Оқушылар үшін K.Bonus -> Sulpak

K. Bonus (Kundelik Bonus) - бұл «Күнделік» (Kundelik) ЖШС компаниясы әзірлеген әлеуметтік бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты kundelik.kz пайдаланушыларына келесідей мүмкіндіктер беретін бастаманы әзірлеу:

  • Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру;
  • Тауарларды сатып алуға айырбастау үшін бонустарды жүйелі түрде жинақтау;
  • Серіктестердің бағдарламаларына тегін қатысу.

Бағдарлама компания серіктестерінің бонустарын алуға, жинақтауға және серіктес дүкендерінде олармен төлеуге мүмкіндік береді.

K. Bonus - бұл kundelik.kz электрондық журналда алынған балл үшін алатын бонустар.

S. Bonus - бұл Sulpak компаниясының бонустары, осы бонустармен сіз Sulpak дүкендерінен сатып алу үшін тауар құнының 30% - на дейін төлей аласыз.

K. Bonus бонустарын қалай алуға болады?

Оқушыларға арналған K. Bonus алу шарттары:

  1. Бағдарламаға 9, 10 және 11 сынып оқушылары қатыса алады.
  2. Әр 9 және 10 баллдық Формативті баға үшін, сіз +100 K. Bonus аласыз.
  3. Тоқсанның үздік (бағасы 5-ке тең) қорытынды бағалары үшін + 500 K.Bonus. 
  4. Арнайы Sulpak бонустарына айырбастау сәтінен бастап 30 күнге дейін жарамды.
  5. Тоқсан үшін, сіз 10 000-нан аспайтын бонустарды айырбастай аласыз.

Бағдарлама аясында алынған бонустарды тексеру үшін, сіз бағдарламаның веб-сайтына тіркелуіңіз керек.

  • https://bonus.kundelik.kz/kz тіркелу сілтемесіне өтіңіз;
  • жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Кіру» батырмасын басыңыз;
  • жеке мәліметтеріңізді енгізіңіз (егер бар болса, дұрыстығын тексеріңіз);
    • телефон нөмірі +7(***)***-**-** форматында көрсетіледі. Телефон нөмірін енгізген кезде мұқият болыңыз. Оны өзгерту үшін қолдау қызметіне хабарласу қажет болады.

  • «Сақтау» батырмасын басыңыз;

Назар аударыңыз! Сіз деректердің дұрыстығына жеке жауаптысыз. Алаяқтық жағдайында компания заңды шара қолдану құқығын өзіне қалдырады.

«Менің бонустарым» блогында сіз алған K.Bonus санын көре аласыз. Ал «Соңғы операциялар» блогында бонустардың қозғалыс тарихы қол жетімді. 

K.Bonus жарамдылық мерзімі:

  • 1 тоқсанда алынған бонустар (02.09.24 - 03.11.24) 3 қарашаға дейін жарамды.
  • 2 тоқсанда алынған бонустар (04.11.24 - 08.01.25) 8 қаңтарға дейін жарамды.
  • 3 тоқсанда алынған бонустар (09.01.25 - 31.03.25) 31 наурызға дейін жарамды.
  • 4 тоқсанда алынған бонустар (01.04.25 - 15.06.25) 15 маусымға дейін жарамды.

K.Bonus-ты Арнайы Sulpak бонустарына қалай ауыстыруға болады?

K.Bonus-ты Арнайы Sulpak бонустарына айырбастау үшін сайттың жоғары жағындағы серіктесті таңдап, «Бонустарды айырбастау» батырмасын басу керек.

Назар аударыңыз! 9, 10 және 11 сынып оқушылары үшін жарамды K.Bonus Club жазылымы қажет.

Sulpak сайтының беті ашылады, онда сіз K.Bonus-қа тіркелген телефон нөмірін көрсетіп, растау кодын алуыңыз керек:

Назар аударыңыз! K.Bonus сайтындағы телефон нөмірі Sulpak сайтындағы нөмірмен сәйкес келуі керек, егер олар әртүрлі болса, бонустарды айырбастау мүмкін болмайды.

Сіздің телефоныңызға Sulpak парақшасына енгізу керек растау коды келеді.

