Мұғалімнің жұмыс үстелі және тапсырма карталары

Бастапқы парақша - бұл белсендіруден кейін қызметкердің Kundelik.kz жүйесінде жұмысты бастайтын негізгі бөлім. Парақша қызметкер жұмысты жылдам және сапалы орындау үшін қажетті барлық сілтемелер мен мәліметтерге ие.

Парақшада келесі тапсырма карталары көрсетілген:

  • Тапсырма карталары - журналдың күнделікті толтырылуын еске салады, сонымен қатар жүйедегі оқылмаған жазбалар түріндегі білім беру жаңалықтары туралы хабарлайды.
  • Сабақ кестесі - мұғалімнің апта мен күн бойынша кестесін көрсетеді.
  • Менің сыныптарым - мұғалім жұмыс істейтін сыныптарды көрсетеді.
  • Менің журналдарым - мұғалім жұмыс істейтін сыныптардың журналдарын көрсетеді.
  • Жаңалықтар арнасы - kundelik.kz жаңалықтарын, мектеп жазбаларын және хабарландыруларды көрсетеді.

Тапсырма карталары бар бастапқы бетке өту үшін сайттың негізгі мәзіріндегі «Мектеп» бөліміне басу керек.

Орындалмаған жұмысты бақылау карталары

Тапсырма карталары жүйеде жұмыс орындалуын бақылаудағы қызметкердің негізгі көмекшісі. Ол қызметкерге жүйеде орындалуы қажет тапсырмаларды көрсетеді. 

Тапсырма карталары қалай жұмыс істейді?

Бастапқы парақшаға кірген сайын келесі әрекеттер тексеріледі: 

  • өткізілген сабақтар бойынша журналға баға қойылғанын;
  • келесі сабаққа ағымдағы үй тапсырмасы берілгенін;
  • өткен сабақтың тақырыбы күнтізбелік жоспарлауда толтырылғандығы;
  • маңызды хабарламалардың жіберілмеуі.

Барлық орындалмаған тапсырмалар санаттар бойынша қызыл карточкаларда көрсетіледі:

  • Белгісіз сабақтар;
  • ҮТ-мен мәселелер;
  • Тақырыбы жоқ сабақтар;
  • Қабылданбаған жазбалар.

Егер қызметкердің осы санаттағы орындалмаған міндеттері болмаса, құсбелгісі бар арнаулы жасыл карточка көрсетіледі. 

Ескерту: егер қызметкер жүйеде барлық қажетті жұмыстарды орындаған болса, тапсырма карталары парақшада көрсетілмейді. 

Тапсырмаларды көру үшін карточкаға басу керек. Төменде аяқталуы тиісті тапсырмалардың толық тізімі ашылады: 

Бағалар карточкасы

Карточкада мұғалімнің өткен сабақтағы баға және «Сабақ өткізілді» құс белгісі қойылмай қалған сабақтары шығады. 

Осы карточкадағы тапсырманы орындау үшін:

  • «Белгілерді қою» батырмасына басу;
  • жаңа қойындыда ашылатын сабақ парақшасында бағасын немесе сабақтың өткені туралы белгісін қою;
  • бастапқы парақшаға оралу.

Егер тапсырма орындалса, ол құс белгімен белгіленеді.

Үй тапсырмалар карточкасы

Карточка мұғалімнің үй тапсырмасы берілмеген немесе бір аптадан астам уақыт бұрын берілген (олар енді өзекті болмауы мүмкін) жақын болашақтағы сабақтарын қамтиды. 

Егер сабақта ҮТ берілмеген болса, онда: 

  • тапсырма жолындағы «ҮТ беру» батырмасына басу;
  • жаңа қойындыда күнтізбелік жоспарлау ашылады, ҮТ беру қажеттілігі бар күннің жанында арнаулы белгі болады;
  • үй тапсырмасын беріп;
  • бастапқы парақшаға оралу қажет.

Егер тапсырма орындалса, жол құс белгісімен белгіленеді.

