Білім алушының ұйымға / сыныпқа / оқу тобына мүшелігінің басталу және аяқталу күндерін қалай басқаруға болады?

Білім беру ұйымына / сыныпқа / оқу тобына мүше болу - білім алушының ұйымға (сыныпқа, топқа) қабылданғанын және онда оқитынын білдіреді, сабақтар үшін баға алады, үй тапсырмаларын орындайды және т. б.

 

Сыныптағы / білім беру ұйымындағы мүшелік

Сабақтың басталуы мен аяқталу күндерін дұрыс белгілеу жүйенің дұрыс жұмыс істеуі мен оқушылардың қозғалысы туралы есептерді сәтті шығаруы үшін қажет.

Мүшеліктің басталу күнін қалай орнатуға болады?

Мүшеліктің басталу күні келесі жағдайларда орнатылады:

  • Ұйымға жаңа адамды қосу:
    • «Мектепке әкімшілік ету» бөлімі / «Жаңа адам» сілтемесі / «Жаңа тұлға» немесе «Жүйеде бар пайдаланушы»;
    • «Мектепке әкімшілік ету» бөлімі /«Импорттау» сілтемесі.
  • Сыныпқа жаңа оқушыны қосу: 
    • «Мектепке әкімшілік ету» бөлімі / «Сыныптар тізімі» сілтемесі / сыныпты таңдау /  «Оқушылар» қойындысы / «Сыныпқа қосу» / «Жаңа тұлға» немесе «Жүйеде бар пайдаланушы»;
    • «Мектепке әкімшілік ету» бөлімі / «Сыныптар тізімі» сілтемесі / сыныпты таңдау/ «Оқушылар» қойындысы / «Импорттау». 
  • Сыныпты мұрағаттан қалпына келтіру;
  • Сыныптар арасында ауыстыру.

Нақты ауыстыру кезінде жаңа сыныптағы мүшеліктің басталу күні ескі сыныптағы мүшеліктің аяқталу күні болып саналады.

Қате салдарынан ауыстыру кезінде (мысалы, оқушыны басқа сыныпқа кіргізді) жаңа сыныптағы мүшелік күні ескі сыныптағыдай болады.

Мүшеліктің аяқталу күнін қалай белгілеуге болады?

Мүшеліктің аяқталу күні келесі жағдайларда орнатылады:

  • Білім беру ұйымынан шығару:
    • нақты шығару кезінде көрсетілген күн сыныптағы және ұйымдағы мүшеліктің аяқталған күні болып саналады;
    • қате салдарынан (мысалы, білім алушыны басқа сыныпқа кіргізді) шығарылса, ескі сыныптағы мүшелік жойылады.
  • Сыныптан ауыстыру: 
    • нақты ауыстыру кезінде жаңа сыныптағы мүшеліктің басталу күні ескі сыныптағы мүшеліктің аяқталу күні болып саналады;
    • қате салдарынан ауыстыру кезінде (мысалы, білім алушыны басқа сыныпқа кіргізді) жаңа сыныптағы мүшелік күні ескі сыныптағыдай болады. 
  • Сыныпты келесі оқу жылына ауыстыру.
  • Сыныпты мұрағатқа өткізу.

Мүшелік күндерін қалай өзгертуге болады?

Мүшеліктің басталу және аяқталу күнін өзгерту үшін «Көшу» бөлімі қолданылады: «Мектепке әкімшілік ету»/ «Адамдар тізімі» сілтемесі / аты-жөні бойынша іздеу / пайдаланушының парақшасын ашу / «Көшу» қойындысы.

Білім алушының «Көшу» бөлімінде:

  • ағымдағы оқу жылына кірмейтін сыныптар бойынша мүшелік күндерін өзгертуге болмайды;
  • мүшелік күндері ағымдағы оқу жылында болмаса өзгертуге болады.       

                          

Оқу тобындағы мүшелік

Оқушының журналдарда дұрыс көрсетілуі үшін топтағы мүшеліктің басталу және аяқталу күндерін дұрыс қою қажет.

 mceclip3.png

w256h2561372777059Exclamation.pngБілім алушының мүшелік ету күні осы оқу кезеңіне кірген кезде ғана ол журналда көрсетіледі. Сонымен қатар, егер ол осы уақытта сыныпта болған жағдайда ғана оған баға қоюға болады.

