«Пәндер бойынша білім сапасы» есебі

ААЖ «Күнделік» компаниясы оқушылардың үлгерімін талдауға арналған құралдарды жетілдіруді жалғастыруда. Енді «Белсенділік бақылауы» бөлімінде «Пәндер бойынша білім сапасы» атты жаңа есеп қолжетімді. Бұл есепті Excel форматында дербес жүктеуге болады.

Бұл есеп келесі қызметкерлерге қолжетімді:

  • Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлеріне;

  • облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың Білім басқармаларының қызметкерлеріне;

  • Білім бөлімдерінің әдіскерлеріне;

  • мектеп қызметкерлеріне.

«Пәндер бойынша білім сапасы» есебі — әр пән және сынып бойынша тоқсандар мен жыл соңындағы (барлық қорытынды бағалар қойылғаннан кейін) білім сапасы мен үлгерім пайыздарын көрсететін егжей-тегжейлі кесте.

Есепті қалай жүктеуге болады?

  1. Белсенділік бақылауына кіру.

  2. Қажетті облыс / ауданды / мектепті таңдау.

  3. Мәзір қойындыларының оң жағындағы «Есепті жүктеу» батырмасын басу.

  4. «Пәндер бойынша білім сапасы» тармағын таңдау.

  5. Таңдалған кезең бойынша өзекті деректер файл түрінде жүктеледі.

  • Білім сапасының % — белгілі бір кезеңде пән бойынша тек «5», «4» және «ЕСП» алған оқушылар үлесі.

  • Үлгерімнің % — белгілі бір кезеңде пән бойынша «2», «1», «А/Ө» немесе «ЕСЖ» бағалары жоқ оқушылар үлесі.

  • Деректер әр тоқсан және толық оқу жылы бойынша жеке қалыптасады.

Жүктелген файлда келесі мәліметтер көрсетіледі:

  • оқу жылы;

  • аймақ;

  • аудан;

  • облыс;

  • мектеп идентификаторы;

  • мектеп атауы;

  • параллель;

  • сынып;

  • оқушылар саны;

  • оқыту тілі;

  • пән (қысқа, толық атауы және анықтамалықтан алынған атауы – ҚАЗ/РУС);

  • тоқсандар және жыл бойынша білім сапасының %;

  • тоқсандар және жыл бойынша оқу үлгерім деңгейінің %.

Бүкіл Республика бойынша бірден есепті жүктеу әзірге мүмкін емес.

Есептің қалыптастыру негізгі ережелері

  • Есеп қорытынды бағалар қойылған сәттен бастап күнделікті жаңартылып отырады.

  • Тоқсан аяқталуына екі күн қалғанда есепте ағымдағы деректер көріне бастайды.

  • Тоқсаннан кейінгі демалыс күндері аяқталғанша қорытынды ақпарат толық қалыптасады.

Was this article helpful?
1 out of 1 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.