Әрі қарай, сіз бонус түрлендіргішін көресіз:

Мұнда сіз өзіңіздің kundelik.kz K.Bonus-ты Арнайы Sulpak бонустарды толығымен немесе ішінара айырбастай аласыз.

Бонустарды айырбастау үшін:

  • «Беремін» жолында бонустардың қажетті санын енгізіңіз;
  • «Айырбастау» батырмасын басыңыз;
  • «Растау» батырмасын басыңыз.

Бонустар айырбасталғаннан кейін сіз оларды Sulpak дүкендеріндегі тауарларға жұмсай аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Бағалар бар, бірақ бонустар есептелмейді. Kundelik қолдау қызметіне сілтеме бойынша өтініш беру керек: https://kundelik.zendesk.com/hc/en-us/requests/new.

K.Bonus Sulpak бонустарына айырбасталды, бірақ Sulpak жеке кабинетінде көрсетілмейді.

Мәселе бойынша Sulpak қолдау қызметіне сайт арқылы (төменгі оң жақ бұрышта хабарласу мүмкіндігі бар) немесе сілтеме арқылы хабарлау қажет:https://api.whatsapp.com/send/?phone=77083757055&text&type=phone_number&app_absent=0.

Неліктен тек 9,10 және 11 сынып оқушылары ғана қатыса алады? Бонустық бағдарламаны іске қосу кезінде 9 (тоғызыншы), 10 (оныншы) және 11 (он бірінші) сынып оқушыларына K. Bonus бағдарламасымен жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Болашақта оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша оң нәтижелер болса, бағдарламаның қолданысын кеңейту жоспарлануда. https://bonus.kundelik.kz  сайтында және «Оқушыларға арналған K.Bonus» нұсқаулығында бағдарлама шарттарының өзгеруін қадағалауға болады.

Was this article helpful?
464 out of 554 found this helpful
Have more questions? Submit a request

Comments

26 comments
  • Қап әттеген ай,7-8 сыныптарға болғанда ғой

    -2
  • Қайырлы күн, JEREMY Higlight!

    K. Bonus (Kundelik Bonus) - бұл «Күнделік» (Kundelik) ЖШС компаниясы әзірлеген әлеуметтік бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты kundelik.kz пайдаланушыларға мүмкіндік беретін бастаманы әзірлеу, оның ішінде:

    • Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру;
    • Тауарларды сатып алуға айырбастау үшін бонустарды жүйелі түрде жинақтау;
    • Серіктестердің бағдарламаларына тегін қатысу.

    Бонустық бағдарламаны іске қосу кезінде 10 және 11 сынып оқушыларына K. Bonus бағдарламасымен жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Болашақта оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша оң нәтижелер болса, бағдарламаның қолданысын кеңейту жоспарлануда. 

    https://bonus.kundelik.kz  сайтында және мына нұсқаулығында бағдарлама шарттарының өзгеруін қадағалаңыздар.

    0
  • сәлеметсіздер ме сонда олар тоқсан аяқталғанда өшіріліп қалады ма?😅 

    5тер бар жане токсандык 5 болды ол кетип калды ма?

    1
  • Қайырлы күн, Сезім!

    Мәселені шешу үшін сіздің поштаңызға хат жіберілді. Хатта сұрастырылған ақпаратты жіберуіңізді сұраймыз. 

    0
  • Қайырлы күн, Іңкәр Желдібай!

    Осы мақалада айтылғандай, тоқсанның соңында сізге барлық қорытынды бағаларды қойғаннан кейін K.Bonus-тар жеке парақшаңызға түседі, бірақ оларды S.Bonus-қа айырбастау тек 26.03.2023-ға дейін қол жетімді болды. Айырбасталмаған бонустар жойылады.

    Естеріңізге сала кетейік, сіз әлі 4 тоқсан бойынша жаңа бонустарды жинай аласыз.

    -1
  • 1 бонус канша тенге? Олар зат сатып алган кезде скидка берып, жойылып кете ма?

    0
  • Қайырлы күн, Айтбай Қарақат!

    Мәселені шешу үшін сіздің поштаңызға №2257294 хат жіберілді. Электрондық поштаңызды тексеруіңізді сұраймыз. 

