Оқушының парақшасындағы «Көшу» бөліміне қандай да бір өзгертулер енгізілмес бұрын, пайдаланушы жүйеге кем дегенде бір рет кіргеніне көз жеткізіп, жүйеде көрсетілген пайдаланушы аты мен аты-жөнін жазып алу қажет.
Жүйеде оқушы парақшасымен келесі операцияларды орындауға болады:
- бір параллель аясында басқа сыныпқа ауыстыру;
- оқу жылының соңында келесі сыныпқа ауыстыру;
- парақшаны білім беру ұйымынан шығару;
- мұрағаттан парақшаны қалпына келтіру.
Бұл әрекеттердің барлығы пайдаланушының көшуіне әсер етеді.
Әр оқушының кем дегенде бір рет өз парақшасына кіруі маңызды (яғни олар жүйеде тіркелуі тиіс).
- «Нақты» түріндегі ауысу оқушынының нақты белгіленген күнімен ұйымнан шығарылғанын білдіреді. Бұл жағдайда шығарудың нақты күнін белгілеу қажет.
- «Қате салдарынан» түріндегі ауысу пайдаланушының ешқашан ұйымда оқымағандығын және парақша қате құрылғанын білдіреді. Шығару күні талап етілмейді. Мектептен шығарудың осы түрін таңдаған кезде оқушыға қатысты барлық ақпарат және бағалары Жүйеден жойылады. Егер оқушы Жүйеге кемінде бір рет кірсе, барлық мәліметтерді қалпына келтіру мүмкіндігі бар. Ол үшін оның пайдаланушы атын біліп, оны ұйымға «Жүйеде бар пайдаланушы» ретінде қайта қосу қажет.
- Мұрағаттан «Нақты» түрімен қалпына келтіру, оқушы ұйымнан шығарылып, қайтадан сол білім беру ұйымына оралғандығын білдіреді. Бұл жағдайда ұйымға нақты келу күнін белгілеу қажет.
- Мұрағаттан «Қате салдарынан» қалпына келтіру, оқушының ұйымнан кетпегенін, бірақ оны қателікпен шығарғанын білдіреді. Бұл жағдайда дұрыс сыныбына келген нақты күнді белгілеу қажет.
Егер пайдаланушы бірнеше рет жойылса және қалпына келтірілсе, әкімшілер келесі көшу түріне тап болуы мүмкін:
Мысалы, оқушының бірнеше рет оқудан шығарылып, «Нақты» түрімен қалпына келтірілгені көрсетілген. Жүйе мұндай әрекеттерді «пайдаланушы ұйымнан бірнеше рет шығарылып, бірнеше рет қайта қалпына келтірілген» деп қабылдайды.
Мұндай жағдайда оқушының көшу туралы ақпаратын түзету үшін пайдаланушыларды қолдау қызметіне хабарласу қажет.
- «Нақты» типімен ауыстыру оқушы бір сыныптан екінші сыныпқа ауысқанын білдіреді (мысалы, 5-А сыныбынан 5-б сыныбына). Бұл жағдайда нақты аударым күнін белгілеу қажет.
- «Қате салдарынан» типімен ауыстыру бұл оқушының сыныпқа кездейсоқ қосылғанын және оны дұрыс сыныпқа ауыстыру қажет екенін білдіреді. Шығару күні талап етілмейді.
Мүшеліктің басталу күні келесі жағдайларда орнатылады:
1. Мектепке жаңа адамды қосу:
- «Мектепке әкімшілік ету» бөлімі -> «Жаңа адам» сілтемесі -> «Жаңа тұлға» немесе «Жүйеде бар пайдаланушы»;
- «Мектепке әкімшілік ету» бөлімі -> «Импорттау» сілтемесі.
2. Сыныпқа жаңа оқушыны қосу:
- «Мектепке әкімшілік ету» бөлімі -> «Сыныптар тізімі» сілтемесі -> сыныпты таңдау -> «Оқушылар» қойындысы -> «Сыныпқа қосу» -> «Жаңа тұлға» немесе «Жүйеде бар пайдаланушы»;
- «Мектепке әкімшілік ету» бөлімі -> «Сыныптар тізімі» сілтемесі -> сыныпты таңдау -> «Оқушылар» қойындысы -> «Импорттау».
