Білім беру мекемесінің қосылуы және парақшасын өңдеу жөніндегі ұсыныстар

Білім беру мекемесінің «Күнделік» жүйесіне қосылу бойынша ұсыныстар

«Күнделік» ақпараттық жүйесіне қосылу жөнінде дайындық ретіндегі ережелері:

  • жүйеде білім беру ұйымын (бұдан әрі - ББ) белсендіру, деректерлер енгізу және «Күнделік» жүйесінде әкімгерді сайлау;
  • мұғалімдерге жүйемен ғаламтор желісінде еркін жұмыс істеу үшін, жұмыс орнын барынша ұйымдастыру;
  • білім беру мекемесі туралы деректерді, ақпараттық деректер жүйесіне енгізу бойынша, қызметкерлер арасындағы міндеттерді бөлу;
  • жүйеде жұмыс істеу дағдыларын қызметкерлерге уақытылы оқытуды ұйымдастыру;
  • оқушылар мен ата-аналарға Жүйемен таныстыру жұмыстарын өткізу.

Нормативтік-құқықтық сүйемелдеу

Қосылудың нормативтік-құқықтық сүйемелдеу процесін қамтамасыз ету үшін, келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:

  • «Күнделік» ақпараттық жүйесін енгізу туралы құжатты (бұйрық) дайындау қажет, онда:
    • ақпарат енгізу жауапты маманды ресми түрде тағайындау – Жүйенің бірінші әкімшісі;
    • ақпараттық Жүйенің енгізу жоспарын бекіту. Онда қажетті іс-шаралардың тізімін мақұлдау және оларды жүргізу мерзімін, болжамды нәтижелері мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып ақпараттық жүйені енгізу.
  • Заңды өкілдерден (және заңды өкілдерінен) оқушылардың жеке деректерін өңдеуге келісім шарттарды алу;
  • «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен ресми келісім шарт орнату. Бұл келісім шарт қызмет көрсету тәртібі мен талаптарды, тараптардың құқықтары мен міндеттерін ескертеді және ББМ мен «Күнделік (Kundelik)» ЖШС арасындағы өзара ресми қатынасын растайды.

w256h2561372777059Exclamation.png Келісім үлгілерін келесі мақаладан табуға болады: «Дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған келісім».

w256h2561372777059Exclamation.png Келісім шарт үлгілерін келесі мақаладан табуға болады: «Күнделік (Kundelik)» ЖШС-мен білім беру ұйымдастыруына келісім».

Танысу үшін: Білім беру мекемесінің электрондық парақшасын жасау сұлбасы

Комментарии