Жүйеге кіруге арналған деректерді қалай қалпына келтіруге болады? (пайдаланушы аты және құпиясөз)

Егер пайдаланушы өзінің парақшасында электрондық поштасын растаған болса, онда ол жүйеге кіруге қажетті деректерді өзідігінен қалпына келтіре алады. Пайдаланушы аты мен құпиясөздің екеуі де ұмытылып кеткен болса да, қалпына келтіруге болады.

Егер пайдаланушы өзінің парақшасындағы электрондық поштаны растамаған болса, ол мектептің әкімшілеріне немесе сынып мұғалімдеріне хабарласуы керек.

Ескерту: әкімшілер туралы ақпарат «Әкімшілер» блогындағы мектептің парақшасында, сынып мұғалімдері туралы ақпарат «Сынып қызметкерлері» блогындағы сынып парақшасында орналасқан.

 

Қатынасты қалпына келтіру 

1-қадам. Сайттың бастапқы бетінде «Қатынасты қалпына келтіріңіз» тармағын таңдауға болады.

 

 

2-қадам. Бұдан әрі мәселенің түрін көрсету керек:

 

 

Пайдаланушы аты жоғалған жағдайда не істеуге болады?

Бұл жағдайда ақпарат алу үшін «Пайдаланушы атымды ұмыттым» опциясын таңдап, келесі өрістерді толтыру қажет:

  • электрондық пошта;
  • туған күні;
  • суреттегі сандар.

 

 

Пайдаланушы аты көрсетілген электрондық поштаға тек туған күні бірдей болса ғана жіберіледі.

 

Құпиясөз жоғалған жағдайда не істеуге болады?

Бұл жағдайда, «Құпиясөзді ұмыттым» опциясын таңдап, келесі өрістерді толтыру қажет:

  • пайдаланушы аты;
  • суреттегі сандар.

 

Құпиясөзді қалпына келтіретін сілтеме электрондық поштаға жіберіледі. Сонымен қатар, екі терезенің ашық өрісінде жаңа құпиясөз енгізіледі.

 

Құпиясөз және пайдаланушы аты жоғалған жағдайда не істеуге болады?

Бұл жағдайда «Пайдаланушы аты мен құпиясөзді ұмыттым» опциясын таңдап, келесі өрістерді толтыру қажет:

  • пішін «Пайдаланушы атым есімде жоқ» тармағына ұқсас;
  • қалпына келтіру жолы «Құпиясөзім есімде жоқ» жағдайымен бірдей.

 

 

Қатынасты қалпына келтірудің кез келген қиындықтары болса, мектептің әкімшілеріне, сынып жетекшісіне немесе Қолдау қызметіне хабарласу қажет.

Ескерту: әкімшілер туралы ақпарат «Әкімшілер» блогындағы мектептің парақшасында, сынып мұғалімдері туралы ақпарат «Сынып қызметкерлері» блогындағы сынып парақшасында орналасқан.

Комментарии