«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы

Қазақстан республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2024 жылы 30 шілдедегі №194 бұйрығына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мазмұны жаңартылып, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. 

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғымымен үндеседі. Бағдарлама балалар мен жастардың бойында тәуелсіздік және отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық, заң мен тәртіп  құндылықтарын дарыту арқылы адал еңбек пен қоғам игілігін алдыңғы орынға қоятын, адал, әділетті азаматтарды тәрбиелеуге бағыт береді.

Бағдарлама шеңберінде 6 жоба, 5 алдын алу шаралары және 34/33 сынып сағаттарынан, челлендждер, акциялар, әлеуметтік тәжірибелер мен еріктілер қызметін қамтитын жалпы 77 қадамнан тұрады. 

  • «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде ұсынылған жоспарды білім беру ұйымы өңірдің, ұйымның ерекшеліктеріне, білім алушылардың қажеттіліктеріне орай толықтыра алады.

** Ұсынылған жоспарға сәйкес сынып сағаттарының, мектепішілік шаралардың мазмұны, өткізу түрі, орны, әдіс-тәсілдері ұйым ерекшеліктеріне, білім алушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сәйкес білім беру ұйымдары дербес таңдай алады.

*** Апта сайынғы әр сынып сағатының соңы немесе басы 10 минут қауіпсіздік сабақтарына арналады.

Was this article helpful?
114 out of 114 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.