«ЭЖК жүргізу статистикасы: Сыныптар» есебі

Бұл есеп түрі - қызметкерге сынып бойынша классикалық немесе жиынтық журналдың толтырылуын төменде көрсетілген параметрлер бойынша қадағалап, тексеріп отыруға мүмкіндік береді:

  • журналдың соңғы рет өзгертілген күні;
  • журналдағы соңғы өзгертудің авторы;
  • тақырыптарды толтыру %;
  • ҮТ уақытылы толтыру %
  • Ү/Т бар сабақтардың %;
  • журналды жүргізу;
  • жоспарлауды жүргізу %;
  • журналды уақытылы жүргізу %;
  • қорытындыларды қою %;
  • қойылған БЖБ баллдары;
  • қойылған ТЖБ баллдары;

Есепті құрастыру үшін келесі деректерді көрсету қажет:

  • оқу жылы;
  • сынып;
  • есептік кезең;
  • уақыт аралығы (қажет болған жағдайда);
  • «Журналдарды көрсету» сүзгісінің мәні (әдепкі түрде «Барлығы» сүзгісі таңдалған).  
    • тек толтырылатын журналдар үшін «Тек толтырылғандар» сүзгісін таңдау қажет.
    • тек толтырылмаған журналдар үшін «Тек толтырылмағандар» сүзгісін таңдау қажет

 

Аналитикалық параметрлерді есептеу үшін төмендегі формулалар қолданылады:

  • Соңғы өзгерту күні = пән бойынша сынып (сыныптың оқу тобы) журналына енгізілген соңғы өзгеріс күні шығарылады
  • Өзгеріс авторы = пән бойынша сынып (сыныптың оқу тобы) журналына соңғы өзгеріс енгізген пайдаланушының тегі мен аты-жөні.
  • Тақырыптарды толтыру % = (толтырылған тақырыптар саны) * 100% / жалпы сабақтардың саны.
  • Ү/Т бар сабақтардың % = 100 * (ҮТ берілген сабақтардың саны) / (сабақ кестесіндегі таңдалған уақыт аралығындағы сабақтар саны);

Ескерту: есептік кезеңде пәндер бойынша алғашқы сабақтар есепке алынбайды, себебі есептік кезеңде бірінші сабаққа ҮТ берілмейді. Сондай-ақ, «Ү/Т бар сабақтардың %» параметрі неге 100% - ға тең болмауы мүмкін, «ҮТ уақытылы толтыру» көрсеткішін есептеу логикасы мақаласында егжей-тегжейлі жазылған.

w256h2561372777059Exclamation.png «Ү/Т бар сабақтардың %» параметрі ҮТ-ны орындау мерзімі мен авторлығы бойынша ескереді.

Маңызды: «ҮТ уақытылы толтыру» көрсеткішінде ҮТ берілетін сабақтар, яғни кесте бойынша келесі сабақтар тексеріледі.

  • Жоспарлауды жүргізу % = 100 * (ең кемінде бір ҮТ берілген сабақтардың саны немесе сабақ тақырыбы толтырылған сабақтар саны) / (таңдалған уақыт аралығындағы сабақтар саны).
  • Журналды жүргізу % = 100 * (таңдалған кезеңдегі ең кемінде бір баға, сабақтан қалу туралы белгі, сабаққа берілген түсінік, сабақ өткізілгені туралы қанат белгісі қойылған сабақтар саны) / (таңдалған уақыт аралығындағы сабақ кестесіндегі сабақтар саны).
  • Журналды уақытылы жүргізу = 100 * (кезең бойынша уақытылы қойылған бағалар, сабақтан қалу белгісі, сабақтағы жұмыс үшін берілген түсінік саны / жалпы қойылған бағалар, сабақтан қалу белгісі, сабақтағы жұмыс үшін берілген түсінік саны)

Ескерту: «Журналды уақытылы жүргізу» көрсеткішіне тек сабақ өткізілген күні 21:00 дейін (екі ауысыммен оқитын мектептер үшін – келесі күннің 12:00 дейін) төменде көрсетілген жұмыс түрлерінен қойылған бағалар ғана әсер етеді:

  • сабақта жауап беру;
  • сабақтағы тәртібі;
  • сабақтағы жұмыс;
  • жатқа;

Егер таңдалған кезеңде айтылған жұмыс түрлері болмаса,  «Журналдың уақытылы жүргізуі» көрсеткіші есеп құруға деректер жеткіліксіз болғандықтан «сызықша» белгісін көрсетеді.

  • «ТЖБ-ға қойылған баллдар» бағанының формуласы – деректер «нақты мән» / «максималды мән» форматында көрсетіледі, бұл жерде:

Максималды мән – есептік кезеңнің соңына дейін немесе есеп құрылған уақытта мүшелікте бар оқушылар саны (егер есеп есептік кезең аяқталғанға дейінгі уақытқа құрылса).

Нақты мән – есептік кезең журналында қойылған ТЖБ саны.

  • «БЖБ-ға қойылған балл» бағанының формуласы - деректер «нақты мән» / «максималды мән» форматында көрсетіледі (есептік кезеңдегі БЖБ қорытылады), бұл жерде:

Максималды мән – максималды мәні қойылған БЖБ саны * есептік кезеңде сыныптың мүшелігінде болған оқушылар саны.

Ескерту: БЖБ максималды мәндері қойылмаған жағдайда, БЖБ саны «1-еу» деп есептелінеді.

Нақты мән – есептік кезең журналында қойылған БЖБ саны.

«ТЖБ-ға қойылған баллдар» және «БЖБ-ға қойылған баллдар» бағандарында параметрлерінде қорытынды аттестациялау түрі «Есептелінді» деп көрсетілген пәндер есепке алынбайды.

Ескерту: қорытынды бағалау түрінде «Есептелінді» белгісі қолданылатын болса, «БЖБ n», «ТЖБ n» және «Формативті бағалар саны» жолдарында «сызықша» белгісі көрсетіледі.

w256h2561372777059Exclamation.pngЕгер пән бойынша журналдың баптауларында №509 бұйрыққа сәйкес келетін мән белгіленсе, есепті 3 тоқсан кезеңінде қалыптастырған кезде «сызықша» белгісі көрсетіледі.

Ескерту: критериалды бағалау жүйесі үшін ТЖБ және БЖБ қорытынды нәтижелері ескеріледі; қорытынды бағалары «Есептелінді» түрінде қойылатын пәндерде – «Есептелінді» және «Есептелінген жоқ» белгілері.

  • Қорытындыларды қою % = 100 * (қорытынды бағалары қойылған оқушылар саны) / (жалпы оқушылар саны).

Есептің көрінуі: ББМ барлық қызметкерлеріне.

Комментарии