Ата-аналар мен балаларға арналған бастапқы парақшасында келесі блоктар қолжетімді:
Жаңалықтар таспасы
Блокта барлық жаңалықтар, жазбалар мен хабарландырулар көрсетіледі. Егер мектеп қызметкерлері осындай мүмкіндік берсе, хабарландыруларға түсініктеме беруге болады.
Компьютер:
Сайттың мобильді нұсқасы:
Бағалар
Блокта оқушыға қойылған пән бойынша соңғы бағалар, жұмыс түрі және баға қойылған күн көрсетілген. Бағалаудың түс дифференциациясы қолданылады:
- үздік және жақсы бағалар жасыл түспен ерекшеленеді;
- қанағаттанарлық - қызғылт сары;
- қанағаттанарлықсыз - қызыл.
Сабақ кестесі
Блоктағы ақпарат оқу күндері бойынша көрсетіледі. Келесі ақпарат көрсетіледі:
- кесте;
- үй тапсырма;
- бағалар;
- сабақтың тақырыбы;
- сабаққа түсініктемелер;
- сабақтағы маңызды жұмыстар;
- әр сабақтың өтетін күні және апта күні;
- сабақты өткізу уақыты;
- кабинет.
«Алға»/«Артқа» көрсеткіштері арқылы сабақ кестесіндегі басқа күннің сабақтарын көруге болады.
Маңызды жұмыстар сұр нүктелермен белгіленген:
Ескерту: мұндай хабарлама мұғалім сабақ парақшасында алдын-ала тиісті жұмыс түрін жасаған жағдайда ғана пайда болады.
- мұғалімнің сабаққа қойған түсініктемесі келесі таңбамен белгіленген.
- сабаққа тіркелген файл келесі белгішемен белгіленеді .
Ескертулер:
- егер сынып үшін ағымдағы кезеңге арналған сабақ кестесі жарияланбаған жағдайда (мысалы, каникул кезеңінде) блок щықпайды;
- егер сыныптың сабақ кестесі жарияланса, бірақ ағымдағы күні сынып кестесінде бірде-бір сабақ болмаса, блок шықпайды:
Сабақ туралы ақпарат
Сабақты басқан кезде оң жақта ол туралы ақпарат бар терезе ашылады:
Сабақ блогында ҮТ мәтіні, сабаққа арналған файлдар, баға қойылған жұмыс түрі көрсетіледі. - Белгішесін басу арқылы мұғалімге жазу мүмкіндігі пайда болады.
Егер мұғалім көрсеткен ҮТ-на файлды қосу баптауын орналған боласа, онда оны осы блокқа тіркеуге болады:
Пайдалы сілтемелер тізімі
Блокта ағымдағы есептік кезеңдегі бағаларға, ағымдағы аптадағы кестеге және оқушының ағымдағы үлгерімі туралы ақпараты бар парақшаларға өту қолжетімді.
Ескерту: егер ата-ананың парақшасында бірнеше бала қосылса, басты бетте оқушыны таңдау мүмкіндігі пайда болады.
Оқушыны таңдау беттің жоғарғы жағында аты-жөнін басу арқылы жүзеге асырылады:
Білім беру ұйымы мен сынып беттеріне көшу, сонымен қатар сынып жетекшісіне жазу мүмкіндігі бар.
Comments
Мен құпия сөзді ұмытып қалдым почта жоқ
Мен құпия сөзді ұмытып қалдым почта жоқ
Қайырлы күн, Нуржан Кадирбекович!
Сіздің электрондық поштаңызға - № 2284400 хат жіберілді. Өтініш, поштаңызды тексеріңіз.
Please sign in to leave a comment.