Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің №472 бұйрығына сәйкес Kundelik жүйесінде мектепішілік бақылау жоспарының (МБЖ) цифрлық форматы іске асырылды. Аталған формат мектепішілік іс-шараларды жоспарлау, өткізу және есеп беру кезеңдерін жеңілдетеді, сонымен қатар, басқарушылық шешімдердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Мектепішілік бақылау — бұл білім беру үдерісінің сапасын бақылау және талдау үшін қолданылатын жүйелі құрал.
МБЖ бағыттары
МБЖ негізгі 8 бағытты қамтиды:
| І. Нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау |
| ІІ. Талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау |
| ІІI. Оқу процесінің сапасын бақылау |
| IV. Білімнің олқылықтарын толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бақылау |
| V. Оқу-зерттеу қызметі |
| VІ. Мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау |
| VІІ. Тәрбие үрдісінің процесін, өткізілген іс –шаралардың сапасын бақылау |
| VІІІ. Материалдық-техникалық базаның нығаюын бақылау |
Kundelik жүйесінде мектепішілік бақылау жоспарын жасау және өңдеу құқығы келесі тұлғаларға беріледі:
-
мектеп әкімшісі;
-
директор;
-
«Анықтамалықтар» блогына толық қолжетімділігі бар редактор;
-
МБЖ-ға жауапты қызметкер.
МБЖ-ға жауапты қызметкерді тағайындау
МБЖ-ға жауапты қызметкерді мектеп әкімшісі тағайындайды. Ол үшін келесі қадамдарды орындауы қажет:
- «Мектеп» → «Менің мектебім» бөлімінде «Адамдар» қойындысын ашу;
- қажетті қызметкерді табу;
- қызметкердің аты-жөнінің жанындағы «Өңдеу» батырмасын басу;
- «Қосымша құқықтар» бөлімінде «МБЖ-мен жұмыс» санатын құсбелгімен белгілеу және өзгерістерді сақтау.
МБЖ құру
Жүйеде МБЖ жоспарын құру үшін МБЖ-ға Жауапты маман келесі әрекеттерді орындау қажет:
- «Мектеп» → «Журналдар» бөліміне өту;
- «Мектепішілік бақылау жоспары» қойындысын басу;
- ашылған терезеден оқу жылын таңдау;
- толтыру үшін қажетті бағытты таңдау;
- «Бақылау тақырыбын қосу» батырмасын басу;
- әрі қарай, пайда болған бос өрістерді қолмен толтыру қажет;
- № р/р.
- Бақылау тақырыбы.
- Бақылау мақсаты.
- Бақылау объектісі.
- Бақылау түрі.
- Бақылау әдістері.
- Орындау мерзімдері - Басталу және аяқталу күндерінің арасында.
- Жауаптылар.
- Қарау орны.
- Басқарушылық шешім.
- Екінші бақылау.
- «Жауаптылар» өрісінде осы жоспар бойынша тағайындалған қызметкерді (немесе қызметкерлерді) таңдау қажет;
- әрі қарай, «Әрекеттер» өрісінде құсбелгіні таңдап, «Жариялау» батырмасын басу керек.
Қажет болған жағдайда, батырмасы арқылы құрылған жоспарды өңдеуге, жариялаудан алып тастауға немесе жоюға болады.
Берілген МБЖ жоспарды қарау
1-әдіс. Жоспар жарияланғаннан кейін мұғалімнің бастапқы бетіндегі МБЖ жоспары бойынша жаңа тапсырмалары бар карточка пайда болады:
2-әдіс. «Мектеп» бөлімінің басты бетінде пайдалы сілтемелер тізімінде «МБЖ іс-шаралары» жолы пайда болады. Осы батырманы басқанда, мұғалімге берілген барлық тапсырмаларды көруге болады.
Назар аударыңыз! Егер құрылған МБЖ жоспары жарияланбаса, орындаушыға тапсырма картасы және «МБЖ іс-шаралары» батырмасы көрсетілмейді.
МБЖ орындаушысының әрекеттері
Тағайындалған жоспармен танысу үшін оқу жылын таңдап, «Қарап шығу» батырмасын басу қажет.
Жоспар орындалғаннан кейін тағайындалған қызметкерге келесі әрекеттерді орындау қажет:
-
«Басқарушылық шешім» және «Қосымша сипаттама» өрістерін толтыру;
-
сурет, құжат немесе бейне сілтемесін тіркеуге болады;
-
«Есепті жіберу» батырмасын басу.
Есеп жіберілгеннен кейін іс-шараның «Есепті күтуде» күйінен «Орындалды» күйіне өзгереді.
Орындалған тапсырмаларды қалай қарау қажет?
Орындаушы тағайындалған тапсырманы орындағаннан кейін, жарияланған тапсырмаларды қарау кезінде МБЖ-ға жауапты қызметкердің «Орындау туралы есеп» өрісінде файл пайда болады. Файлды басу арқылы есеппен танысып, күйін «Орындалды» етіп өзгертіп, тапсырманы орындалған деп белгілеуге болады.
МБЖ жоспарының орындалу барысы Белсенділік бақылауында пайыздық көрсеткішпен бейнеленеді. Толық мәліметті сілтеме арқылы танысуға болады.
Comments
Please sign in to leave a comment.