Сабақты тексеру, оқу нәтижелерін талдау және оқу үдерісін бақылау мақсатында бейнекамералар арқылы аналитика мен дыбыс жазуды пайдалана отырып, kundelik.kz әдістемелік кабинеттер мен мектептер үшін Бақылау парағы жобасы іске асырылды.
Бақылау парағын қалай қосуға болады?
Бақылау парағын жасау үшін методистке келесі қадамдарды орындау қажет:
- kundelik.kz жүйесіне методист аккаунты арқылы кіру;
- «Ұйым» -> «Бақылау парағы» бөліміне өту;
- оң жақтағы «Бақылау парағын жасау» батырмасын басу;
- ашылған парақшадағы параметрлерді толтыру:
- облыс;
- аудан;
- мектеп;
- сынып;
- пән;
- мұғалімнің ТАӘ.
- «Мұғалімнің сабақ кестесі» батырмасын баса арқылы, келесі ақпаратты табу:
- сабақ өткізу күні;
- пән;
- кабинет.
- пән атауын басқан кезде сабақ парақшасына өтуге болады;
- сабақ парақшасында мұғалімнің ҚМЖ сілтемесін басып, онымен танысу;
- мұғалімнің сабақ өткізуіне бақылау жүргізу;
- бақылау парағын жасау бетіне оралу;
- сабақтың күні мен тақырыбын көрсету;
- «Бағалау критерийлері» кестесіне өту;
-
әр критерий бойынша тиісті деңгейді таңдау;
- жалпы пікір беру, оған ескертулерді, ұсыныстарды және қорытындыларды енгізу;
- «Жасау» батырмасын басу қажет.
Педагогті бақылау парағының мәтіні ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің № 83 бұйрығымен белгіленген бағалау критерийлеріне сәйкес ресімделген.
Бақылау парағының мәтінін өңдеу үшін бақылау парағының жанындағы
басу қажет. Егер бақылау парағын жою қажет болса,
белгісіне басу керек.
Бақылау парағының файлы мұғалімге өз жұмысын бағалау критерийлерімен танысу үшін жүктеуге қол жетімді болады.
Бақылау парағы бойынша есептері
Есептер парақшасына өту үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
- бас мәзірден «Ұйым» бөліміне өту;
- «Бақылау парағы» бөлімінен есепті таңдау:
- Берілген бақылау парақтарының статистикасы.
- Методисттер бойынша статистикасы.
Берілген бақылау парақтарының статистикасы - есепте бақылау парағы берілген мұғалімдердің тізімі, сондай-ақ таңдалған мектеп шеңберіндегі ұсыныстар қарау мәртебесі көрсетіледі:
Методисттер бойынша статистикасы - есепте бақылау парағы берген методисттердің тізімі, сондай-ақ таңдалған мектеп шеңберінде берілген мұғалімнің бақылау парағын қарау күйі көрсетіледі:
Comments
Please sign in to leave a comment.