TopIQ. Платформадан журналға тапсырмалар мен оқу материалдарын қалай қосуға болады?

Kundelik.kz жүйесінде TopIQ серіктесімен бірге электронды оқулықтардағы дайын тапсырмалар мен материалдарды «Күнтізбелік жоспарлауға» қосуға болады.

TopIQ платформасы - бұл «Алматыкітап» баспасының цифрлық мектеп оқулықтары, сондай-ақ дайын онлайн тапсырмалары бар қосымша.

Бұл функционал тек TopIQ платформасына қосылған мектептер үшін қол жетімді.

Қызметке қосылу – TopIQ жағында, ол мектеп басшылығы арқылы жүзеге асырылады. Мектепке лицензия беріледі, оны мектеп әкімшісі іске қосуы керек.

Мектеп қызметкерлеріне лицензияны қалай белсендіруге болады? (TopIQ әкімшісіне)

Лицензияны белсендіру үшін мектеп әкімшісіне келесі қадардарды орындау қажет:

  • https://topiq.kz/ сілтемесі арқылы «TopIQ» сайтына өту;
  • «Кіру» батырмасын басу;
  • «Күнделік» арқылы кіру әдісін таңдау;
    • егер әкімші kundelik.kz сайтына кіріп отырса, онда пайдаланушы атын енгізбей, сайт автоматты түрде ашылады;
    • егер әкімші kundelik.kz сайтына кірмеген болса, жүйеге кіру үшін «Күнделік» сайтына пайдаланушы аты мен құпиясөзді енгізу қажет.

screenshot

  • TopIQ қызметі ашылады, онда жоғарғы сол жақ бұрыштағы «Мәзір» батырмасын басып;
  • «Лицензиялар» батырмасын басу қажет;

  • ашылған бетте:
    • «Қолжетімді» батырмасы арқылы барлық лицензияларды бірден таңдап, содан кейін «Активировать все из пакета» батырмасын басу керек;

    • тек лицензия алуды қажет ететін қызметкерлерді белгілеп, «Қолжетімді» батырмасын, содан кейін «Белсендіру» батырмасын басу қажет.

Мұғалімдерге лицензияны іске қосқаннан кейін, олар «Күнтізбелік жоспарлау» арқылы тапсырмаларды бере алады.

Мұғалімге TopIQ-ден тапсырманы қалай беруге болады?

Үй тапсырмасының мәтініне TopIQ-ден тапсырмаға немесе оқу материалына сілтеме қосу үшін:

  • «Күнтізбелік жоспарлауға» өту; 
  • қажетті параметрлерді таңдау: мұғалімнің аты-жөні, сынып, пән;
  • «Қарау» батырмасына басу; 
  • TopIQ қызметі арқылы бергіңіз келетін ҮТ-ның жанындағы «Онлайн тапсырманы таңдау» батырмасына басу; 
  • «Тапсырманы таңдау» батырмасын басу арқылы тізімнен «TopIQ» таңдау.

https://lms.topiq.kz/login сайты ашылады, мұнда «Күнделік» арқылы кіру»» батырмасын басу қажет. Қызмет kundelik.kz сайтындағы пайдаланушы аты мен құпиясөздің көмегімен пайдалануға рұқсат береді.

screenshot

Әрі қарай, оқушылар туралы мәліметтерді «TopIQ»-ге енгізу қажет. Толық әрекеттерді қадамдық нұсқаулықтан табуға болады. Бұл қадам 1 рет орындалады.

Сыныптар «TopIQ» жүйесіне енгізілгеннен кейін, оларға тапсырма беруге болады.

Ол үшін:

  • негізгі «Мәзірде» - «Кітапхана» бөліміне өту;
  • сол жақтағы сүзгіні пайдаланып (оқыту тілін, сыныбын көрсетіп) қажетті оқулықты таңдау;
  • егер мұғалім тапсырманың қай бетінде екенін білмесе, онда келесі қадамдарды орындау қажет:
    • «Қарау» батырмасына басу; 

    • сабақ тақырыбын таңдау;

    • бетті және тапсырма нөмірін есте сақтау қажет;

    • «Кітапханада» қажетті оқулыққа оралу.
  • мұғалім тапсырманың беті мен нөмірін білгенде, «Тапсырма беру» батырмасын басу керек;

  • әрі қарай, тапсырманы беру үшін өрістерді толтыру қажет:
    • сабақтың атауы;
    • сынып журналы;
    • оқушылар тізімі;
    • пән оқулығы;
    • беттер ауқымы;
    • тапсырманың орындалуын түсіндіретін мәтін.
  • осы терезеден шықпай төмен түсу қажет;

  • тапсырманың орындалу мерзімін көрсету;
  • қажет болса, файлды тіркеу;
  • «Kundelik платформасында тапсырма жасаңыз?» құсбелгісін қою;
  • осыдан кейін kundelik.kz сайтындағы кестеге сәйкес төменде тақырып таңдауы көрсетіледі:
    • сабақ кестесіне сәйкес сабақты құру мерзімін көрсету;
    • «Күнтізбелік жоспарлаудан» тақырыпты таңдау;
    • сабақтың типі үй тапсырмасын көрсетеді;
  • «Тапсырма беру» батырмасына басу қажет.

Егер жоғарыда сипатталған барлық өрістер дұрыс толтырылса, «Күнтізбелік жоспарлауға» бөліміне түсетін ҮТ жасалады.

Тапсырманы құру кезінде сабақтың көрсетілген күні, «Сабақ жасалған кезең» алдыңғы сабақтан көрсетілген күнге тапсырма беретінін ескерген жөн. Яғни, егер тапсырма 05.02.2024 жылы жасалса, ол 01.02.2024 алдыңғы сабағына түседі.

Оқулықтан таңдалған тапсырманың бөліміне сілтеме үй тапсырмасының мәтінінде пайда болады және оқушылардың күнделіктерінде көрінеді.

Ескерту: егер тапсырмаға сілтеме дұрыс емес сабаққа берілсе, оны үй тапсырмасын өңдеу режиміне өтіп, сілтемені қолмен жою арқылы жоюға болады

Оқулықтың ішінде қажетті тапсырманы таңдау үдерісің жылдамдатуға мүмкіндік беретін жылдам пернелер бар:

- сол жақта «Мазмұны» батырмасы бар, оны басқан кезде таңдалған оқулық үшін тақырыптар тізімі көрсетіледі.

- бетті үлкейту және кішірейту батырмасы.

- кілт сөздер бойынша іздеу батырмасы.

Жоғарғы оң жақ бұрышта оқулықтағы тақырыптар арасында ауысу батырмалары бар - .

Тақырыптың сол жағындағы мәзір батырмасын басқан кезде таңдалған тақырыптың ішіндегі ішкі тармақтар тізімі шығады.

TopIQ платформасына қатысты сұрақтар бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін келесі байланыс деректері бойынша хабарласуға болады:

  • +7 708 972 42 58;
  • +7 708 972 48 59.
Was this article helpful?
0 out of 0 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

0 comments

Please sign in to leave a comment.