«Ата-ана» және «Мұғалім» рөлдерін қалай біріктіруге болады? Рөлдердің біреуін қалай алып тастауға болады?

«Ата-ана» рөлі бар пайдаланушыға «Қызметкер» рөлін қосу

«Ата-ана» рөлі бар пайдаланушыға «Мұғалім» рөлін қосу үшін келесі қадамдарды жасау қажет:

Қадам 1:  «Адамдар» блогында, «Әкімшілік ету» қойындысында «Жаңа адам» бөліміне басу.

Сондай-ақ, «Адамдар тізімі» қойындысында, парақшаның жоғарғы оң жақ бұрышында «Тұлғаны қалыптастыру» сілтемесіне басып, бұл процесті жасауға болады. 

Қатысушыны қосу тәсілін таңдау: Жүйеде бар пайдаланушы (осы немесе басқа мектептен).

Қадам 2. «Мұғалім» лауазымын, мектепке келу күнін, жүйеде парақшасына енгізілген аты-жөнін және  пайдаланушы атын, таңдау қажет. 

Қадам 3. Ашылған бетте енгізілген мәліметтерді мұқият тексеріп, «Жасау» батырмасын басу қажет.

Енді пайдаланушы «Ата-ана» және «ББМ қызметкері» рөлдері біріктірілді.

 

«Қызметкер» рөлі бар пайдаланушыға «Ата-ана» рөлін қосу

Қадам 1. «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Адамдар тізімі» қойындысына өту.

Қадам 2. Мұғаліммен туыстық қатынасты орнатуға арналған оқушының аты-жөнін енгізу.

Қадам 3. Аты-жөнінің оң жағында орналасқан «қарындаш» батырмасын басу.

Қадам 4. «Туысқандар» қойындысына өтіп, «Туысқанды қосу» батырмасын басу.

 

Қадам 5. «Сіздің мектебіңізден» қойындысын таңдап, мұғалімнің аты-жөнін енгізіп, «Табу» батырмасын басу.

Қадам 6. Мұғалім аты-жөнінің үстіне басып, ашылған терезеде туыстық қатынасты таңдап, «Бекіту» батырмасын басу.

 

 

Енді пайдаланушы «Ата-ана» және «ББМ қызметкері» рөлдері біріктірілген.

 

«Ата-ана» рөлі бар пайдаланушыдан «Мұғалім» рөлін жою

Қадам 1. «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Адамдар тізімі» қойындысына өту.

Қадам 2. Аты-жөнінің оң жағында орналасқан «қарындаш» батырмасын басу.

Қадам 3. Парақшаның оң жағында орналасқан «Мектептен шығару» батырмасын басу.

 

 

Қадам 4. «Нақты» шығару типін таңдап, мүшеліктің аяқталу күнін енгізіп, «Әрі қарай» батырмасына басып, шығаруды растау. Шығарғаннан кейін пайдаланушының парақшасында тек қана «Ата-ана» рөлі сақталады.

 

 

«Ата-ана» рөлі бар пайдаланушыдан «Ата-ана» рөлін жою

Қадам 1. «Әкімшілік ету» бөліміне өтіп, «Адамдар тізімі» қойындысында пайдаланушының Аты-жөнін енгізіп, «Табу» батырмасын басу.

Қадам 2. Аты-жөнінің оң жағында орналасқан «қарындаш» батырмасын басу.

Қадам 3. «Балалар» қойындысына өтіп, бала Аты-жөнінің жажындағы   басу. Деректерді растағаннан кейін пайдаланушыда тек қана «Мұғалім» рөлі сақталады.

Was this article helpful?
1 out of 2 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Article is closed for comments.