Пайдаланушыны қалай мектептен шығаруға / жоюға және «Мұрағатқа» өткізуге болады?

Пайдаланушыны мектептен шығару

Пайдаланушыны мектептен шығару үшін:

  • пайдаланушы парақшасында «Қарап шығу» қойындысына өту;
  • экранның оң жағындағы «Мектептен шығару» сілтемесіне басу;

 

 

  • шығу себебін көрсету (қажет болған жағдайда оқушының шығаруға бұйрықтың күнін, түрін және нөмірін көрсетуге болады);
  • «Әрі қарай» батырмасына басу;
  • «Иә, шығару» батырмасына басу арқылы шығаруды растау қажет.

Мектептен шығарудың 2 түрі бар:

  • «Нақты» типі білім алушының ББМ (Білім беру мекемесі) көрсетілген күнімен шығатынын білдіреді. Мұндай жағдайда нақты шығу күнін енгізу қажет болады.
  • «Қате салдарынан» типі білім алушының ББМ ешқашан оқымағандығын және парақша қате салдарынан енгізілгендігін білдіреді. Шығу күнін енгізу қажет емес.

«Нақты» типімен шығару барысында, мүшеліктің аяқталу дұрыс күнін және шығару типін енгізу маңызды. Сыныптағы және ББМ мүшеліктің басталу және аяқталу күндерінің дұрыс енгізілгені жүйенің жөнді жұмыс жасауының және білім алушылардың қозғалысы туралы есебінің дұрыс қалыптастыруын қамтамасыз етеді.

 Оқушы парақшасы мен ата-ананың парақшасы арасындағы байланысты жою арқылы ата-ананы ұйымнан шығаруға болады.

Ата-ана парақшасын мектептен шығару үшін:

  • оқушы парақшасында «Туысқандар» қойындысына өту;
  • ата-ананың аты-жөніне қарама-қарсы орналасқан  батырмасына басу;

 

 

  • әрекетті растау үшін «Иә, жою!» батырмасына басу қажет. 

Мектептен шығарылған пайдаланушыға «Бағдарламалар ортылығы» бөлімінің бірқатар сервистері және Жүйенің әлеуметтік мүмкіндіктері қолжетімді болады. Бірақ білім беру мекемесіне қатысты, жалпыға бірдей қолжетімділікті қоспағанда, қолжетімсіз болады.

Пайдаланушыны мектепке қалпына келтіру

Жалпы білім беру ұйымының әкімшісінде шығарылған пайдаланушыларды қалпына келтіруге құқығы бар.

Пайдаланушыны қалпына келтіру үшін:

  • «Адамдар тізімі» бөліміне өтіп, «Мұрағат» қойындысын ашу;
  • жойылған пайдаланушыны тауып, оның аты-жөніне немесе оң жағындағы қарындаш белгішесін басу арқылы парақшаның баптауларына өту;
  • экранның оң жағында дұрыс деректерді көрсете отырып, «Қалпына келтіру» батырмасын басу қажет.

 

 

Пайдаланушының парақшасын қалпына келтіру барысында қалпына келтіру типін таңдау қажет:

  • «Нақты» типі білім алушының мекемеден шыққанын және сол білім беру мекемесіне қайта келгенін білдіреді. Мұндай жағдайда ББМ нақты келу күнін енгізу қажет.
  • «Қате салдарынан» типі білім алушының ББМ шықпағандығын және қателікпен шығарғандығын білдіреді. Мұндай жағдайда нақты келу күнін және нақты сыныпты енгізу қажет.

«Мұрағатта» тұрған пайдаланушылардың деректерін импорттаған кезде, жүйе «Бұл пайдаланушы жүйеде бұрыннан тіркелген» деген ескерту жасайды. Бұл пайдаланушыларға қалпына келтіру жұмысын жасау қажет болады.

Комментарии