Ата-ана парақшасын пайдалану артықшылықтары

Жүйеде оқушылардың және ата-аналардың/заңды өкілінің парақшаларын жасау мүмкіндігі бар.

Ата-ана парақшасын тіркеу және пайдалану келесі бірқатар артықшылықтары бар.

 

Барлық оқушылар туралы деректер «Балалар» бөлімінде 

Егер ата-анада бірнеше балалар бар болса, жүйеде бір ата-ана парақшасына бірнеше баланы «косу» мүмкіндігі бар.

Мұндай жағдайда, «Балалар» бөлімінде барлық бала туралы деректер қолжетімді болады, және ата-анаға бірнеше пайдаланушы аты және құпиясөзбен жүйеге кіру қажеттілігі болмайды.

 

Ескерту: бұл мүмкіндік, балалар әр түрлі мектептерде оқыса да, қолжетімді.

 

Ақпараттық қауіпсіздік

Егер ата-ана мен оқушы бір парақшаны пайдаланса (мысалы, баланың атына тіркелген), онда оқушыға келесі мүмкіндіктер қолжетімді:

  • ата-ананың рұқсатынсыз пайдаланушы аты және құпиясөзді парақшаның баптауларында ауыстыру;
  • ата-ананың рұқсатынсыз email-ды баптаулардан алып тастау.

Бұл әрекет ата-ананың жүйеге кіру мүмкіндігіне кедергі келтіреді.

Техникалық тұрғыдан алғанда, «жетілдірілген» балалар беттің HTML кодтауындағы бағалардың дисплейін өзгертіп, ата-аналарға дұрыс емес ақпаратты көрсетуге тырысуы мүмкін. 

Мұндай әрекеттерді болдырмау үшін, оқушының жеке парақшасын (пайдаланушы аты мен құпиясөзді тек қана оқушы білетінін), және ата-аналардың жеке парақшасын тіркеу қажет (пайдаланушы аты мен құпиясөзді тек қана ата-анаға қолжетімді және оқушыға қолжетімсіз).

 

Жобаның әлеуметтік мүмкіндіктері

Жүйеде жеке хат алмасу мүмкіндігі бар.

Ата-анада мектеп қызметкеріне құпия түрде хабарламаны жіберу қажеттілігі туындауы мүмкін, сондықтан бала парақшасы арқылы оны жіберу мүмкін болмайды.

 

Комментарии