    0
  • Мен Сулпакқа барғанда алдыңғы тоқсандағы күйіп кеткен бонустарды қайтарып алуыңызға болады деді ол қалай?

    0
  • Қайырлы күн, Nazka Tursyn!

    Мәселеңіз бойынша сіздің поштаңызға №2257432 хат жіберілді. Электрондық поштаңызды тексеруіңізді сұраймыз. 

    0
  • Менде K.Bonus енди ашылып жатыр менің бурыннан алған бағаларым сонда бонусқа жатпайма?

    -1
  • Саламатсызба каспий бонусымдагы номерди кате терп калп едм калай озгертуге болады

    0
  • Қайырлы күн, Bekzat 2005 05 11!

    Сіздің сұраңысыңызға №2257064 хатта жауап берілді. Электрондық поштаңызды тексеруіңізді сұраймыз.

    0
  • Қайырлы күн,  Margulan Zhaksylyk! 

    Бонустардың тоқсан бойынша жарамдылық мерзімдері бар, сол мерзімдерден асқанан кейін бонустар күйіп кетеді. Бұл бонус бағдарламасының талаптарының бірі. Әзірге, сізге, тек 4 тоқсаның бонустары 15.06.2023 дейін қолжетімді. 

    0
  • Қайырлы күн, Mininejdzi!

    Мәселеңізді шешу үшін сіздің поштаңызға хат жіберілді. Хатта сұрастырылған ақпаратты жіберуіңізді сұраймыз. 

    0
  • Сәлеметсіз бе өтініш 6-7сыныпта болсыншы

    1
  • Сәлеметсіз бе менде бонустар тұр бірақ оны ауыстыра алмай жатырмын көмек бере аласыздарма

    0
  • Сәлеметсіз бе? менде баға бар бірақ бонус көрінбейді? неліктен?

     

    0
  • Қайырлы күн, Мадина Нурмухамет!

    K. Bonus (Kundelik Bonus) - бұл «Күнделік» (Kundelik) ЖШС компаниясы әзірлеген әлеуметтік бағдарлама. Бағдарламаның мақсаты kundelik.kz пайдаланушыларға мүмкіндік беретін бастаманы әзірлеу, оның ішінде:

    • Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру;
    • Тауарларды сатып алуға айырбастау үшін бонустарды жүйелі түрде жинақтау;
    • Серіктестердің бағдарламаларына тегін қатысу.

     

    Бонустық бағдарламаны іске қосу кезінде 9, 10 және 11 сынып оқушыларына K. Bonus бағдарламасымен жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Болашақта оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша оң нәтижелер болса, бағдарламаның қолданысын кеңейту жоспарлануда. 

     

    https://bonus.kundelik.kz  сайтында және «Оқушыларға арналған K.Bonus» нұсқаулығында бағдарлама шарттарының өзгеруін қадағалаңыздар.

    0
  • Қайырлы күн, Ерхан Доненбай!

    Сіздің электрондық поштаңызға - # 2260208 хат жіберілді. Өтініш, поштаңызды тексеріңіз.

    0
  • Қайырлы күн, Dosanaaulym9!

    Сіздің электрондық поштаңызға - # 2260214 хат жіберілді. Өтініш, поштаңызды тексеріңіз.

    0
  • Қайырлы күн, Сая Дуйсетовна!

    Сіздің электрондық поштаңызға - # 2260218 хат жіберілді. Өтініш, поштаңызды тексеріңіз.

    0
  • Сәлеметсіздерме! Мен бонус аларды номерді қате теріппін, сол үшін зат ала алмадым. Оны қалай түзету болады?

    0
  • Телефон нөмірді өзгерту керек.Қалай өзгертемін.Қолдау қызметіне қоңырау шалсам қазірге сөйлесе алмаймыз деп жатыр.

    2
  • Мен 7 сынып оқушысымын сонда мен к. Бонусқа қатыса алмаймынба?

    1
  • Қайырлы күн, Наркиз Касымова!

    Сіздің электрондық поштаңызға - №2270800 хат жіберілді. Өтініш, поштаңызды тексеріңіз.

    0
  • Менде карта ашылған бағаларым бар неге бонус бермейді

    1

Article is closed for comments.