Парақшадағы фотосуретті (аватарды) қалай жүктеуге / өзгертуге / жоюға болады?

Аватар – пайдаланушының жеке парақшасындағы фотосурет.

Желіде достары мен сыныптастары пайдаланушыны суреті арқылы тез табуға арналған мүмкіндік.

Аватарды қалай жүктеуге болады?

Парақшаның параметрлерінде фотосуретті жүктеуге болады. Мұны орындау үшін параметрлерге өтіп, «Парақша» қойындысында «Файлды таңдау» батырмасына басу қажет.

w256h2561372777059Exclamation.png Фотосуретті тек жүйеге тіркелген пайдаланушылар ғана орната алады.
Ескерту: егер баланың парақшасы тіркелмеген болса (яғни, сұр түспен боялса), ата-ана баланың парақшасындағы фотосуретін жүктей алмайды. Фотосуретті тек баланың өзі, өз парақшасына кіріп жүктей алады (немесе баланың пайдаланушы аты мен құпиясөзін білген жағдайда, ата-ана баланың парақшасына кіріп жүктей алады).

Аватарды қалай өзгертуге болады?

Жүйеде фотосуреттерді өңдеу функциясы жоқ, сондықтан аватарды жүктегеннен кейін оны өңдеу мүмкін емес: түсті және контрастты өзгерту, фотосуретті аудару және т.б.

Аватардың нақты тіркелген өлшемі бар, яғни кез-келген жүктелген сурет көлемі 150-ден 150 пикселге дейін болады. 

Егер фотосурет дұрыс жүктелмеген болса (мысалы, сурет төңкерілген болса), оны өңдеу мүмкін болмайды. Жүктелген файлды жүктеу алдында жеке компьютерде өңдеу қажет.

Аватарды қалай жоюға болады?

Фотосуретті парақшаның параметрлерінде жоюға болады. Фотосуретті өшіру үшін, суреттің үстіне тінтуірді апарғанда пайда болатын «жою» белгісіне басу қажет.

Was this article helpful?
8 out of 28 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.