Kundelik.Conference (ZOOM) қосымшасының көмегімен бейнесабақтарды жасау

Қосымшаны орнату бойынша қадамдық нұсқаулық

Қосымшаны орнатудың екі нұсқасы бар:

  • Zoom маркетплейсі арқылы орнату;
  • Kundelik-тен қосымшаға бірінші рет жүгінген кезде орнату.

Zoom маркетплейсі арқылы бағдарламаны орнату үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Zoom аккаунтына кіріп, Zoom App Marketplace-ке өтіңіз.
  2. Kundelik.kz қосымшасын табыңыз және қосымша парақшасына өтіңіз.
  3. «Install» батырмасын басыңыз. Аккаунт деректеріне қосымшаның қол жеткізуіне рұқсат сұрайтын арнайы бет ашылады.
  4. «Authtorize» батырмасын басу арқылы қосымшаға сіздің деректеріңізге қолжетімділік алу үшін рұқсат беріңіз. Қосымша Сіздің аккаунтыңызға қосылатын болады. Содан кейін Kundelik-ке қайта бағытталасыз және әрі қарай жүйеде жұмыс істей аласыз.

Kundelik-тен қосымшаға бірінші рет жүгінген кезде орнату үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  • Kundelik жүйесіне жеке деректеріңізбен кіріңіз;
  • «Күнтізбелік жоспарлау» бөліміне өтіп, қажетті сүзгі мәндерін орнатып, «Қарау» батырмасын басыңыз;
  • конференция құрғыңыз келетін сабақтың қарама-қарсы жағындағы «Онлайн бейнесабақты жоспарлау» сілтемесін нұқыңыз;
  • «Kundelik.Conference»-nы таңдаңыз;
  • Zoom аккаунтыңызға кіріңіз;
  • «Authtorize» батырмасын басу арқылы қосымшаға сіздің деректеріңізге қолжетімділік алу үшін рұқсат беріңіз.

Ақауларды түзету

Егер орнату барысында қиындықтар туындаса, сіз Kundelik.kz қолдау қызметінежаза аласыз - https://kundelik.zendesk.com/hc/ru/requests/new.

Қосымшаны қолдану

Қосымша Kundelik-те онлайн бейнесабақтарды жасау үшін қажет.

Қосымшаның функционалдығы тек Kundelik пайдаланушылары үшін қолжетімді және оны Kundelik-тен тыс пайдалану мүмкін емес.

Kundelik.Conference көмегімен онлайн режимінде бейнесабақтарды жасау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  • Kundelik жүйесіне жеке деректеріңізбен кіріңіз.
  • «Күнтізбелік жоспарлау» бөліміне өтіп, қажетті сүзгі мәндерін орнатып, «Қарау» батырмасын басыңыз. Kundelik таңдалған күнтізбелік жоспарды көрсетеді.

  • конференция құрғыңыз келетін сабақтың қарама-қарсы жағындағы «Онлайн бейнесабақты жоспарлау» сілтемесін нұқыңыз. Kundelik Жүйесі бейнеконференция қызметтері бар терезені көрсетеді.

  • «Kundelik.Conference»-nы таңдаңыз. Kundelik Zoom конференциясына сілтеме жасайды және оны сақтайды. Бейнесабаққа кіру сілтемесі сабақ парақшасында және күнтізбелік жоспарлауда көрсетіледі.

Қосымшаны жою

Өз аккаунтыңыздан қосымшаны жою үшін келесі іс-әрекеттерді орындаңыз:

  1. Zoom аккаунтына кіріп, Zoom App Marketplace-ке өтіңіз.
  2. «Manage» бөліміне өтіңіз.
  3. «Installed Apps» қойындысына өтіңіз.
  4. Kundelik.kz қосымшасының парақшасына өтіңіз.
  5. «Uninstall» батырмасын басыңыз.

Ақауларды түзету

Егер орнату барысында қиындықтар туындаса, сіз Kundelik.kz қолдау қызметінежаза аласыз - https://kundelik.zendesk.com/hc/ru/requests/new.

Байланыс деректері

Kundelik қолдау қызметі Сіздің сұрақтарыңызға 1-3 күн ішінде жауап береді.

Қолдау қызметі күн сайын сағат 9-дан 18-ге дейін (Нұр-сұлтан уақытымен) жұмыс істейді.

Сіз өз сұрағыңызды қоя аласыз::

Was this article helpful?
10 out of 13 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.