«Күнделік» АЖЖ жүйесінде қалай тіркелуге болады?

«Күнделік» жүйесіне тіркелу үшін:

  • мектептің қызметкерлерінен тіркеу үшін пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу қажет;

Ата-аналар мен оқушылар жүйеге тіркелуге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу үшін мектептегі деректерді толтыруға жауапты қызметкерге, яғни мектептің Әкімшісіне хабарласуы қажет.

Егер әкімші туралы ақпарат болмаса, сынып жетекшісімен байланысуға болады.

Қызметкерлер тіркелуге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу үшін мектептің Әкімшісімен байланысуы керек. Мектептің әкімшілері туралы ақпаратты директордан алуға болады.

  • https://kundelik.kz/ сайтына өту:
  • «Кіру» батырмасына басу қажет;

 

  • алынған пайдаланушы аты мен құпиясөзді тиісті өрістерге енгізіп және «Кіру» батырмасына басу қажет;

 

 

Ескерту: егер жеке деректердегі қате табылса, парақшаны өңдеу үшін білім беру ұйымымен хабарласыңыз. 

  • «Қауіпсіздік параметрлері»: электрондық поштаны (міндетті түрде) толтыру қажет. Бұл деректерді енгізу, ең алдымен, парақшаны қорғау үшін, сондай-ақ жоғалған жағдайда пайдаланушы аты мен құпиясөзді жылдам және өздігіңізден қалпына келтіру үшін қажет;

 

 

Ескерту: тіркелу кезінде өзіңіздің жарамды және қолжетімді электрондық поштаны көрсету керек.

  • талаптарға сай келетін жаңа құпиясөзді енгізіңіз;

 

 

  • сайтқа бірінші кіргеннен кейін, жүйе уақытша құпиясөзді тұрақты күйге келтіру ұсынылады. Тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін, жеке парақшаның параметрлерінде бір рет өзгертуге болады.

w256h2561372777059Exclamation.png Қауіпсіздік мақсатында басқа адамдардың немесе жалпыға ортақ электрондық пошта мекен-жайларын қалдыру ұсынылмайды.

Комментарии