3. Сыныпты мұрағаттан қалпына келтіру;
4. Сыныптар арасында ауыстыру.
Нақты ауыстыру кезінде жаңа сыныптағы мүшеліктің басталу күні ескі сыныптағы мүшеліктің аяқталу күні болып саналады.
Қате салдарынан ауыстыру кезінде (мысалы, оқушыны басқа сыныпқа кіргізді) жаңа сыныптағы мүшелік күні ескі сыныптағыдай болады.
Мүшеліктің аяқталу күні келесі жағдайларда орнатылады:
1. Мектептен шығару:
- нақты типімен шығару кезінде көрсетілген күн сыныптағы және мектептегі мүшеліктің аяқталған күні болып саналады;
- қате салдарынан (мысалы, оқушыны басқа сыныпқа кіргізді) шығарылса, ескі сыныптағы мүшелік жойылады.
2. Сыныптан ауыстыру:
- нақты ауыстыру кезінде жаңа сыныптағы мүшеліктің басталу күні ескі сыныптағы мүшеліктің аяқталу күні болып саналады;
- қате салдарынан ауыстыру кезінде (мысалы, білім алушыны басқа сыныпқа кіргізді) жаңа сыныптағы мүшелік күні ескі сыныптағыдай болады.
3. Сыныпты келесі оқу жылына ауыстыру;
4. Сыныпты мұрағатқа өткізу.
Мүшеліктің басталу және аяқталу күнін өзгерту үшін «Көшу» бөлімінде жүзеге асырылады. Ол үшін:
- «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
- «Адамдар тізімі» сілтемесің таңдау;
- сүзгіні пайдалана отырып оқушыны аты-жөні бойынша іздеу;
- өңдеу режіміне өту үшін, аты-жөні жанындағы қарындаш белгісіне басу;
- «Көшу» қойындысы өту.
Оқушының «Көшу» бөлімінде:
- ағымдағы оқу жылына кірмейтін сыныптар бойынша мүшелік күндерін өзгертуге болмайды;
- мүшелік күндері ағымдағы оқу жылында болмаса өзгертуге болады.
Бұл қойындыда негізгі мектепке де, ҚББ тобында да мүшеліктің басталу және аяқталу күндерін өзгерту мүмкіндігін береді.
Оқушының мектепте / сыныпта мүшелігінің басталу күнін өзгерту үшін сол жақ бағандағы мүшеліктің басталу күні бар сілтемені басып, интерактивті күнтізбені пайдаланып немесе оны қолмен енгізу арқылы күнді өзгерту керек.
Назар аударыңыз! Сыныптағы мүшеліктің басталу күні мектепке мүшеліктің басталу күнінен ерте болмауы тиіс. Мысалы, мектепте және сыныпта мүшеліктің басталу күні 01.10.2023ж., оны 01.09.2023ж. өзгерту қажет. Ол үшін алдымен мектепке мүшеліктің басталуын өзгерту керек - мектеп көрсетілген жолдындағы мүшеліктің басталу күннің сілтемені басу қажет. Осыдан кейін сыныптағы мүшеліктің басталу күнін өзгертуге болады - сынып көрсетілген мүшеліктің басталу күніне сілтемені басу арқылы.
Оқушының мектептегі/сыныптағы мүшелігінің аяқталу күнін өзгерту үшін оң жақ бағандағы мүшеліктің аяқталу күні бар сілтемеге басып, интерактивті күнтізбенің көмегімен немесе күнді қолмен енгізу арқылы өзгерту керек.
Ескерту: мүшеліктің басталу күні сияқты, сынып мүшелігінің аяқталу күні мектеп мүшелігінің аяқталу күнінен кеш болмауы керек.
Оқу тобындағы мүшелік
Оқушының журналдарда дұрыс көрсетілуі үшін топтағы мүшеліктің басталу және аяқталу күндерін дұрыс қою қажет.