Ескерту: егер сабаққа үй тапсырмасын берудің қажеті болмаса, «Қажет етілмейді» батырмасына басу керек. Тапсырма берілді деп белгіленеді.

Егер ҮТ бұрын берілген болса, онда оның өзектілігін тексеру үшін үй тапсырмасының мәтіні көрсетіледі. Карточкадағы осындай тапсырманы орындаудың екі жолы бар:

  1. Егер келесі сабаққа үй тапсырмасы дұрыс берілсе, «Өзекті» батырмасына басу қажет. Тапсырма аяқталды деп белгіленеді.
  2. Егер дұрыс емес үй тапсырмасы қойылса, «Тексеру» батырмасына басу қажет:
  • жаңа қойындыда күнтізбелік жоспарлауда ҮТ түзету қажет ететін белгімен белгіленген сабақ ашылады;
  • үй тапсырмасының мәтінін түзету немесе жаңа ҮТ-ні жасау;
  • бастапқы беті бар қойындыға оралу.

Егер тапсырма орындалса, жол құс белгісімен белгіленеді.

Ескерту: жүйеде пән бойынша ҮТ берілмейтін сабақтар үшін «ҮТ-мен мәселелер» карточкасынан пән бойынша тапсырмаларды жасыру мүмкіндігі бар.

Оларды жасыру үшін:

  • ҮТ беру керек сабақтың жанындағы «Қажет етілмейді» батырмсына басу;
  • «Пән бойынша ҮТ берілмейді» батырмасына басу;
  • «Пән бойынша тапсырмаларды жасыру» таңдау керек.

Назар аударыңыз! Егер пән бойынша тапсырмаларды жасырсаңыз, онда пән бойынша тапсырма карталары есептік кезеңнің соңына дейін, яғни тоқсанның соңына дейін көрсетілмейді.

Сабақ тақырыптары карточкасы

Карточкаға мұғалімнің өткен сабақтар бойынша сабақ тақырыбы көрсетілмеген сабақтар кіреді.

Осы карточкадағы тапсырманы орындау үшін: 

  • «Толтыру» батырмасына басу;
  • жаңа қойындыда күнтізбелік жоспарлауда тақырыпты беру қажет ететін белгімен белгіленген сабақ ашылады;
  • сабақ тақырыбын енгізу;
  • бастапқы парақшаға оралу.

Егер тапсырма орындалса, жол құс белгісімен белгіленеді.

Жазбалар карточкасы

Пайдаланушыға 24 сағат бұрын жарияланған, бірақ мұғалім оны оқымаған жағдайда карточкада жазбалар шығады. 

Осы карточкадағы тапсырманы орындау үшін: 

  • карточкаға басу (осы санаттағы картада тапсырмалардың ашылмалы тізімі жоқ);
  • өткізіп жіберілген барлық жазбаларды ашып, оқып шығу (жазбаларды қарау туралы ақпарат осында);
  • жазбаны қарау терезесін жабу.

Егер тапсырма орындалса, жол құс белгімен белгіленеді.

«Сабақ кестесі» блогы

«Сабақ кестесі» блогы мұғалімнің барлық сабақтарын бір аптада немесе бір күнде көрсетеді. Ағымдағы аптаның кестесі автоматты түрде ашылады. Қажет болса, апталар арасында ауысуға болады.

Бастапқыда кесте толық көрсетілмейді, бірақ «Кестені ашу» батырмасын пайдаланып, оны толықтай көруге болады.

Апталық кестеде мұғалім көрсетілген есептік кезеңге сәйкес аптаның барлық сабақтары көрсетіледі.

Күн кестесі таңдалған күн үшін сабақтарды көрсетеді, сонымен қатар бүгінгі сабақтарды таңдауға мүмкіндік береді.

«Журнал», «Тақырып жоқ» немесе «ҮТ жоқ» батырмаларын пайдаланып, пән журналына өтіп, қажетті деректерді толтыруға болады.

  • қызыл шеңбер - бағалау немесе сабақ өткізгені туралы белгілері жоқ;
  • көк шеңбер - ҮТ жоқ.