Мысалы, егер сыныпта білім алушының мүшелігінің басталу күні - 10 қыркүйек болса, онда бірінші тоқсанда журналда ол көрсетіледі, бірақ 1 қыркүйекке бағаны қою мүмкін болмайды. Білім алушыға бірінші тоқсан үшін баға қою үшін сыныпқа мүшеліктің басталу күнін 1 қыркүйекке өзгерту қажет.

Топқа мүшеліктің басталу күнін қалай орнатуға болады?

Топта мүшеліктің басталу күні оқу тобын құру кезінде белгіленеді: «Мектепке әкімшілік ету» бөлімі/ «Сыныптар тізімі» сілтемесі / өңдеу үшін сыныпты таңдау /«Оқу топтары» қойындысы.

Топқа мүшеліктің аяқталу күнін қалай орнатуға болады?

Топтағы мүшеліктің аяқталу күні топтан шығарылған кезде белгіленеді.

Топтағы мүшелік күндерін қалай өзгертуге болады?

Топтағы мүшеліктің басталу және аяқталу күнін өзгерту оқу тобының параметрлерінде жүзеге асырылады:  «Мектепке әкімшілік ету» бөлімі/ «Сыныптар тізімі» сілтемесі / өңдеу үшін сыныпты таңдау /«Оқу топтары» қойындысы / топты таңдау.

Топта білім алушы мүшелігінің басталу күнін өзгерту үшін сол жақ бағандағы мүшеліктің басталу күні бар сілтемеге басып, интерактивті күнтізбенің көмегімен немесе оны қолмен енгізу арқылы күнді өзгерту керек.

Топтағы білім алушының мүшелігінің аяқталу күнін өзгерту үшін оң жақ бағандағы мүшеліктің аяқталу күні бар сілтемеге басып, интерактивті күнтізбенің көмегімен немесе күнді қолмен енгізу арқылы өзгерту керек.

Ескерту: топтағы мүшеліктің аяқталу күні сол топтағы мүшеліктің басталу күнінен бұрын болмауы тиіс.

 

Көшудегі байланыс

Мүшеліктің басталу / аяқталу күнін қою кезінде келесі ережелер қолданылады:

  • Білім беру ұйымына мүшеліктің басталу күні барлық сыныптарда / топтарда мүшеліктің басталуынан кейін болмауы тиіс.
  • Білім беру ұйымына мүшелікті аяқтау күні барлық сыныптарда / топтарда мүшеліктің аяқталуынан ертерек болмауы тиіс.
  • Сыныптағы білім алушының мүшелігінің басталу күні болуы керек:
    • ағымдағы оқу жылында;
    • ұйымға мүшеліктің басталуына дейін;
    • басқа сыныпқа мүшелік мерзімі аяқталғанға дейін, яғни оқушы бір уақытта екі сыныпта бола алмайды (жаңа сыныпқа мүшеліктің басталу күні алдыңғы сыныпқа мүшеліктің аяқталу күнінен кешіктірілуі керек және олар бірдей болмауы керек).
  • Пайдаланушының сыныптағы мүшелігінің аяқталу күні болуы керек:
    • ағымдағы оқу жылында;
    • осы сыныптағы мүшеліктің басталуына дейін;
    • ұйымдағы мүшеліктің аяқталуына дейін.
  • Пайдаланушының топқа мүшелігінің басталу күні:
    • ағымдағы оқу жылында;
    • сыныптағы мүшеліктің басталуына дейін.
  • Пайдаланушының топтағы мүшелігінің аяқталу күні:
    • ағымдағы оқу жылында;
    • сол топқа мүшеліктің басталуына дейін;
    • өз сыныбында мүшеліктің аяқталуына дейін.
  • Оқушы бір сыныпта бір уақытта бірнеше топта бола алады.
  • Егер оқушы сыныптан шығарылса (ауыстырылса), сыныпқа мүшеліктің аяқталу күні осы сыныптағы барлық топтар үшін мүшеліктің аяқталу күні болып табылады.

Комментарии

  • Avatar
    Бұлғын Ханкелды

    Жібек жолы қутпанұлы орта мектеп 4г сынып оқушысы
    Халайқан Нуртілек

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Бұлғын Ханкелды!

    Сұрағыңызды толықтырып, team@kundelik.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

    Изменено: Алия Искандерова
  • Avatar
    Aidana Izek

    Саламатсызба
    1 сыныпқа своевремение ведение журналы 100% қойылмай тұр.Үй тапсырмасы 1 сыныпка берілеме күнделік кз партолында

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Aidana Izek!

    Сұрағыңызды толықтырып, team@kundelik.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

    Изменено: Алия Искандерова