Жүйеде қатаң есептеліктегі құжаттарының нысандарын қалай басып шығаруға болады?

Жүйеде қатаң есептегі құжаттарға ЭЦҚ көмегімен қол қою мүмкіндігі бар. Танысу үшін сілтеме бойынша өту қажет: ЭЦҚ көмегімен жүйеде құжаттарға қалай қол қоюға болады?

1-11 (12) сынып журналы

Сынып журналын басып шығару үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «Мектеп»- «Журналдар» бөлімін ашу;
  • «Басып шығару» бөліміне өтіп, қажетті сыныпты таңдау;
  • «Толық жылға» басып шығару түрін таңдау;
  • «Журналды басып шығару» батырмасын басу.

1-11 (12) сыныптарға арналған сынып журналының басып шығару нұсқасы туралы толық ақпарат «Жалпы білім беретін ұйымның сынып журналының баспа нұсқасы» мақаласында сипатталған. 

Қосымша білім беру журналы (ҚББ)

Журналды басып шығару үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «ҚББ» - «Журналдар» бөлімін ашу.
  • журналды басып шығару керек бөлімнің атауына қарама-қарсы    белгішені басу.

 

Қосымша білім беруге арналған журналдың баспа нұсқасы туралы толық ақпарат «Қосымша білім беру журналының баспа нұсқасы» мақаласында сипатталған. 

Мектепалды сыныптар журналы

Журналды басып шығару үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «Мектеп»- «Журналдар» бөлімін ашу;
  • «Басып шығару» бөліміне өтіп, «0» параллельдегі сыныпты таңдау;
  • «Толық жылға» басып шығару түрін таңдау;
  • «Журналды басып шығару» батырмасын басу.

Мектепалды сыныптарға арналған журналдың баспа нұсқасы ашылады.

 

Мектепалды сыныптарға арналған журналдың баспа нұсқасы туралы толық ақпарат «Мектепалды сыныптарға арналған журналдың баспа нұсқасы» мақаласында сипатталған. 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды басып шығару үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «Мектеп» - «Журналдар» бөлімін ашу;
  • «Күнтізбелік жоспарлау» қойындысын таңдау;
  • тиісті параметрлерді таңдау: мұғалім, сынып, пән;
  • «Қарау» батырмасын басу арқылы күнтізбелік жоспарлауды құру;
  • «Басып шығару» батырмасын басу.

Басып шығаруға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау нысаны ашылады:

Оқушының жеке іс қағазы

Оқушының жеке іс қағазын басып шығару үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «Әкімшілік ету»- «Адамдар тізімі» бөлімін ашу;
  • іздеу жолағының көмегімен оқушыны тауып, оның аты-жөнін басу;
  • «Қарап шығу» қойындысында, жоғарғы оң жақ бұрышта принтер белгішесін басу.

Оқушының жеке іс қағазының баспа нысаны ашылады:

1-11 (12) сыныптардың үлгерім табелі

Оқушының үлгерім табелін басып шығару үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «Мектеп»- «Есептер» бөліміне өту;
  • «Үлгерімі»- «Оқушылар» есебін таңдау»;
  • келесі параметрлерді таңдау:
    • сынып;
    • «Барлық кезеңдер бойынша»;
    • оқушыны таңдау;
  • «Есепті құрастыру» батырмасының көмегімен есепті құрастыру;
  • «Басып шығару» батырмасына басу;

  • Ашылған терезеде келесі деректерді қолмен енгізу қажет:
    • табель нөмірі;
    • таңдау бойынша пәндер және бағалары;
    • педагогикалық кеңестің шешімі:
    • «Тәртібі» туралы шешім.

Барлық қажетті деректерді енгізгеннен кейін «Басып шығару» батырмасын басып, табель жаңа терезесінде ашылады. Жоғарғы оң жақ бұрышта белгішені басу қажет.

Есеп және үлгерім табелінің баспа нұсқасы туралы толық ақпарат «Үлгерімі: Оқушылар» есебі мақаласында сипатталған. 

Кітаптар

Келесі қатаң есептілік құжаттары жүйеде Excel файлдары ретінде орналасқан.

  • Орта білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы.
  • Бұйрықтарды тіркеу кітабы.
  • Мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабы.
  • Жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабы.
  • Негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабы.

Оларды ашу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «Мектеп» - «Есептер» бөліміне өту;
  • «Қатаң есептіліктегі құжаттардың нысандары» батырмасын басу;

 

 

Бұл құжаттардың тізімі жүйеден жүктелетін және қолмен толтырылатындай етіп жүзеге асырылған.

Алфавиттік кітап

Алфавиттік кітапты басып шығару үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «Мектеп» - «Есептер» бөліміне өту;
  • «Оқушылардың ауысуы» - «Келгендер» есебін таңдау;
  • «Алфавиттік кітапты басып шығару» батырмасын басу;

 

Алфавиттік кітаптың баспа нысаны ашылады:

Есеп және алфавиттік кітаптың баспа нұсқасы туралы толық ақпарат «Оқушылардың ауысуы: Келгендер» есебі мақаласында сипатталған. 

Қатыспаған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы

Қатыспаған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы басып шығару үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • «Мектеп» - «Есептер» бөліміне өту;
  • «Әкімшілік» - «Сабақтарды болдырмау және алмастыру» есебін таңдау;
  • «Журналды басып шығару» батырмасын басу;

 

Қатыспаған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналының баспа нысаны ашылады:

 

Есеп және журналдың басылған нұсқасы туралы толық ақпарат «Әкімшілік: Сабақтарды болдырмау және алмастыру» есебі мақаласында сипатталған. 

Was this article helpful?
6 out of 6 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.