Пайдаланушы аты дегеніміз не? Пайдаланушы атын қалай өзгертуге болады?

Пайдаланушы аты - жүйеге кіруге арналған жеке аты, ол таңбалардың кезектілігінен тұрады. Пайдаланушы атын тек бір рет ғана өзгертуге болады.

Жаңа пайдаланушыларға пайдаланушы аты автоматты түрде жасалады.

Пайдаланушы атына келесі талаптар қойылады:

  • пайдаланушы аты міндетті түрде әріппен басталады және кем дегенде 6 таңбадан және 20 таңбадан аспауы керек;
  • пайдаланушы аты жасау кезінде латын әріптерін, сандарды, сызықтарды (-), астынғы сызық ( _ ) және сызықшалармен нүктелерді (.) пайдалануға болады;
  • пайдаланушы атында @ белгісі жарамсыз;
  • пайдаланушы атында бос орын жарамсыз;
  • пайдаланушы аты нүктемен (.) және сызықша ( _ ) аяқталу жарамсыз.

w256h2561372777059Exclamation.png Пайдаланушы аты кез келген тіркелімде (регистрде) енгізілуі мүмкін (PETROV, Petrov және PeTrOv - бірдей пайдаланушы аты).

w256h2561372777059Exclamation.png Әрбір пайдаланушыда, жеке парақшаның параметрлерінде пайдаланушы атты бір рет өзгертуге рұқсат етіледі.

 

Пайдаланушы атын қалай өзгертуге болады?

Пайдаланушы атын өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  • парақшаның «Параметрлеріне» өту қажет;
  • парақшаның параметрлеріндегі «Пайдаланушы аты және құпиясөз» қойындысына өту;
  • ағымдағы пайдаланушы атына қарама-қарсы «Өзгерту» батырмасына басу;
  • жаңа пайдаланушы атын енгізіп, ағымдағы құпиясөзді енгізу арқылы, пайдаланушы аттың өзгерістерін растау;
  • «Сақтау» түймешігін басу.

 

Комментарии