Оқушының мүшелік ету күні осы оқу кезеңіне кірген кезде ғана ол журналда көрсетіледі. Сонымен қатар, егер ол осы уақытта сыныпта болған жағдайда ғана оған баға қоюға болады.
Мысалы, егер сыныпта оқушының мүшелігінің басталу күні - 10 қыркүйек болса, онда бірінші тоқсанда журналда ол көрсетіледі, бірақ 1 қыркүйекке бағаны қою мүмкін болмайды. Оқушыға бірінші тоқсан үшін баға қою үшін сыныпқа мүшеліктің басталу күнін 1 қыркүйекке өзгерту қажет.
Топта мүшеліктің басталу күні оқу тобын құру кезінде белгіленеді. Оқу тобындағы мүшеліктің басталу күнін өзгерту үшін:
- «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
- «Сыныптар тізімі» сілтемесің таңдау;
- керекті сыныпты таңдау;
- «Оқу топтары» қойындысына өту;
- керекті топты таңдау.
Топта оқушы мүшелігінің басталу күнін өзгерту үшін сол жақ бағандағы мүшеліктің басталу күні бар сілтемеге басып, интерактивті күнтізбенің көмегімен немесе оны қолмен енгізу арқылы күнді өзгерту керек.
Топтағы мүшеліктің аяқталу күні топтан шығарылған кезде белгіленеді. Оқу тобындағы мүшеліктің аяқталу күнін өзгерту үшін:
- «Әкімшілік ету» бөліміне өту;
- «Сыныптар тізімі» сілтемесің таңдау;
- керекті сыныпты таңдау;
- «Оқу топтары» қойындысына өту;
- керекті топты таңдау.
Топтағы оқушының мүшелігінің аяқталу күнін өзгерту үшін оң жақ бағандағы мүшеліктің аяқталу күні бар сілтемеге басып, интерактивті күнтізбенің көмегімен немесе күнді қолмен енгізу арқылы өзгерту керек.
Ескерту: топтағы мүшеліктің аяқталу күні сол топтағы мүшеліктің басталу күнінен бұрын болмауы тиіс.
Көшудегі байланыс
Мүшеліктің басталу / аяқталу күнін қою кезінде келесі ережелер қолданылады:
- Мектептегі мүшеліктің басталу күні барлық сыныптарда / топтарда мүшеліктің басталуынан кейін болмауы тиіс.
- Мектептің мүшелікті аяқтау күні барлық сыныптарда / топтарда мүшеліктің аяқталуынан ертерек болмауы тиіс.
- Сыныптағы оқушының мүшелігінің басталу күні болуы керек:
- ағымдағы оқу жылында;
- мекетпке мүшеліктің басталуына дейін;
- басқа сыныпқа мүшелік мерзімі аяқталғанға дейін, яғни оқушы бір уақытта екі сыныпта бола алмайды (жаңа сыныпқа мүшеліктің басталу күні алдыңғы сыныпқа мүшеліктің аяқталу күнінен кешіктірілуі керек және олар бірдей болмауы керек).
- Пайдаланушының сыныптағы мүшелігінің аяқталу күні болуы керек:
- ағымдағы оқу жылында;
- осы сыныптағы мүшеліктің басталуына дейін;
- ұйымдағы мүшеліктің аяқталуына дейін.
- Пайдаланушының топқа мүшелігінің басталу күні:
- ағымдағы оқу жылында;
- сыныптағы мүшеліктің басталуына дейін.
- Пайдаланушының топтағы мүшелігінің аяқталу күні:
- ағымдағы оқу жылында;
- сол топқа мүшеліктің басталуына дейін;
- өз сыныбында мүшеліктің аяқталуына дейін.
- Оқушы бір сыныпта бір уақытта бірнеше топта бола алады.
- Егер оқушы сыныптан шығарылса (ауыстырылса), сыныпқа мүшеліктің аяқталу күні осы сыныптағы барлық топтар үшін мүшеліктің аяқталу күні болып табылады.
Comments
Please sign in to leave a comment.