Жеке үй тапсырманы қалай беруге болады?

Үй тапсырмасын (әрі қарай - ҮТ) құрудың және берудің бірнеше әдісі бар:

  • нақты сабақ парақшасында;
  • «Күнтізбелік жоспарлау» парақшасында;
  • «Үй тапсырмасы» парақшасында.

 

Сабақ парақшасында және «Үй тапсырмасы» парақшасында жеке ҮТ құру

Нақты сабақ парақшасында немесе «Үй тапсырмасы» парақшасында жеке ҮТ құру үшін:

  • сабақ парақшасына өтіп, «ҮТ қосу» батырмасын басу (қосымша: «Үй тапсырмасы» парақшасында сыныпты және сынып кестесінен сабақты таңдау қажет болады);
  • келесі деректерді көрсетіп, ҮТ құру:
    • журналда көріну параметрлерін реттеу (қажетті болған жағдайда);
    • бағалау түрі (қажетті болған жағдайда);
    • ҮТ сипаттамасы;
    • орындалуына кететін уақыт;
    • файл тіркеу (қажетті болған жағдайда);
  • парақшаның төменгі бөлігінде «Сақтау және әзірше бермеу» батырмасын басу;
  • ашылған парақшада, ҮТ берілетін оқушыларды, қанат белгісімен белгілеу;
  • «Таңдалған оқушыларға жіберу» батырмасын басу қажет.

Үй тапсырмасы тек қанат белгісімен белгіленген оқушыларға ғана беріледі. ҮТ берілмеген оқушылардың жанында «Тоқтатылды» күйі болады.

Ескерту: «ҮТ беру» батырмасы таңдалса, ҮТ сыныптың барлық оқушыларына автоматты түрде беріледі. Егер ҮТ сыныптың барлық оқушыларына қате берілсе, оның күйін өзгерту қажет. Ол үшін, бұл ҮТ берілмеген оқушылардың жанындағы «Берілді» күйін басып, түскен тізімнен «Тоқтатылды» нұсқасын таңдау қажет.

 

«Күнтізбелік жоспарлау» парақшасында жеке ҮТ құру

«Күнтізбелік жоспарлау» парақшасында құрылған ҮТ автоматты түрде барлық оқушыларға беріледі.

«Күнтізбелік жоспарлау» парақшасында жеке ҮТ құру үшін, келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

  • нақты сыныптың пән бойынша күнтізбелік жоспарлауына өту;
  • жаңа ҮТ құру немесе өзгертулер енгізу қажет ҮТ табу;
  • күнтізбелік жоспарлау кестесінде ҮТ нөмірінің жанында тұрған «Қарау» сілтемесін басу;
  • ашылған бетте ҮТ берілмеген оқушылардың жанындағы «Берілді» күйін басып, түскен тізімнен «Тоқтатылды» нұсқасын таңдау;
  • қажет болған жағдайда, осы іс-әрекетті басқа да сыныптарға орындау.

Үй тапсырмасы тек «Берілді» күйі бар оқушыларға ғана көрінеді. Қалған оқушыларға ҮТ көрінбейді.

Комментарии