Kundelik.kz сайтында бейнемен (видео) жұмыс істеу

Жүйеде бейнемен жұмыс істеудің әртүрлі мүмкіндіктері бар:

  • жүктеу;
  • файл қоймасынан бейне сілтемесін қою.

Бұл функциялар қолдануға өте ыңғайлы және пайдаланушыларға қашықтықтан оқыту кезінде қарым-қатынас пен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Функционалды бейне-сабақтар, дәрістер және басқа да пайдалы ақпаратты қою үшін пайдалануға болады. Бейнені бекіту үшін файлдық сақтау немесе танымал бейне-хостингтерден бейне сілтемесін бекіту жеткілікті.

Kundelik.kz сайтындағы бейне-сабақтар тізімі:

Сонымен қатар, Жүйеде Youtube секілді танымал видео-хостингтерден бейнеге сілтемелер енгізу мүмкіндігі қарастырылған.

Сабақ парақшасында

Сабақ парақшасына өтудің бірнеше жолы бар:

Пән бойынша журнал арқылы. Сабақ парақшасына пән бойынша журналды ашып, сабақ күніне басу арқылы өтуге болады. 

Күнтізбелік жоспарлау. Сабақ парақшасына өту үшін күнтізбелік жоспарлауды ашып, сабақ күніне басу арқылы ашуға болады.

Сабақ сипаттамасына бейненің сілтемесін енгізу үшін келесі қадамдар жасау қажет.

1-қадам. Бейне-сабақтың сілтемесін көшіру. 

2-қадам. Сабақтың сипаттамасына бейненің сілтемесін қою. 

w256h2561372777059Exclamation.pngСілтеме сабақ сипаттамасында және оқушылар күнделіктерінде қолжетімді болады. Оны басу арқылы оқушы сабақпен таныса алады.

Үй тапсырмасының парақшасында 

Қашықтықтан оқыту кезеңінде материалды оқу және игеру үшін үй тапсырмасының (бұдан әрі - ҮТ) бетін пайдалана отырып, бейне-сабақтарға сілтемелер қосуға болады.

ҮТ берілгеннен кейін оқушылар ҮТ парақшасында бейне-сабақтарға сілтеме жасай алады. ҮТ және бағаларды көру туралы толық ақпаратты осында көруге болады.

Файлдармен жұмыс істеу нұсқаулығымен «Kundelik.kz файлдармен жұмыс істеу» мақаласында танысуға болады. 

Ескерту: егер-бейне хостингке жүктелмеген авторлық бейнені жүктеу қажет болса, файлдық сақтау орындарын пайдалану ұсынылады, мысалы: googledocs және mail.ru.

Was this article helpful?
1 out of 2 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.