Әкімшілерге білім беру мекемесінің парақшасында мәліметтерді толтыру қажет.
«Мектепке әкімшілік ету» бөліміне өту үшін:
- көк жолақтағы басты мәзірде «Мектеп» - «Менің мектебім» бөлімін таңдау;
- ашылған парақшада «бұранды кілтті» басу;
- «Параметрлер» блогындағы «Қосымша мәліметтер» тармағын басу.
Мекеменің деректемелерін толтыру үшін «Параметрлер» блогындағы «Қосымша мәліметтер» тармағын басып, келесі деректерді енгізу қажет:
- заңды тұлғаның толық және қысқаша атауы;
- БСН;
- лицензия:
бланк сериясы; - бланк нөмірі;
әрекет етудің басталу күні.
- мем. аккредитация туралы куәлік:
- куәліктің тіркелу нөмірі;
бланк сериясы; - бланк нөмірі;
- әрекет ету мерзімі.
Деректерді енгізіп, тексергеннен кейін «Сақтау» батырмасын басу қажет.
Файлдарды жүктеу мүмкіндігі де бар. Файлдарды жүктеу үшін:
- сканерлеу арқылы құжатты алдын-ала дайындау;
- содан кейін «Файлдар» блогындағы парақтың төменгі жағында «Файлды таңдау» батырмасын басу қажет.
Жүктелген файлдардың максималды мөлшері - 3МБ.
Келесі форматтар қабылданады: jpg (jpeg), gif, png, mp3, doc (docx), xls (xlsx), ppt (pptx), txt, rtf, pdf, odt, odf, odp, ods, odg, zip, rar, tar, gz, bz2, epub, mobi, fb2.
Comments
Please sign in to leave a comment.