Оқу жылы бойынша үлгерім есебі

ЖШС «Күнделік» компаниясы оқушылардың үлгерімі сапасының деректерін әділетті талдау мақсатында Белсенділік бақылауын Excel файлы түрінде тоқсандық есептерді жүктеу келесі ұйымдар үшін мүмкіндігін іске асырды:

  • Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту Министрлігі;
  • Облыстық және Республикалық маңызы бар қалалардың Білім Басқармасының ұйымдары, сондай-ақ әдістемелік орталықтар;
  • Білім бөлімдері; 
  • Білім беру ұйымдары (мектептер).

Жылдық есепті жүктеп алу – бұл мектеп оқушыларының оқу жылындағы үлгерімі туралы ақпарат жиналатын файл.

Сондай-ақ, жүктеп алу ақпараты пайдаланушының рөліне байланысты болады:

  1. мектеп қызметкері үшін – файлда мектеп бойынша ақпарат болады.
  2. білім бөлімінің қызметкері үшін – файлда аудан мектептері бойынша ақпарат болады.
  3. білім басқармасының қызметкері үшін – файлда облыстың барлық аудандарының мектептері бойынша ақпарат болады.
  4. ҚР ОАМ қызметкері үшін – файлда Белсенділікте бар еліміздегі барлық мектептер бойынша ақпарат болады.

Есепке осы шарттарға сәйкес келетін сыныптар кіреді:

  • критериалды бағалау журналы;
  • сыныптағы есептік кезеңде «Тоқсан» типі орнатылған;
  • жүктеп алудың соңында оқушылар сыныпта отырған болып есептеледі.

Есепті қалай алуға болады?

Деректерді жүктеп алу үшін Белсенділік бақылауы жүйесіне кіріп, «Есепті жүктеу» белгішесін басып, «2024-2025 оқу жылындағы үлгерім есебі» батырмасын басу қажет.

Жүктелген файл келесі ақпаратты қамтитын болады:

Бұдан:

  • сыныптар - мектептегі параллельдер тізімі;

параллель тек оқушылар санын есептеу кезінде ескеріледі. Есептің басқа көрсеткіштерін есептеу кезінде 1 параллель есепке алынбайды.

  • оқу жылы соңындағы оқушылар саны – әр параллельдегі оқушылар саны. Жүктеп алу кезінде есепте мектепте және сыныпта белсенді мүшелегі бар оқушылар алынады.

  • үздік оқушы – барлық пәндерден «5»-ке үлгеретін оқушы. «4», «3», «2», «1», «А/Ө» және «ЕСЖ» бағаларын алмаған оқушы;

  • үлгерімі жақсы оқушы -  барлық пәндерден «4», «5» және «ЕСП»-ға үлгеретін оқушы және  «3», «2», «1», «А/Ө» и «ЕСЖ» бағаларын алмаған оқушы;

  • үлгерімі орташа оқушы - пән бойынша кемінде бір «3» бар және «2», «1», «А/Ө» и «ЕСЖ» бағаларын алмаған оқушы;

  • үлгерімі төмен оқушы - пән бойынша кемінде бір «2», «1», «А/Ө» и «ЕСЖ» бар оқушы;

  • сапа - (үздік оқушылар саны + үлгерімі жақсы оқушылар саны) / оқушылардың жалпы саны.

  • үлгерім % - (үздік оқушылар саны + үлгерімі жақсы оқушылар саны + үлгерімі қанағаттандырылған оқушылар саны) / сынып оқушылардың жалпы саны.

  • Жылдық бағалар саны - оқу жылы ішінде қойылған бағалардың жиынтық саны. Есептеу кезінде жыл ішіндегі бағалаудың кез келген түрлері ескеріледі («5», «4», «3», «2», «1», «А/Ө», «ЕСП», «ЕСЖ», «БОС», «О/Ж»).

  • Бағалары тек БОС, УА/А, О/Ж болып тұрған оқушылар саны - оқу жылы ішінде тек көрсетілген белгілер ғана қойылған оқушылардың саны.

  • Бағалары жоқ оқушылар - оқу жылы бойынша бірде-бір баға немесе белгі қойылмаған оқушылардың саны.

Сондай-ақ, есепте мектеп / аудан / облыс атауы көрсетіледі.

Ескертулер:

  1. А/Ө және УА/А - сыныптағы оқушылардың жалпы санында /пән бойынша/параллель/ білім деңгейі бойынша есепке алынады;
  2. «Есептердегі көріну деңгейі» = «Көрсету» белгіленген пәндер бойынша бағалар ғана ескеріледі.
  3. Есептегі барлық жылдық бағалар электрондық журналдағы «Қорытынды» бағанынан алынады, егер «Қорытынды» бағаны бос болса, деректер «Жыл» бағанынан алынады.

Есепті қалыптастырудың негізгі ережелері

Бұл блок күн сайын, есепті апта ішінде қойылған немесе өзгертілген қорытынды бағалар негізінде жаңартылады.

  • мысалы, төртінші тоқсанның соңғы күнің алдыңғы күніңде, мұғалімдер 50% мектеп оқушыларына қорытынды баға қойды - қойылған бағалар туралы мәліметтер файлдың ішінде пайда болады. Төртінші тоқсанның соңғы күні, мұғалімдер 100% мектеп оқушыларына қорытынды баға қойды - БАРЛЫҚ қорытынды бағалар үшін мәліметтер файлдың ішінде пайда болады.

Есеп 4-ші тоқсанның соңғы сенбісін қамтитын аптадағы белсенділікті бақылаудың жаңа жаңартуларымен көрсетіле бастайды және келесі оқу жылының 1 қыркүйегінен тұратын аптасына жаңартумен аяқталады.

Қажет болған жағдайда, алдыңғы оқу жылындағы деректерді, егер алдыңғы оқу жылының күнтізбесін ашып, ондағы деректер файлын жүктеу арқылы, Белсенділік бақылауы жүйесінен алуға болады.

Was this article helpful?
0 out of 0 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.