Оқушының көшуі немесе оқушыны қалай дұрыс ауыстыру, оқудан шығару және тіркеу туралы қысқаша ақпарат

Оқушының парақшасындағы «Көшу» бөліміне қандай да бір өзгертулер енгізілмес бұрын, пайдаланушы жүйеге кем дегенде бір рет кіргеніне көз жеткізіп, жүйеде көрсетілген пайдаланушы аты мен аты-жөнін жазып алу қажет.

Жүйеде оқушы парақшасымен келесі операцияларды орындауға болады:

  • бір параллель аясында басқа сыныпқа ауыстыру;
  • оқу жылының соңында келесі сыныпқа ауыстыру;
  • парақшаны білім беру ұйымынан шығару;
  • мұрағаттан парақшаны қалпына келтіру.

Бұл әрекеттердің барлығы пайдаланушының көшуіне әсер етеді.

Әр оқушының кем дегенде бір рет өз парақшасына кіруі маңызды (яғни олар жүйеде тіркелуі).

Оқушының басқа сыныпқа ауысуы

Сыныптан сыныпқа көшудің екі түрі бар:

  • «Нақты» түріндегі ауысу, оқушының бір сыныптан екінші сыныпқа ауысқанын білдіреді (мысалы, 5-а сыныбынан 5-б сыныбына). Бұл жағдайда ауысудың нақты күнін белгілеу қажет.
  • «Қате салдарынан» түріндегі ауысу оқушының сыныпқа кездейсоқ қосылғанын және оны дұрыс сыныпқа ауыстыру қажет екендігін білдіреді. Шығару күні талап етілмейді.

Оқушыны білім беру ұйымынан шығару

Мектептен шығарудың екі түрі бар:

  • «Нақты» түріндегі ауысу оқушынының нақты белгіленген күнімен ұйымнан шығарылғанын білдіреді. Бұл жағдайда шығарудың нақты күнін белгілеу қажет.
  • «Қате салдарынан» түріндегі ауысу пайдаланушының ешқашан ұйымда оқымағандығын және парақша қате құрылғанын білдіреді. Шығару күні талап етілмейді. Мектептен шығарудың осы түрін таңдаған кезде оқушыға қатысты барлық ақпарат және бағалары Жүйеден жойылады. Егер оқушы Жүйеге кемінде бір рет кірсе, барлық мәліметтерді қалпына келтіру мүмкіндігі бар. Ол үшін оның пайдаланушы атын біліп, оны ұйымға «Жүйеде бар пайдаланушы» ретінде қайта қосу қажет.

Оқушыны мұрағаттан қалпына келтіру

Қалпына келтірудің екі түрі бар:

  • Мұрағаттан «Нақты» түрімен қалпына келтіру, оқушы ұйымнан шығарылып, қайтадан сол білім беру ұйымына оралғандығын білдіреді. Бұл жағдайда ұйымға нақты келу күнін белгілеу қажет.
  • Мұрағаттан «Қате салдарынан» қалпына келтіру, оқушының ұйымнан кетпегенін, бірақ оны қателікпен шығарғанын білдіреді. Бұл жағдайда дұрыс сыныбына келген нақты күнді белгілеу қажет.

Егер пайдаланушы бірнеше рет жойылса және қалпына келтірілсе, әкімшілер келесі көшу түріне тап болуы мүмкін:

Мысалы, оқушының бірнеше рет оқудан шығарылып, «Нақты» түрімен қалпына келтірілгені көрсетілген. Жүйе мұндай әрекеттерді «пайдаланушы ұйымнан бірнеше рет шығарылып, бірнеше рет қайта қалпына келтірілген» деп қабылдайды. 

Мұндай жағдайда оқушының көшу туралы ақпаратын түзету үшін пайдаланушыларды қолдау қызметіне хабарласу қажет.

Комментарии