Күнделік жүйесінде мектепті қалай тіркеуге болады?

Білім беру ұйымын kundelik.kz жүйесіңде тіркеу үшін, келесі қадамдарды орындау қажет:

1. Сайтқа осы мекен-жай бойынша өтіңіз: https://kundelik.kz/;

2. «Электрондық Күнделік» блогындағы «Кіру» түймесін басыңыз;

3. Жоғарғы оң жақ бұрышта «Қосылу» батырмасын басыңыз;

4. Ашылған нысанда жобадағы рөлді көрсетіңіз: «Мұғалім, қызметкер» және «Келесі» батырмасын басыңыз.

Ескерту: мектепті қайта тіркеуді болдырмау үшін жүйеде тексеру жүргізіледі.

5.  «Білім беру мекемесін іздеу» бөлімінде  мектеп орналасқан қала / аудан / ауылдың атауын енгізу қажет. Елді мекенді таңдағаннан кейін онда орналасқан мектептердің тізімі ашылады.

  • Егер тізімде мектеп орналасқан елді мекен табылмаса, онда осы нұсқаулықты қолдану қажет. 
  • Егер тізімде елді мекен бар болса, бірақ мектеп жүйеде табылмаса «Білім беру мекемеңізді таппадыңыз ба?» тізімнің соныңдағы тармақ таңдалып, және мектепті жүйеге қосу өтініші толтырылады;

  • Егер елді мекен мен мектеп тізімдерде бар болса, бұл яғни мектеп kundelik.kz жүйесінде бар, өтінішті қайта жасауға болмайды. Мектептегі kundelik.kz жүйесіне жауапты адаммен байланысыңыз, өтініш жасауды тоқтатыңыз.

Ескерту: жүйеде бар мектептің парақшасында жалған ақпарат табылса, бұл туралы қолдау қызметке хабарлау керек.

6. Өтінішті жібергенен кейін, қолдау қызметтінен хатты күту қажет. Егер өтініш қабылданса, сізге пайдаланушы аты мен сандардан тұратын уақытша құпиясөзі өтініште жазылған электрондық поштаға жіберіледі. Өтініш қарастыру мерзімі - 5 жұмыс күні.

 Егер өтінішті толтыру кезінде email мекен-жайында қате жіберілсе немесе өтініш қабылданбаса, әкімшіге бірінші рет кіру үшін падаланушы аты мен құпиясөзі бар хатты жіберілмеуі мүмкін.

Өтінішті қалай толтырады?

Өтініш екі блоктан тұрады:

  • Білім беру мекемесі туралы ақпарат;
  • Жіберуші туралы ақпарат.

Білім беру мекемесі туралы ақпарат, келесі ақпараттан тұрады:

  • Қысқаша атауы - мектептің қысқаша атауын енгізіңіз, немесе аббревиатурасын;
  • Толық атауы - мектептің толық атауын енгізіңіз;
  • Түрі - мектептің түрін көрсетіңіз (жалпы орта білім беретін ұйым, арнауы білім беретін ұйым және т.б);
  • Ұйымдастыру құрылымы - мектеп қандай ұйымдық құрылымға жататының көрсетіңіз (дербес мекеме, филиал және т.б);
  • БСН - мектептің Бизнес-сәйкестендіру нөмірін енгізіңіз;
  • Орналасқан жері- тізімнен мектептің орналасқан елді мекенің таңдаңыз; 
  • ББМ толық мекен-жайы - мектептің орналасу мекен-жайын енгізіңіз;
  • БМ телефоны - мектептің телефон нөмері.

«Жіберуші туралы ақпарат» блогына жіберуші туралы барлық байланыс ақпарат енгізіледі.

Көрсетілген деректерді растау үшін қолдау қызметінің маманы мектепті қосуға өтініш берген пайдаланушымен телефон арқылы байланыса алады. Көрсетілген байланыс телефонының дұрыстығына назар аударыңыз, егер коңырауға жауап берілмесе, сіздің өтінішіңіз жойылады.

