ЖШС «Күнделік» компаниясы оқушылардың үлгерімі сапасының деректерін әділетті талдау мақсатында Белсенділік бақылауын Excel файлы түрінде тоқсандық есептерді жүктеу келесі ұйымдар үшін мүмкіндігін іске асырды:
- Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігі;
- Облыстық және Республикалық маңызы бар қалалардың Білім басқармасының ұйымдары, сондай-ақ әдістемелік орталықтар;
- Білім бөлімдері;
- Білім беру ұйымдары (мектептер).
Тоқсандық есепті жүктеп алу – бұл таңдалған тоқсандағы мектеп оқушыларының үлгерімі туралы ақпаратты жинайтын файл.
Сондай-ақ, жүктеп алу ақпараты пайдаланушының рөліне байланысты болады:
- Мектеп қызметкері үшін – файлда мектеп бойынша ақпарат болады.
- Білім бөлімінің қызметкері үшін – файлда аудан мектептері бойынша ақпарат болады.
- Білім басқармасының қызметкері үшін – файлда облыстың барлық аудандарының мектептері бойынша ақпарат болады.
- ҚР ОАМ қызметкері үшін – файлда Белсенділікте бар еліміздегі барлық мектептер бойынша ақпарат болады.
Есепке осы шарттарға сәйкес келетін сыныптар кіреді:
- критериалды бағалау журналы;
- сыныптағы есептік кезеңде «Тоқсан» типі орнатылған.
Есепті қалай алуға болады?
Деректерді жүктеп алу үшін Белсенділік бақылауы жүйесіне кіріп, «Есепті жүктеу» белгішесін басып, «1 тоқсан бойынша үлгерім есебі» батырмасын басу қажет.
Жүктелген файл келесі ақпаратты қамтитын болады:
Бұдан:
- сыныптар - мектептегі параллельдер тізімі;
Параллель тек оқушылар санын есептеу кезінде ескеріледі. Есептің басқа көрсеткіштерін есептеу кезінде 1 параллель есепке алынбайды.
- 4-тоқсан соңындағы оқушылар саны (оқу жылы ішінде тоқсан өзгереді) – әр параллельдегі оқушылар саны. Жүктеп алу кезінде есепте мектепте және сыныпта белсенді мүшелегі бар оқушылар алынады.
- үздік оқушы – барлық пәндерден «5»-ке үлгеретін оқушы. «4», «3», «2», «1», «А/Ө» және «ЕСЖ» бағаларын алмаған оқушы;
- үлгерімі жақсы оқушы - барлық пәндерден «4», «5» және «ЕСП»-ға үлгеретін оқушы және «3», «2», «1», «А/Ө» и «ЕСЖ» бағаларын алмаған оқушы;
- үлгерімі орташа оқушы - пән бойынша кемінде бір «3» бар және «2», «1», «А/Ө» и «ЕСЖ» бағаларын алмаған оқушы;
- үлгерімі төмен оқушы - пән бойынша кемінде бір «2», «1», «А/Ө» и «ЕСЖ» бар оқушы;
- сапа % - (үздік оқушылар саны + үлгерімі жақсы оқушылар саны) / оқушылардың жалпы саны.
- үлгерім % - (үздік оқушылар саны + үлгерімі жақсы оқушылар саны + үлгерімі қанағаттандырылған оқушылар саны) / сынып оқушылардың жалпы саны;
бағалары тек БОС, УА/А, О/Ж болып тұрған оқушылар саны - тоқсан бойынша тек көрсетілген белгілер ғана қойылған оқушылардың саны;
бағалары жоқ оқушылар - тоқсан бойынша бірде-бір баға немесе белгі қойылмаған оқушылардың саны.
Сондай-ақ, есепте мектеп / аудан / облыс атауы көрсетіледі.
Ескертулер:
- А/Ө және УА/А - сыныптағы оқушылардың жалпы санында /пән бойынша/параллель/ білім деңгейі бойынша есепке алынады;
- «Есептердегі көріну деңгейі» = «Көрсету» белгіленген пәндер бойынша бағалар ғана ескеріледі.
Есепті қалыптастырудың негізгі ережелері
1. Блоктағы мәліметтер есеп беру аптасында белгіленген немесе өзгертілген қорытынды бағалар негізінде күн сайын жаңартылады.
- мысалы, тоқсанның соңғы күнінің алдыңғы күніңде мұғалімдер мектептегі оқушылардың 50% -ына қорытынды бағаларын қойды - берілген бағалар бойынша мәліметтер жүктелген файлда қойылған бағалардың деректері көрсетіледі. Тоқсанның соңғы күніңде мұғалімдер оқушылардың 100%-ына қорытынды баға қойды – жүктелген файлда қойылған БАРЛЫҚ қорытынды бағалардың деректері көрсетіледі.
2. Әдепкі бойынша, ағымдағы тоқсан ішінде көрсеткіш өткен тоқсан туралы ақпаратты көрсетеді.
3. Ағымдағы тоқсанның нәтижелері тоқсанның аяқталу күнінен екі күн бұрын белсенділікті бақылаудың жаңа жаңартуымен көрсетіле бастайды және келесі тоқсандағы деректерді жүктеу уақыты келгенде аяқталады.
- мысалы, 1-тоқсандағы (01.09.2023-27.10.2023) қорытынды бағалар үшін деректер 25.10.2023 мониторинг жаңартылуымен көрсетіле бастайды, яғни 1-тоқсан - 27.10.2023 күні аяқталады.
Қорытынды бағаларды қою бақылау жұмыстары жүргізілген және тексерілген сәттен бастап, ағымдағы тоқсан аяқталғаннан кейін өтетін демалыс күндерінің соңына дейін қойылады.
4. Қажет болған жағдайда, алдыңғы оқу жылындағы деректерді, егер алдыңғы оқу жылының күнтізбесін ашып, ондағы деректер файлын жүктеу арқылы, Белсенділік бақылауы жүйесінен алуға болады.
Comments
Please sign in to leave a comment.