«Менің сыныптарым» блогы

«Менің сыныптарым» блогы сынып жетекшілері үшін таптырмас құрал болып табылады. Бұл сыныптың қажетті бөлімдеріне жылдам өтуге көмектеседі.

Блокта мұғалім қазір сынып жетекшісі болып табылатын сабақтар бар. Әр сыныппен жұмыс істеу үшін арнайы аймағы бар.

Пән бойынша мұғалімге арналған сыныптың жұмыс аймағының құрамы:

  • пән бойынша сынып журналдарының тізімі;
  • күн бойынша журналға өту батырмасы;
  • апта бойынша журналға өту батырмасы (тек классикалық журнал үшін қол жетімді) апта бойынша пәндердің тізімін ашады;
  • сынып кестесіне өту батырмасы;
  • оқушылар мен ата-аналардың тізіміне өту;
  • оқушылар мен ата-аналары үшін хабарландыруды тез жариялау үшін жазба құру батырмасы.

Сынып бойынша қосымша мәліметтер құрамы:

Бұл деректерді көру үшін «Менің сыныптарым» блогының оң жақ бұрышындағы үш нүктені басу керек:

  • сынып парақшасына өту;
  • «Kundelik.kz белсенділік» есебіне өту;
  • сынып файлдарына өту;
  • сынып үлгерімі бойынша есепке өту.

«Менің журналдарым» блогы

«Менің журналдарым» блогы пән мұғалімдерінің жұмысын жеңілдетеді. Бұл қажетті сынып журналдарына жылдам өтуге көмектеседі. Сонымен қатар мұғалім жұмыс істейтін сыныптар үшін жаңа жазбаны жасауға көмектеседі.

Жұмыс облысының құрамы:

  • мұғалім жұмыс істейтін сыныптардың тізімі;
  • күн бойынша журналға көшу;
  • бір апта бойынша журналға көшу (тек классикалық журнал үшін қол жетімді) пәндерді таңдау журналын ашады;
  • пән бойынша журналға көшу;
  • жазба жасау батырмасы.

Сондай-ақ, бұл блокта мектептің барлық журналдарына және мұғалім бойынша «ЭЖК жүргізу статистикасы» есептеріне өту мүмкіндігі бар.

«Жаңалықтар арнасы» блогы

Бөлімде соңғы 24 сағатта немесе одан да көп уақыт ішінде қызметкер үшін жиналған және қызметкер танысуы қажет ететін барлық жазбалары бар.

Әр жазбада пайдаланушы оның қай аудитория үшін жасалғанын көре алады.

Жазбадағы сары көрсеткіш бұл жаңа жазба екенін білдіреді және қызметкер оны әлі оқымағандығын растайды.

Қажет болған жағдайда, жарияланған жазбаларды немесе сол жазбаларға қажет емес пікірлерді өңдеуге немесе жоюға болады. Ол үшін оң жақтағы үш нүкте белгішесін басу керек.

«Барлығы» сүзгісі қызметкердің барлық көздерден жиналған барлық жазбаларын көрсетеді. Келесі сүзгілерді қолдана отырып, мақалаларды белгілі бір жарияланым көздері бойынша сұрыптай аласыз:

  • «Мектеп» - сүзгі мектепте жасалған жазбаларды (мектептің «Хабарландырулар» және «Жаңалықтар» беттерінен), сонымен қатар басқару ұйымының жазбаларын көрсетеді;
  • «Сыныптар» - сүзгіде қызметкерлердің сабақтарына арналған жазбаларды көрсетеді (сыныптағы «Хабарландырулар» және «Мұғалімдер», «Ата-аналар бөлмесі», егер мұғалімнің Ата-ана ретінде рөлі болса);
  • «Мұғалімдер бөлмесі» - сүзгі «Мұғалімдер бөлмесі» парағынан мектеп ұжымы үшін жасалған жазбаларды көрсетеді;
  • «Менің жазбаларым» - сүзгіде жүйеде қызметкер жасаған барлық жазбаларды көрсетіледі.
Was this article helpful?
0 out of 0 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.