Қызметкерлерге арналған «Күнделік.Мұғалім» жүйесінің мобильді нұсқасы

Білім беру қызметкерлері Жүйенің мобильді нұсқасын қолдана алады. Егер қызметкер жүйеге ұялы немесе планшеттік құрылғыдан кірсе, ол автоматты түрде ашылады.

Бір күндік сабақ кестесі

«Күн» қойындысында таңдалған күннің сабақтар тізімі, сыныптар, сабақ тақырыптары мен кабинеттер көрсетілген. Нақты сабаққа басу арқылы, сабақ парақшасына өту мүмкіндігі бар.

 

mceclip24.png

 

 Ескертулер:

  • Сұр түсті нүктемаңызды сабақтар өтетін күндерді көрсетеді.
  • Қызыл түсті нүкте – өткен маңызды сабаққа баға қою қажеттілігін көрсетеді. 

Қызыл нүкте тек маңызды жұмыс түрлерінде пайда болуы мүмкін.

Маңызды болып есептелінетін сабақ түрлері:

  • Өз бетімен жасалған жұмыс (Ө/Ж);
  • Бақылау жұмысы (Б/Ж);
  • Шығарма (ШЫҒ);
  • Диктант (Д);
  • Бақылау диктанты (БД);
  • Тест (Т);
  • Сынақ (СЫНҚ);
  • Тәжірибелік жұмыс (Т/Ж);
  • Математикалық диктант (М/Д);
  • Мазмұндау (МЗ);
  • Сөздік диктант (СД);
  • Тексеру жұмысы (ТЖ);
  • Баяндама (БАЯН);
  • Сурет бойынша шығарма (СШ).

Көк түсті нүкте - үй тапсырмасы берілмеген сабақ болатын күндерді көрсетеді.

Бір айлық күнтізбе

«Ай» қойындысын басу арқылы, маңызды сабақтары белгіленген ағымдағы ай ашылады. Қызғылт сары түспен ағымдағы күн белгіленген.

«Күн» қойындысын басу арқылы, сол күннің кестесі ашылады. Күнтізбені ағымдағы оқу жылының соңына және оқу жылының басына дейін парақтап ашуға болады.

 

 mceclip26.png

 

Сабақ парақшасы

Сабақ парақшасына «Күн» қойындысындағы сабаққа басу арқылы өтуге болады. Бұл бөлімде сабақтың тақырыбы, сабақ бойынша ақпараттар және жұмыс түрлері көрсетілген.

Сабақ парақшасында мұғалімге келесі әрекеттерге қолжетімділік бар:

  • сабақ бағаларын, қатысу белгілерін немесе түсініктемелерді қою / өңдеу / жою;
  • таңдалған немесе келесі сабаққа үй тапсырмасын қою / өңдеу;
  • сабақта жаңа жұмыс қосу;
  • пән бойынша журналға өту.

Ағымдағы немесе келесі сабаққа үй тапсырмасын беру үшін қызметкер тиісті нұсқаны басу керек: «Осы сабаққа ҮТ қосу» немесе «Келесі сабаққа ҮТ қосу».

Егер сабақ үшін үй тапсырмасы алдын-ала берілсе, парақшада «Осы сабаққа ҮТ қосу» бағаны көрсетілмейді. Сабақ туралы қысқаша ақпаратты басқан кезде ҮТ мәтінін өзгертуге болады.

 

 mceclip22.png

  

Ескерту:  егер қызметкер келесі сабаққа тағайындалмаса, онда «Келесі сабаққа ҮТ қосу» бағаны қосымшада көрсетілмейді.

Назар аударыңыз: жиынтық бағалауының бағаларын (ТЖБ және БЖБ) «Күнделік» жүйесінің толық нұсқасында ғана қоюға болады. Сайттың мобильді нұсқасынан толық нұсқасына көшу үшін мобильді браузер жолында  https://kundelik.kz мекен-жайын енгізу қажет.

Қатысу туралы белгіні қою үшін «Қатысуы» қойындысына өтіп, білім алушының аты-жөнін басуып, белгіні таңдау қажет.

 

mceclip10.png

 

Түсініктеме қалдыру үшін «Түсініктеме» қойындысына өту керек.

Қызметкер дайын түсініктемелерді таңдай алады (ауызша бағалау жүйесі).  белгісін басқан кезде түсініктемені қолмен енгізу мүмкіндігі пайда болады:

 

mceclip9.png

Бағалар, қатысу немесе түсініктемелер белгілер туралы деректерді жою немесе өзгерту үшін тиісті парақшаға өтіп, кейін оқушының аты-жөнін басу қажет. Пайда болған панельде таңдалған қойындыға байланысты «Белгіні өшіру», «Өшіру» немесе «Өзгерту» батырмасын басу қажет.

 

 mceclip8.png

Пән бойынша журналға өту үшін «Журнал» бастырмасына басу қажет. Пән бойынша Журнал таңдалған кезеңге қорытынды баға қою үшін қажет. Сондай-ақ бағалар білім алушының аты-жөнін басқаннан кейін қойылады.

 

mceclip6.png

 

Кезеңді экранның жоғарғы оң жақ бұрышынан таңдауға болады.

 

mceclip5.png

 

Параметрлер

Параметрлерге өту үшін, парақшаның жоғарғы оң жақ бөлігіндегі «параметрлер» белгісіне басу қажет.

 

mceclip4.png

 

Бұл қойындыда, келесі іс-әрекеттерді атқаруға болады:

  • басқа білім беру мекемесіне өтуге (егер мұғалім бірнеше мектепте болса);
  • оқушылардың ТАӘ бейнелеу форматын өзгертуге;
  • тілді ауыстыруға;
  • парақшадан шығуға.

 

mceclip2.png

Комментарии