Kundelik.kz сайтында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша нұсқаулық

Kundelik.kz қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру үшін бірқатар құралдарды ұсынады, бұл білім алушыларға үйде тұрып оқу үдерісін үзбеуге, пәндерді өз бетінше оқуға, барлық сынып іс-шараларын виртуалды кеңістікке көшіруге және оларға қашықтықтан қатысуға мүмкіндік береді.

Егер карантин кезеңінде қызметкерлер білім алушылармен қашықтықтан жұмыс жүргізуді және ҮТ беруді жоспарламаса, кестеде сабақтарды болдырмау қажет. Оларды мереке немесе демалыс күндері ретінде белгілеу қажет емес.

 

Хабарландырулар, жаңалықтар және жазбалар

Карантиннің басталуы, карантинге байланысты қашықтықтан оқыту процесінің ұзақтығы туралы пайдаланушыларды хабардар ету үшін, сондай-ақ басқа ұйымдастыру ақпаратын жариялау үшін жазбаларды пайдалану қажет. Жазбалар жасалатын және сақталатын жеке қабырғалар қарастырылған. Жазбалардың көмегімен барлық білім беру ұйымына да, белгілі бір сынып оқушыларына да хабарландыру жасауға болады.

Жазбаны жариялау үшін:

  • жазба қабырғасы бар бетті ашу;
  • мәтін өрісіне жазба мәтінін енгізу;
  • «Жіберу» батырмасына басу.

Жазбаны жасау нұсқаулығымен мына жерде танысуға болады.

Хабарландыру үшін жазбаларды қалай пайдалану туралы егжей - тегжейлі ақпарат мұнда жазылған.

 

Файлдар 

Карантиндегі білім алушыларға арналған материалдар қызметкерлердің қалауы бойынша сынып немесе ББМ парақшасындағы «Файлдар» бөлімінде орналастыру керек.

Бұл материалдарға кейіннен үй тапсырмалары сипаттамасында сілтемелер беруге болады. Жүктелетін файлдардың жалпы көлемі 5 Гб аспауы тиіс.

«Файлдар» қызметі «Файлдар» қойындысында қолжетімді. Файлдарды жүктеу үшін «Файлдарды жүктеу» батырмасын басу керек.

Файлдармен жұмыс істеу нұсқаулығымен мына жерде танысуға болады.

 

Үй тапсырмалар

«Үй тапсырмалары» функциясының көмегімен мұғалім топтық және жеке тапсырмаларды бере алады, және олардың орындалу барысын бақылай алады. Білім алушылар тапсырманы қашықтықтан орындап, бірден нәтижелерді жібере алады. Ол үшін мұғалім үй тапсырмасын жасау кезінде «Нәтижелері бар файл қажет» тармағын белгілеу керек.

 

mceclip3.png

Үй тапсырмасында бағалау түрін, орындау күнін, тексерудің бар-жоғын, орындау уақытын көрсетуге, сондай-ақ тапсырмасы бар файлды қосуға болады. Мұғалім тапсырманың күйін өзгерте алады, түсініктеме қалдыра алады, жеке кеңестер бере алады. Білім алушы мен мұғалімнің барлық әрекеттері сақталады және жазылады. Ата-аналар балаларына берілген үй тапсырмаларын көре алады.

Үй тапсырмасын бірнеше жолмен жасауға және беруге болады:

  • сабақтың нақты бетінде;
  • «Күнтізбелік жоспарлаудың» парақшасында;
  • «Үй тапсырмалардың» парақшасында.

Үй тапсырмалар туралы толық ақпаратты мына жерден табуға болады.

Ескерту: жеке үй тапсырмасын беру туралы мына жерден табуға болады.

 

Форумдар және жеке хабарламалар

Білім алушыларға топтық кеңес беру және ата-аналармен қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға байланысты мәселелерді талқылау үшін топтарда / оқиғаларда, білім беру ұйымының / сыныптың профилінде форумдарды пайдалануға болады. Жеке қарым - қатынас жасау үшін, жеке хат пайдалану қажет.

Форумда бар тақырыптарды талқылауға білім беру ұйымының / сыныптың / топтың / оқиғалар парақшасында арнайы блокта немесе «Форум» қойындысында қатысуға болады.

Пайдаланушыға жеке хат жіберу оның жеке профилініңің жоғарғы оң жақ бұрышындағы «конверт» mceclip4.png белгісін басу арқылы жазуға болады.

w256h2561372777059Exclamation.png Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша егжей - тегжейлі ұсыныстар осы мақалада бекітілген.

Комментарии