Сыныптарды жаңа оқу жылына ауыстыру. Сыныптарды өңдеу

Назар аударыңыз! «Күнделік» Жүйесінде жаңа оқу жылына көшу - 1 тамыз айында. Тамыз айына дейін сыныптарды жаңа оқу жылына ауыстыру ұсынылмайды, себебі жазғы кезең ішінде оқушылар мектептен мектепке ауысатын болады және оқушыларды мектептен шығаруды сынып жаңа оқу жылына ауыстырылғанға дейін жүзеге асыру қажет.

Сыныпты бітіргізіп шығару (11 сыныптар), келесі оқу жылына және «Мұрағатқа» ауыстыру батырмалары сынып туралы мәліметтер бар парақшада жеке блокта орналасқан.

 

 

Сынып мәліметтерін өңдеу, оны шығару және келесі оқу жылына ауыстыру мүмкіндігі Әкімші және «Сынып» блогына толық қолжетімділігі бар редакторда ғана бар.

Ескерту: «Сыныпты бітіргізіп шығару» батырмасы, сынып баптауларында «Түлектер сыныбы» өрісіне құс белгісі қойылған жағдайда ғана болады. Құс белгісін қою үшін сынып парақшасында  «Өңдеу» қойындысына өту қажет.

 

Осылайша, білім беру ұйымының қызметкеріне келесі мүмкіндіктер қолжетімді:

  • сыныпты жаңа оқу жылына толығымен және оқушыларды іріктеу арқылы өткізу;
  • сыныпты «Мұрағатқа» өткізу;
  • сыныпты бітіргізіп шығару;
  • сыныпты жою.

Оқу жылы аяқталғаннан кейін барлық сыныптар:

  • бітіргізіп шығарылады (11 сыныптар);
  • келесі оқу жылына ауыстырылады;
  • «Мұрағатқа» өткізіледі.

Сынып мұрағатқа өтсе немесе жаңа оқу жылына ауыстырылса, бұл әрекет сыныптар тізімінде көрініп тұрады және сыныптар тізімінің парақшасында арнаулы түспен боялады:

  • қара түспен – жаңа оқу жылына ауыстырылған сыныптар;
  • сұр түспен – «Мұрағатқа» ауыстырылған сыныптар;
  • көк түспен – жаңа оқу жылына да, «Мұрағатқа» да ауыстырылмаған сыныптар.

Ескерту: егер сынып жаңа оқу жылына ауыстырылмаса (мысалы, екі сыныптан бір сынып құрастырылған немесе сынып бітіргізіп шығарылған), «Сыныпты бітіргізіп шығару» немесе «Мұрағатқа өткізу» батырмасы арқылы сыныптың тарихын жабу қажет. Оқу жылы біткеннен кейін барлық сыныптар бітіргізіп шығарылу қажет немесе мұрағатқа өту қажет.

Сыныпты толық құрамымен жаңа оқу жылына ауыстыру

Сыныпты толық құрамында жаңа оқу жылына ауыстыру үшін:  

  • «Қарап шығу» қойындысына өту;
  • сыныптың ашылған парақшасында «Жаңа оқу жылына ауыстыру» батырмасын басу;
  • «Жалпы сынып» параметрін таңдау;
  • «Әрі қарай» батырмасын басу;
  • сыныптың жаңа атауын және параллелін енгізу. Қажет болса, «Түлектер сыныбы» парамертінде құс белгісін қою;
  • «Әрі қарай» батырмасын басу;

Ескертулер:

  • бұл әрекетті жасау барысында, сыныптың парақшасында былтырғы оқу жылындағы енгізілген деректер сақталады;
  • қажет болған жағдайда ауыстыру туралы бұйрықтың деректерін енгізу.

 

 

Сыныптың оқушыларын іріктеу арқылы жаңа оқу жылына ауыстыру

Іріктеу арқылы ауыстыру тек жаңа оқу жылында қажетті сыныптар құрылған болса ғана мүмкін болады.

Сыныптың оқушыларын іріктеу арқылы жаңа оқу жылына ауыстыру үшін:

  • «Қарап шығу» қойындысына өту;
  • сыныптың ашылған парақшасында «Жаңа оқу жылына ауыстыру» батырмасын басу;
  • «Таңдалған оқушылар» батырмасын басу;
  • «Әрі қарай» батырмасын басу;
  • оқу жылды таңдап, сыныпты тізімнен таңдап, жаңа оқу жылына ауыстырылатын оқушыларды ауыстыру типін таңдау;
  • «Әрі қарай» батырмасын басу;

Қалған оқушыларды бітіргізіп шығару немесе «Мұрағатқа» өткізу қажет.

Ескертулер:

  • оқушыларды таңдап, жаңа оқу жылына ауыстыру жолы, тек қана жаңа оқу жылында жаңа сынып жасалған жағдайда ғана қолжетімді;
  • қажет болған жағдайда ауыстыру туралы бұйрықтың деректерін енгізу қажет;
  • ауыстыру барысында «Нақты» типін таңдаған кезде, сыныптағы мүшеліктің басталу күнін міндетті түрде енгізу қажет.

 

 

Сыныпты «Мұрағатқа» өткізу 

Сыныпты «Мұрағатқа» өткізу үшін:

  • «Қарап шығу» қойындысына өту;
  • «Бітіргіп шығару» немесе «Мұрағатқа өткізу» батырмасына басу.

Егер сынып қате салдарынан бітіргізіп шығарылса, оны қалпына келтіруге болады. Сынып парақшасын қалпына келтіру үшін:

  • «Қарап шығу» қойындысына өту;
  • «Сынып параметрлері» режимінде, оң жақтағы «Мұрағаннан қалпына келтіру» сілтемесін басу;
  • қалпына келтіруді растау.

Сынып мұрағатқа өткен кезде, сыныптың барлық қатысушылары мектептен шығады. Қалпына келтіру әрекеті тек қана оқушылардың парашасында біртіндеп жасауға ғана болады. Толығырақ ақпарат «Жойылған пайдаланушыны қалай қалпына келтіруге болады?» мақаласында көрсетілген. 

Сынып парақшасын жою

Сынып парақшасын жою үшін:

  • «Қарап шығу» қойындысына өту;
  • оң жақта орналасқан «Жою» батырмасын басу;
  • «Ия, жою» батырмасы арқылы, жоюды растау.

Ескерту: сыныпты жою, тек қана онымен байланысқан ақпарат жоқ болған жағдайда ғана мүмкін болады. Оқушылар, сабақ кестесі, КТЖ, сынып парақшасында көрсетілген есептік кезең, қоңыраулар кестесі, сынып жетекшісі туралы ақпарат жойылу қажет.

Комментарии