ААЖ «Kundelik.kz» пайдаланушы нұсқаулығы

ААЖ «Kundelik.kz» — Қазақстан Республикасының білім беруді басқару органдарында білім беру саласының көрсеткіштерін қадағалауға, жинауды автоматтандыруға және талдауға арналған жүйе. Жүйе келесі функцияларды қамтиды:

  • бағынысты білім беру ұйымдарының тізілімі;
  • бағынысты білім беру ұйымдарының тұлғалары мен пайдаланушыларының санын және олардың Күнделік сайтына кіру жиілігін қадағалау;
  • білім беру ұйымдарындағы әртүрлі кәсіби санаттағы педагог қызметкерлер құрамының және рөлдердің қадағалауы;
  • бағынысты ұйымдардан аудандық және аймақтық есептерді қалыптастыру;
  • пайдаланушылардың әртүрлі санаттары арасында желілік өзара әрекеттесуді ұйымдастыру.

Бекітілген файлдардың ішінде ААЖ «Kundelik.kz» пайдаланушыларына арналған нұсқаулықтар қарастырылған:

  • Облыс және Республикалық маңызы бар қалалар бағыныстағы аудандық білім бөлімінің қызметкері үшін нұсқаулық («Әкімші» рөліне арналған);
  • Облыс және Республикалық маңызы бар қалалар бағыныстағы аудандық білім бөлімінің қызметкері үшін нұсқаулық («Пайдаланушы» рөліне арналған);
  • Облыстық білім басқармасының және Республикалық маңызы бар қалалардың қызметкерлеріне арналған нұсқаулық («Әкімші» рөліне арналған);
  • Облыстық білім басқармасының және Республикалық маңызы бар қалалардың қызметкерлеріне арналған нұсқаулық («Пайдаланушы» рөліне арналған).

Комментарии