Басқарушы ұйымда әкімші құқығын қалай тағайындауға болады?

Басқарушы ұйымның (БҰ) электрондық бейінін құру, толтыру және қалыптастыру «Әкімшілік ету» бөлімінен басталады.

Әкімші парақшасының деректері жоқ болған жағдайда кіруді қалпына келтіру үшін тиісті ақпаратты ұсына отырып, техникалық қолдау қызметіне хабарласуға болады.

Қолдау қызметімен байланыс деректері:

Ескерту: тек қана әкімші немесе редактор құқықтары бар қызметкерлерде «Әкімшілік» бөліміне кіру мүмкіндігі бар. 

Жаңа тұлғаны жасау

Егер әкімші құқықтары берілгелі жатқан пайдаланушы бұрын Жүйеде тіркелмеген болса, онда оны жаңа адам ретінде қосу қажет болады.

Жаңа тұлғаны жасау үшін:

  • басты мәзірдің көк жолағында тышқан курсорымен «Мектеп» пунктіне апарып,
    «Менің мектебім» пунктіне басу;
  • ашылған бетте экранның жоғарғы оң жағындағы «боранды кілт»  белгісіне басу.
  • «Адамдар» блогындағы «Жаңа адам» тармағын басу. Сондай-ақ, осы операцияға «Адамдар тізімі» тармағын және беттің жоғарғы оң жақ бұрышында «Жаңа тұлға жасау» сілтемесін басу арқылы өтуге болады;
  • қатысушыны қосу әдісін таңдау – «Жаңа тұлға»;
  •  «Әрі қарай» батырмасын басу;
  • ашылған бетте қажетті деректерді енгізу;
  •  «Әрі қарай» батырмасын басу;
  • енгізілген ақпаратты тексергеннен кейін «Жасау» бастырмасына немесе тағы бір жаңа адамды құру үшін «Жасау және тағы қосу» бастырмасына басу.

Ескерту: толтыруға арналған міндетті өрістер қалың қаріппен белгіленген.
Жаңа қатысушының деректерін енгізгеннен кейін жүйеде автоматты түрде тіркелуден өту
үшін қатысушы пайдаланатын бірегей пайдаланушы аты және бірінші кіру үшін уақытша
құпиясөз жасалады.

Әкімшілік құқықтарды тағайындау

Жаңа әкімшіні тағайындау үшін:

  • «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Адамдар тізімі» қойындысына басу.
  • іздеу жолын пайдаланып, құқықтар тағайындайтын қызметкерді табу;
  • аты-жөніне қарама-қарсы тұратын «қарындаш» суретіне басып, қызметкердің жеке деректерін өңдеу парақшасына өту; 
  • «Әкімшілік ету» блогында  «Жеке деректер» қойындысында беттің оң жақ төменгі бұрышында қызметкерге қажетті құқықтарды құс белгісімен белгілеу;
  • «Сақтау» батырмасына басу.

Назар аударыңыз! Әкімшілік құқықтар тіркеудің толық кезеңінен өткен қызметкерлерге, яғни сайтқа кіру үшін бастапқы деректерді пайдаланып кірген пайдаланушыға ғана берілуі мүмкін.

Әкімшілік құқықтарды алу

Егер қызметкер мектептің жалғыз қызметкері болса және оған әкімшілік құқықтарынан айырылу қажет жағдайда, басқа қызметкерге әкімші құқықтарын беріп, оған келесі қадамдарды жасау қажет:

  • жаңа әкімшіні тағайындау (жоғарыда көрсетілгендей);
  • жаңа құқықтарды игергеннен кейін залалды схемада көрсетілгендей жеке деректерді өңдеу парақшасына өтіп, «Әкімші» деген құс белгісін бұрынғы әкімшінің парақшасынан алып тастау қажет.
Was this article helpful?
0 out of 0 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.