Біліктілікті арттыру бойынша тестілеу рәсіміне қалай дайындалуға болады?

Kundelik.kz жүйесінің Testter.kz жүйесімен ынтымақтастығы аясында Қазақстан мұғалімдеріне біліктілікті арттыру бойынша тестілеу рәсімін дайындалудың бірегей мүмкіндігі ұсынылды.

Рәсім Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 Бұйрығына сәйкес педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтаудың негізгі элементі болып табылады және 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 Бұйрығымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларына сәйкес педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау үшін негізгі элемент болып табылады

Testter.kz жүйесіндегі сынақтар мұғалімдерге білімдері мен дағдыларын тексеруге, сондай-ақ аттестацияға дайындалуға көмектеседі. Олар қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

Тестілеуге қалай қол жеткізуге болады?

Сынақ тестін бастау үшін:

  • kundelik.kz сайтындағы көк жолақта «Бағдарламалар» бөліміне өту;
  • «Подготовка к ОЗП» қосымшасын ашу;

  •  «Kundelik.Lessons» қосымшасы ашылып, онда мәзірдің сол жағында «Курстар» бөлімін басу;

  • мұғалімдерге арналған тесттер беті ашылады, тестілеу тілін ескере отырып, қажетті курстың «Посмотреть» батырмасын басу;
  • қол жетімді курстардың сипаттамасы ашылады, сатып алу үшін «Сатып алу» батырмасын басу қажет.

Әрі қарай жүйе тестілеуге қол жеткізу үшін төлеуді ұсынады.

Tester платформасы 2990₸ үшін 30 күндік тестілеуге дайындалу үшін барлық материалдарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бір айлық жазылымды ұсынады.

Сатып алынған курсты қайдан көруге болады?

Курс үшін төлегеннен кейін тестілеуді бастау үшін:

  • бағдарламалар бөлімінде қайта «Подготовка к ОЗП» қосымшасына өту;
  • «Курстар» бөлімін ашып, жоғарғы жағындағы «Менің курстарым» бөліміне өту;

  • «Бетке өту» батырмасына басу;
  • Testter.kz платформасының негізгі беті ашылады;
  • жоғарғы оң жақ бұрышта «Кіру» батырмасын басып, «Күнделік» арқылы кіруді таңдау қажет, онда қажет болған жағдайда kundelik.kz жүйесіне пайдаланушы аты мен құпиясөз енгізу керек;

Әрі қарай жүйе пайдаланушыны Testter.kz жүйесіне автоматты түрде кіргізеді және бетті төмен түсіру арқылы мұғалімге сәйкес келетін тестілеу түрін таңдау керек:

Мысалы, «Біліктілік тестілеу (ПББ)» бөлімін таңдағанда, ішкі типін таңдау керек:

    • орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған ПББ;
    • мектепке дейінгі білім беру қызметкерлеріне арналған ПББ;
    • ұйымдардың басшыларына;
    • тәжірибесі жоқ кандидаттар үшін ПББ.
  • тестілеу өткізілетін пәнді таңдау;

  • тестілеу тілін көрсетіп, «Тестілеуді бастау» батырмасын басу қажет;

Тапсырмаларды орындау үшін, уақытын шектейтін таймермен тест ашылады:

Тест нәтижелері мұғалімге тест аяқталғаннан кейін бірден қол жетімді болады.

Назар аударыңыз! Егер мұғалім курсты Testter.kz сайтынан өз бетінше сатып алған болса, онда тестке кіру тек сілтеме арқылы жүзеге асырылады.

Қосымша сұрақтар бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келесі байланыс ақпараты арқылы хабарласуға болады:

Was this article helpful?
0 out of 1 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.