Назар аударыңыз! өтінішті жібергеннен кейін, сізге өтініш нөмірі беріледі, оны есте сақтаңыз немесе жазып алыңыз. Бұл нөмірді қолдау қызметінің қызметкерлеріне өтініш туралы сұрақтар туындаған жағдайда хабарлау қажет.

7. Жүйеде қалай жұмыс істеу туралы толық ақпарат: Әкімші нұсқаулығы және Білім беру мекемесінің электрондық парақшасын жасау сұлбасы

8. Жіберуші кіру деректері бар электрондық хатты алғаннан кейін, оларды сайттың басты бетіндегі кіру формасына енгізіп, «Кіру» батырмасын басу керек:

9. Әрі қарай, белсендіру шебері мен баптау шеберінің барлық қадамдарын дәйекті түрде орындаңыз.

Өтінішті қабылдамау себептері

Ұйымды тіркеуге өтініш қабылданбайды, егер:

  • толтырылған ақпарат дұрыс емес;
  • толтырылған ақпарат жалған болса;
  • көрсетілген деректердің түпнұсқалығын кері қоңырау арқылы немесе өтініш авторымен басқа тәсілдермен байланысуға тырысқанда растау мүмкін болмады.

Назар аударыңыз! Тіркеуге тек, лицензиясы бар білім беру ұйымдарынан ғана өтініш қабылданады.  Ол болмаған жағдайда өтініш қабылданбайды.

Was this article helpful?
175 out of 296 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

12 comments
  • Құпия сөзді ауыстырып беріңізші

    0
  • Қайырлы күн, Асел Сабиткызы

    Team@kundelik.kz электрондық поштасына толық Аты -жөніңіз бен мектептің атауын (облыс, аудан, қала, мектеп атауы) және жүйеге кіретін пайдаланушы атыңызды көрсететін хат жазуыңызды сұраймыз.

    0
  • саламатсызба купия созди ауыстырып бересизбе

    0
  • Қайырлы күн, исламбек сандыбай

    Team@kundelik.kz электрондық поштасына толық аты-жөніңіз бен мектептің атауын (облыс, аудан, қала, мектеп атауы) және жүйеге кіретін пайдаланушы атыңызды көрсететін хат жазуыңызды сұраймыз.

    0
  • Біздің мектептің kundelik kz контрактың уақыты бітіп қалып еді. Баяғы деректерді алу керек болып жатыр. Доступ бере аласыздар ма?

    0
  • Қайырлы күн, Amangeldi Tynysbai!

    Сіздің өтінішіңіз электрондық пошта арқылы өңделеді -  # 2253294 Поштаңызды тексеруіңізді сұраймыз.

    0
  • Кунделік. KZ пайдаланушымен аты қалай жазылатының. Паролын умытып қалдым қалай. Кіруге болады

    -1
  • Қайырлы күн,Ersain1505 Жумаханов!

    Сіздің өтінішіңіз электрондық пошта арқылы өңделеді -  # 2267752. Поштаңызды тексеруіңізді сұраймыз.

    0
  • Сәлеметсізбе құпиясөзбен пайдаланушы атын ауыстырып бересізбе ұмытым қалдым.

    0
  • Қайырлы күн, Ayaulim Amangali!

    Сіздің өтінішіңіз электрондық пошта арқылы өңделеді - №2284066. Поштаңызды тексеруіңізді сұраймыз.

    0
  • сәлеметсыз бе! балабақшаларға қалай тіркелуге болады

    0
  • Қайырлы күн, БҮБШ АЙТҚҰРМАН!

    Kundelik.kz жүйесі тек орта біліммен жұмыс істейді. Балабақшалар бізге тек мектепте орналасқан жағдайда ғана қосылуы мүмкін. Бөлек, балабақша дербес мекеме ретінде жүйеге қабылданбайды.

    0

Please sign in to leave a comment.