бөліміне өтіп
, «Свойства браузера» мәзірін таңдау қажет:

- «Конфиденциальность» қойындысындағы жылжыманы «Блокировать все cookie» баптауына дейін көтеру қажет. Бұл баптау компьютерде cookie файлдарының сақталу мүмкіндігін жоғалтады.
Барлық cookie файлдарын оқшаулау, көптеген веб-сайттарға қолжеткізу мүмкіндігін шектейді. Internet Explorer құпиялылығының екі деңгейі неғұрлым қолайлы болуы мүмкін - Жоғары және Орташадан жоғары.

- баптауларды сақтау үшін «OK» батырмасын басу қажет;
- баптаулар мәзіріне өтіп
, «Безопасность» бөлімін таңдап, «Включить защиту от слежения» бөліміне өтесіз:

- ашылған терезеде «Ваш настроенный список» батырмасын басу;
- астындағы оң жағындағы бұрышта «Включить» батырмасын басу.

Comments
Article is closed for comments.