Парақшаның электронды мекен-жайын қалай өзгертуге болады?

Әрбір пайдаланушы өзінің поштасын өздігінен өзгерте алады және растай алады.

 

Поштаны қалай өзгертуге болады?

Парақшадағы поштаны өңдеу үшін:

  • «Қауіпсіздік» қойындысындағы парақшаның параметрлеріне өту;
  • «Электрондық пошта» жолағында «Қатынасты қалпына келтіру» қойындысында қажетті электрондық поштаны көрсету;
  • «Қолданыстағы құпиясөз» өрісіндегі өзгерістерді сақтау үшін парақшаның құпиясөзін енгізу;
  • «Сақтау» батырмасына басу қажет.

 

 

Поштаны қалай растауға болады?

Парақшаны белсендірілгеннен кейін, және «Қауіпсіздік» қойындысын өздігінен өзгертулер енгізген жағдайда міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет.

Растау үшін:

  • «Қауіпсіздік» қойындысының астында «Растау үшін хатты жіберу» әрекетін таңдау;
  • жүйеге енгізілген электронды поштаға кіріп, «Kundelik.kz» - тен келген хатты ашу;
  • хатта көрсетілген сілтеме бойынша өту.

Ескерту: егер хабарлама келмесе, поштада «Спам» / «Ұнамсыз (нежелательная почта)» папкасын тексеру қажет.

Парақшаны тіркегенде және белсендіргенде, электрондық поштаны растайтын хат автоматты түрде келеді.

Комментарии