Белгілі бір пайдаланушыға өзінің парақшасына кіруді шектеу үшін (достарға қосуға, жеке хабарларды жазуды болдырмауға және т.б.), пайдаланушыны қара тізімге қосуға болады.
Ескерту: пайдаланушыларды қара тізімге қосу мүмкіндігі тек кем дегенде бір досы бар пайдаланушыларда пайда болады.
Егер бұл пайдаланушы достар тізімінде болса:
- достар тізімін ашу;
- керекті пайдаланушының аты-жөні жанындағы құс белгісін басу;
- беттің төменгі жағында «Қара тізімге енгізу» дегенді таңдау қажет.
Пайдаланушы достар тізімінде болмаса, онда:
- «Қара тізімге» кіру / «Kundelik.kz бойынша іздеу» жолына өту;
- керекті пайдаланушыны аты-жөні бойынша табу;
- «Қара тізімге қосу» тармағын таңдау.
Қара тізімнен адамды шығару үшін:
- «Қара тізімге» өту;
- қажетті пайдаланушының жанындағы «Қара тізімнен алып тастау» батырмасына басу қажет.
Ескерту: қара тізімнен жойылған пайдаланушы «Менің достарым» тізіміне оралмайды.
Comments
Please sign in to leave a comment.