Жалпы ақпарат

Күнделік жүйесінің белсенділік бақылауы - Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мемлекеттік және жеке ұйымдарының белсенділік көрсеткіштерін қарауға арналған динамикалық парақша: бастауыш, орта, жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептер, мектеп-лицейлер, мектеп - гимназиялар және т. б. (бұдан әрі - ББМ).

Белсенділік бақылауына кіру және көрсеткіштер туралы толық ақпарат осы бөлімде толық сипатталған.

 

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Парақшадағы ақпарат апта сайын, сенбі мен жексенбі аралығында өтетін түнде жаңартылып, өткен есептік кезеңдегі (өткен аптадағы жексенбіден сенбіге дейін) белсенділік деректерін көрсетеді.

Есептік кезең туралы ақпарат парақшаның жоғарғы жағында орналасқан.

 

 

mceclip13.png - өткен апталарға өту батырмасы ( ) және соңғы аптаға ().


mceclip1.png 

Әдепкі түрде есеп соңғы апта үшін қарастырылады (осы аптаның алдын өткен апта). Есептік кезеңге басқанда, аптаны таңдауға арналған есеп құрастыру үшін күнтізбе ашылады. 

Көрсеткіштер санатын таңдаудың оң жағында Kundelik.kz жұмыс белсенділігін бақылауға қатысатын мектептердің жалпы саны көрсетіледі, сондай-ақ демалыстағы мектептер саны. Өткен апта бойынша есепті құрастыру кезеңінде мектеп кестесінде сабақтар жасалмаса, мектеп демалыста деп есептеледі.

mceclip18.png - «Мектептер тізімі бар excel-есепті жүктеу» батырмасы арқылы есеп құрылған аптаның деректерімен файлды жүктеуге болады. 

 

 

КӨРСЕТКІШТЕР БЛОКТАРЫ

Кез келген блокты басуға болады, блокқа басқан кезде «Облыстардың мониторингі және ауданның интерактивті картасы» құралады. 

mceclip19.pngmceclip20.png- әр блокта көрсеткішті орындау индекаторы бар. Таңдалған аптада есепті құру мәнін көрсетеді.

Меңзерді индикаторға апарған кезде келесі деректер бар қалқымалы терезе пайда болады:

  • барлық мектептер: көрсеткішті есептеуге қатысатын мектептер саны;
  • көрсеткішті орындайды: көрсеткішке қойылатын талаптарды орындайтын мектептер саны;
  • орындау керек: көрсеткішке қойылатын талапты орындауы тиіс мектептер саны.

Егер индикаторды орындайтын мектептер саны индикаторды орындауы керек мектептер санынан кем болмаса, көк индикатор шығарылады, әйтпесе қызыл болады.

Меңзердің рұқсат етілген шегі тінтуірді орындалу жолағына апарған кезде қалқымалы терезеде көрсетіледі.

Индикаторды 11.png басқан кезде таңдалған көрсеткіштің өзгеру динамикасының графигі бар терезе ашады.

 

СТАТИСТИКА БЛОКТАРЫ

«ҚОЙЫЛҒАН БАҒАЛАР» статистика блогы жүйеде мұғалімдер қойған бағалар саны туралы ақпаратты қамтиды.

Ақпарат үш уақыт аралығында ұсынылған:

  • барлық уақыт бойынша (өңірде бақылау жүргізу басталған сәттен бастап);
  • осы жылы (ағымдағы оқу жылында), оқу жылының басынан бастап барлық бағалардың жиынтығы;
  • соңғы айда (соңғы төрт аптаның қосындысы).

«ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ» статистика блогында мұғалімдер жүйеге енгізген үй тапсырмаларының саны туралы ақпарат көрсетілген.

Ақпарат үш уақыт аралығында ұсынылған:

  • барлық уақыт бойынша (өңірде бақылау жүргізу басталған сәттен бастап);
  • осы жылы (ағымдағы оқу жылында;
  • соңғы айда (соңғы төрт аптаның қосындысы).

«КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР САНЫ» статистика блогында жүйеге пайдаланушылар жасаған кірулер саны бойынша ақпараттар көрсетілген.

Ақпарат екі уақыт аралығында ұсынылған:

  • соңғы айда (соңғы төрт аптаның қосындысы);
  • соңғы аптада (соңғы 7 күнде);
  • бір күнге орташа.

Пайдаланушының жүйеге бір кіруі - өңірдің жалпы білім беру ұйымдары көрсететін электрондық үлгерім журналы, электрондық күнделік форматында білім алушының ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат беру бойынша бір қызметке тең.

Ескерту: статистика блоктары басқарушы ұйымдар органдарының жұмыс белсенділігіне бақылау жүргізу үшін орналастырылған.

 

АУДАНДАРДЫ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ

Kundelik.kz жұйесінде жұмыс белсенділігін бақылау білім беру ұйымдарының электрондық журналды жүргізу сапасын айқын көрсетеді.

Интерактивті карта таңдалған белсенділік көрсеткішіне байланысты басылады және қайта құрылады:

  • Жасыл түс - таңдалған белсенділік көрсеткішін толығымен орындайтын аймақтар/аудандар;
  • Сары түс - таңдалған белсенділік көрсеткішін толық орындамайтын аймақтар / аудандар;
  • Қызыл түс - таңдалған белсенділік көрсеткішін орындамайтын аймақтар / аудандар.

 

_____.jpg

 

Меңзерді ауданға апарған кезде ауданның атауы көрсетіледі, басқан кезде таңдалған ауданның белсенділігін бақылау беті ашылады.

 

Аудан көрсеткіштерін кестелік көрінісі

 

  • № - таңдалған облыс бойынша ауданның есептік нөмірі. Тізім  аудан көрсеткішінің кему тәртібімен таңдалған көрсеткіш бойынша ұйымдастырылады.
  • Облыс/аудан атауы -  қала/аудан атауы. Атауына басу арқылы көрсеткіш бойынша басқару ұйымдарының белсенділігін бақылау парақшасы құрылады.
  • Облыс/аудан көрсеткіші, % - ББМ-нің ББ/АББ-дегі көрсеткіш бойынша белгіленген мәндерге жету үлесі. Келесі формула бойынша есептеледі:

Х1 - «Төмен» белсенділік санаты бойынша ББМ-нің саны;

Х2 - «Орташа» белсенділік санаты бойынша ББМ-нің саны;

Х3 - «Жоғары» белсенділік санаты бойынша ББМ-нің саны.

M – аудандағы бір ББ үлес салмағы, N – аудандағы ББ саны.

  • ББМ-нің жалпы саны - бұл облыста/ауданда  белсенділік бақылауына  қатысатын ведомстволық бағынысты БММ-нің жалпы саны.
  • Мектептердің белсенділігі. Қызметінің санаты - таңдалған көрсеткіш бойынша әр түрлі белсенділік санаттарындағы (төмен, орташа, жоғары) мектептер санын көрсетеді.

 

 Жекелеген қала/аудан және бағынысты БММ (нақтыланған есептер) белсенділік көрсеткіштеріне көшу

Ауданды/қаланы таңдағаннан кейін (интерактивті картадан немесе белсенділікте аудан/қала атауын басу арқылы) есептік деректері бар жеке форма ашылады.

Экранның жоғарғы бөлігінде есептік кезең, облыс/аудан/қала туралы ақпараты бар блок және белсенділік көрсеткіштері бар блоктар орналасқан.

Барлық көрсеткіштер бойынша мектептің қызметі туралы ақпарат «өткен есепті кезеңмен салыстырғанда индикатор мәнінің Өсуі/ Кемуі» бөлімінде келтірілген:

Графикте ведомстволық бағынысты мектептердегі таңдалған белсенділіктің динамикасы көрсетілген.

 

________.jpg

Кесте бағынысты ББМ тізімінің кему реті (ең жоғарғы мәннен ең төменгі мәнге дейін) бойынша көрсетіледі. Өткен есепті кезеңдегі ББМ белсенділігі осы есепті кезеңдегі белсенділікпен салыстырылады.

Ескертулер:

Жасыл түсті көрсеткіш белсенділік көрсеткішінде мәннің өсуін көрсетеді. Жанында белсенділік көрсеткішіндегі өсу мәні көрсетіледі.

Қызыл түсті көрсеткіш белсенділік көрсеткішіндегі мәннің төмендеуін көрсетеді. Жанында белсенділік көрсеткішіндегі кему мәні көрсетіледі.

«Демалыс» сөзі өткен есеп беру кезеңінде білім беру ұйымында сабақ өткізілмегенін көрсетеді.

ББМ атауын басқан кезде таңдалған ұйым бойынша есептік деректері бар парақша өту жүзеге асырылады. «Мектеп есептеріне өту» батырмасын басқан кезде осы ББ бойынша «ЭЖК жүргізу статистикасы» есебіне көшу жүзеге асырылады.

mceclip8.png

Ескерту: ББМ ішіндегі есептерге көшу АББ (Аудандық білім бөлімі) қызметкеріне ғана қолжетімді.  Басқа АББ - нен ББМ есептерін қарауға тырысқанда 403 қате туралы есеп шығады («Қолжетімділіктен бас тарту»).

 

Комментарии

  • Avatar
    Кобекова Мереке Корганбаевна

    Cәлеметсіздерме? «Күнделік» жүйесінің мектептер жұмысының белсенділікті қалай тексереміз?

  • Avatar
    Алия Искандерова

    Қайырлы күн, Кобекова Мереке Корганбаевна!

    Мектеп парақшасының белсенділігін тексеру үшін, сізге Күнделік сайтына кіргеннен кейін осы сілтеме (https://dashboard.kundelik.kz/#/) бойынша өту керек. Мектебіңіздің белсенділік парақшасы ашылатын болады.

    Изменено: Алия Искандерова